• Мәдениет
  • 01 Желтоқсан, 2022

ТАНЫМАЛ СУРЕТШІЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН ТАМАШАЛАЙДЫ

«Samsung» компаниясы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Меморандум шеңберінде ұлттық сурет өнерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қазақстандық кескіншілердің жұмыстары насихатталады. Серіктестік Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен мүмкін болды.

Серіктестіктің бірінші кезеңінде «Samsung The Frame» теледидарына орнатылған «Өнер дүкені» (Art Store) қолданбасына музейден алын­ған 20 цифрланған картина қосты. The Frame ин­новациялық цифрлық кенеп пен заманауи жақтаудағы картина іспеттес. Лайфстайлдық теледидардың иелері әлем мұражайларының ең танымал суретшілерінің жинағынан алынған екі мыңнан астам керемет өнер туындыларын тамашалай алады. Соның ішінде Лувр, Альбертина, Прадо, Yellow Corner, Виктория және Альберт, Берлинский мемлекеттік музейінен және т.б. алынған туындылар бар. Енді осы тізімге біздің «Қастеев» музейі де қосылды. «Өнер дүкені» Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» (1969), Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» (1959), Молдахмет Кенбаевтің «Асауға құрық салу» (1961), Қанафия Телжановтің «Көкпар» (1960), Николай Хлудовтың  «Киіз үйде» (1891)  және т.б. отандық суретшілердің туындыларымен толықты. Осы туындылар «Samsung Account» есептік жазбасымен авторизацияланған пайдаланушыларға Қазақстан аумағында жарты жылға қолжетімді. Қазақстандық суретшілердің туындыларын орнату үшін жазылым керек емес.

Сонымен қатар Қастеев музейінің орталық холында әртүрлі диагональдағы «The Frame» теледидарлары орнатылған қабырға пайда болды. Олардың кейбірінің экранында отандық және әлемдік суретшілердің жарқын туындылары көрсетіледі. Ал қалғаны келушілермен коммуникация үшін қолданылып, музейде болып жатқан іс-шаралар туралы хабарлайды.

Samsung «Қазақстан бейнелеу өнерінің 100 жауһары» альбомын әзірлеуге қаржылық қолдау көрсетті. Бұл Қастеев музейінің маңызды мәдени жобасы – қазақстандық суретшілердің, графисттердің және мүсін шеберлерінің әлемге танымал жұмыстары арқылы ұлттық өнердің сан қырлы даму тарихын көрсетеді.

Мәдениетті қолдау – компанияның корпо­ративті миссиясының бір бөлігі.

«Ең нақты құндылықтар біздің болмысымыздың образдық түсінігін жеткізетін өнерде көрсетілген, –  деп «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының аудио және бейнетехника бөлімінің маркетинг жөніндегі менеджері Евгения Волкова атап айты. – Біз инновациялық өнімдерді әзірлейміз және әлемдік көркемөнер мұрасының бір бөлігі ретінде қазақстандық өнерді зерттеу мен сақтауға өз үлесімізді қосуға тырысамыз».

Еркін ҚАЛДАН

1857 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы