• Ақпарат
  • 08 Желтоқсан, 2022

Мыңжылдықтар тереңіндегі сөздер

«Авеста» түркілік аумақтың туындысы

Соңғы жылдары елімізде тарихи лингвистикалық зерттеулер көбейіп келеді. Оның артықшылығы –тарихымызды түсіндіруде Кеңестік дәуірде қалыптасқан жүйелер мен үлгілерден алшақтауға, жаңа тұжырымдар мен пайымдауларға жол ашты. Осыдан жүз жыл бұрын Әлкей Марғұлан бастапқыда бұл еңбектің далалық ортада, Тұран кеңістігінде жасалғанын байқаған.Көптеген ғасырлар бойы ауыз­дан-ауызға өтіп, оңтүстік аймақтарға тарап келе жатқан бұл шығарма бірнеше рет өзгергеніне қарамастан,  туған жерінің тамырын сақтап қалған.Ол Олжас Сүлейменовтің болжамдарында мыңдаған жылдардың алдындағы  генетикалық іздер ретінде көрінеді.
И.С. Брагинскидің қорытындысы бойынша «Авестаның негізгі бөліктері ауызекі жатталып сақталғаны сөзсіз». Авеста әліпбиін әзірлегеннен кейін, кең ауқымды түсініктемелері жазыла бастады. Пазенд негізінен Авестаға немесе аудармаларға түсініктеме (Зенд) жазу үшін пайдаланылды. «Пазенд» сөзі, сайып келгенде, авесталық паити зайнти сөзінен шыққан, оны «түсініктеме мақсаттары үшін» немесе «түсінікке сәйкес» (фонетикалық) деп аударуға болады. «Паити-пайымдау, түсіну, зайнти – зейін» сөздерінің қызықты үндестігіне назар аударайық. Сонда зейінмен пайымдау яғни зейін салып түсіну немесе пайымдау зейінмен яғни зейін қойып түсіну. Пазендавесталық әліпбидің нұсқасы. Парфияда V ғасырға қарай әзірленген фонетикалық әліпби болды. Пазенд екі сипаттамаға ие, олардың екеуі де бірқатар зерттеушілердің пікірінше, пехлевиге қарсы тұруы керек. Пехлеви бар болғаны абджад болды.Абджад бұл дауысты дыбыстарды оқырманға қалдырып, тек дауыссыз дыбыстар көрсетілген жазу жүйесі.Мысалы: Ахт - Ах(а)т, кроз (к(о)раз, Хрезм-Х(о)резм.
Араб, Иврит, Арамей және Пехлеви сияқты қазіргі заманғы абджадтардың көпшілігі «таза абджадтар емес», себебі оларда кейбір дауысты фонемаларға арналған таңбалар бар. Сондай-ақ  кейбір зерттеушілер Пазенд – Авеста жазуының тікелейатасы, пехлевидің ең қолайлы нұсқасы деп санайды.Парфия тілі Пехлеви жазу жүйесін қолданды. Парфия тілін қайта құруда манихейлік мәтіндер маңызды рөл атқарады, олар ежелгі уақытта манихейлікті мойындаған Орталық Азия, Алтай, Батыс Сібірдің түркі халықтарында сақталған.
«Авеста» мобедтермен абыздардың ауызекі айтуымен солтүстіктен оңтүс­тікке тарады. Зерттеушілер зо­роастризм­­нің парсыларға Шығыстан, Орталық Азиядан таралғанына назар аударады. Олардың пайымдауынша  «шығыстан зороастризмді мидиялықтар мен парсыларға әкелген миссионерлер жаңа дінді уағыздау үшін олардың тілдерін игеруі қажет болды». Абыздардың діни шығармаларды жазу үшін жазуды қолданудан бас тартуы, ежелгі парсы зороастриялық әдебиетінің жазылмай, ауызша таралуына ықпал етті. Ол  мәтіндер тілдің өзгеруіне байланысты бізге  орта парсы тілінде жетті.
III ғасырда Сасанидтер әулеті кезінде грек жазуымен қатар парсы кеңселерінде арамей әліпбиінің әртүрлі нұсқалары – хорезмдік, соғдылық, парфиялық, пехлевилік, мидиялық (армаздық)әліпбилер қолданылды. Сатрапиялар (автономды аймақтар), «парсы тілін қабылдамай, ескі тайпалық бөліністерге сай, өзіндік парфиялық, соғдылық және т.с.с. тілдерін қалыптастырған» (Мэри Бойс).
Сасанидтер Авестаны әртүрлі әліпбилерде, әртүрлі жазбалардан алыппайдаланды (И.Брагинский). Парфия жазбасын қолдануға тыйым салынды.Парсы тілін жалғыз ресми тіл ретінде қолданатын қатаң шешім қабылданды. Көмекші діни әдебиеттер мен Зенд жазбалары орта парсы тілінде жазылған.Бұл тіл осы үдеріс арқылы «парфия сөздерінің көп бөлігін иеленіп, пехлеви әдебиетінің зороастрлық кітаптары осылайша аралас, өз алдына көне болып келеді. Парфия тілі – парсы тілінің маңызды элементі ретінде сақталғанына қарамастан, зороастрлық діни әдебиеттің тек ортапарсы нұсқаларында танымал болуы қате тұжырымды бекітуге әкеліп соқты... тап бір парфиялық зороастризм іс жүзінде болмағандай және сенім тек Оңтүстік патшалықтың қамқорлығы арқасында сақталғандай (яғни парфяндықтардың талпынысы емес, парсылардың арқасында)» (Мэри Бойс).
Кейбір зерттеушілер авеста тілі V ғасырда жойылып кеткен деп есептейді.  Авестадан кейінгі кезеңде қарым-қатынас тілі пехлеви болғанын айта кету керек. Фирдауси «Шахнамеде» «Ол кезде пехлеви тілі болды» – деп атап өтеді. 
Авеста тілінің із-түссіз жойылуы мүмкін емес, оның өзгеріске ұшырап, Авестаның негізгі оқиғалары болған аймақтар – Орталық Азия, Оңтүстік Қазақстан халықтары тілдеріне әсер еткені анық. Ю.Жұманазаров: «...қазіргі Хорезм халқының сөздерінде, көне хорезмдік тайпалардың көптеген сөздері сақталған» – деп атап өтеді  (Иран-нама, 2015, 446-бет). Хорезм тілі тарихын зерттеуші ғалым А.Р. Матниязовтың пайымдауынша, XII – XIII ғғ. хорезм тіліндегі жазба ескерткіштерінің лексикасында Авестаға ұқсайтын жеке сөздер кездеседі(Иран-нама, 2015, 447-бет).
В.И. Абаев халықтар мен мәде­ниеттер із-түссіз жоғалып кетпейді, Орта Азия  халықтарының тілдерінде хорезмдіктер, соғдылықтар, бактрия­лықтар,ферғаналықтар, сақ-массагет тайпаларының тілдері араласып сақталған деп атап өтеді (Иран-нама, 2015, 442-бет). А.Р. Матниязов «хо­резмдік, авесталық тілге ұқсас сөздер оғыз диалектісінде сөйлеген аймақтарда таралған. Бұл аймақтар Қарақалпақстан, Бұхара (Қаракөл мен Алат аймағы), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және Түркіменстан (Ташауз облысы). Аталған аймақтардың тұрғындары шығу тегі хорезмдік және авесталық сөздерді көп қолданады»-деп, тұжырымдайды(Иран-нама, 2015, 445-бет).
В.И. Абаевтың айтысынша: «Гат тілі «протоскифтік» немесе «протохорезмдік», «протосоғдылық» тіл». Махмұд Қашқари: «парсылармен араласа келе, көптеген түркі сөздері ұмытылған, парсы сөздерімен алмастырылған» деп пайымдайды (Диуани лұғат ат-Түрк, 27-бет).
Авеста тілі, пазендтік, пехлеви және ары қарай парфяндық, көне сақтық және қазіргі заманғы түркі тілдеріне дейінгі көпір сияқты тікелей байланысын көрсететін маңызды негізге ие. Палеолингвистиканың әдістері көне тілдер мен жазбаға дейінгі қайта құрылымды қосатын, ежелгі байланыстардың немесе ассимиляцияның нәтижесі ретінде тілде басқа тілдің тамырын анықтау, тілдердің Тарихқа дейінгі креолденуі мен будандастырылуы, тілдік отбасылардың таралуының археологиялық мәдениеттер қозғалысымен байланысы туралы болжамдарға негізделеді.
Қазіргі лингвисттер олардың бірқатарын жоққа шығарады, оның ішінде жаппай лексикалық салыстыруға негізделгендерді, онда сілтемелер дыбыстық және мағыналық жағынан ұқсас, фонологиялық сәйкестіксіз немесе тіпті «этимология» ретінде белгіленген сөздердің жиынтығы арқылы көрсетіледі. Кейбір лингвистер бұл тәсіл кездейсоқ тілдердің тарихи дамуынан пайда болған ұқсастықтардан, ал тілдердің тарихи дамуынан пайда болған ұқсастықтарды тіларалық қарым-қатынастан пайда болған ұқсастықтан айыруға мүмкіндік бермейді деп ойлайды. Пікірталастар әлі жалғасуда.
Алайда В.С. Соколова есімді ресейлік ғалымның Авестаның шыққан жерлеріне сақтардың қатысы жоқ деген үзілді-кесілді мәлімдемесімен келісуге болмайды. Егер оның «Авеста бұл – Заратуштраның тілі» тұжырымдамасы дұрыс болса, «солтүстік-батыс Тұран жеріне жататын Ранха жағалауында дүниеге келген тіл» деген Авестаның өзіндік мәлімдемесін не істейміз?
Пазендтік, пехлевийлік және Авес­та сөздерінің бірқатары түрік, угор, қыпшақ, қазақ сөздерімен ұқсас болуы, үндестігі назар аудартады.Біздіңше табылған бір тістің иесінің өмір сүру уақыты  мен гаплотобынзаманауи әдістерді қолдана отырып анықтайтын палеогенетиктер сияқты,палеолингвисттер де осындай сирек элементтерді ежелгі және қолданыстағы тілдердің байланыстырушы жіптері ретінде қолдана алады.

Авесталық–пазендтік – пехлевийлік–парфяндық – тұрандық, түркі-қазақ сөздігі

Abastāg (пехлев.) – «Авеста» – А бастак, А баста, О бастан, басынан бастап (Т.Еңсегенұлы, С.Оспанов)
Abay (авест.) – қирату, опат болу, апат (қаз.) – қайғы, апат (Р.Г. Сыздықова, К.Ш. Хусаинаменредакцияланған. Қазақ-орыс сөздігі. Алматы, 2008)
Ad (айд) – айту (қаз.)
 Arədvī Sūrā Anāhitā) авест. Арэдви Сура Анахита. Өзен – асыраушы, Авестада оған, «ұлы, даңқты», «Хукарья шыңынан (Памир,Гиндукуш)Ворукаша теңізіне (Арал теңізі) дейін ағатын, «жеті кашварға» арналған ең үлкен яшт «Ардвисур» делінген.  Әмударияның ежелгі атауы.
 Arezah, авест., – шайқас, арасат (қаз.), арпалыс – қиын күрес, қақтығыс
aiwi.gatai авест. – жау, пехл. ēbgat(īh), жатай, жат - бөтен
aži-dahāka- авест., Ажи дахака, «Дахаканың жыланы», үш басты жылан, барлығын жоятынжалын­ның сипаттамасы; Айдаһар,алып жылан(әждаһа).
Āzay (азау) – «ашкөздік». Az (az): «ашкөздік, қажеттілік, ашуланшақтық, қызғаныш, ұят, құмарлық, кек, жалқаулық, адасушылық және жала». 
Azah, авест. – тұтқын, қиын жағдай. Азап (қаз.) – қайғы-қасірет көру, азар, реніш, азарлау, ашулану, қысым көрсету, ренжіту.
«aka – manah»(авест.) – зұлымдық ойлау (О.Чунакова, Пехлевийлік сөздік, 21-бет). Ақымақ (қаз.) – ақылсыз, жамандық ойлау.  
Албурз, Харбурз. Пехл. harburz; Альбурс – солтүстік Ирандағы таулар
Аlaksandar ī hrōmāyīg, пехл. Александр Македонский. Александр «өңделген бұқа терілерінде алтын сумен жазылған бүкіл Авеста мен зендті ... тартып алып өртеді». Ескендір Зұлқарнайын. 
Anya (авест.) – басқа, өзге (Соколова, 267, 412 беттер), анау (қаз.) – сол, ол, сонау
Аsmān пехл., asmanавест. Асман – «Огуз-намадағы» аспан, аспан (қаз).
Ahriman пехл., авест. aŋra-mainyu-, Ахриман, Анра - ман қазақтың аңыра ман сөзімен үндес, маңырап кетті – қойдың маңырауы. Апат кезінде, қорқынышты жалын ағысы келгенде жердегінің бәрі зарлады, қойлар маңырады, қасқырлар ұлыды. Фирдоуси «Шахнамеде»: «Ахрыман шайтан… Өзінің арам пиғылын жүзеге асырып, Әлемді қасқырдың ұлыған дауысына толтырды. Бундахшинде: Ахырманның, тозақтағы диюлар мен күнәһарлардың айқайынан «жеті кишвардың жері дірілдейді» делінген.
Ahun – em vari, Bairi ahyn, авест., – Баири ахун – байырғы ақын, ежелгі ақындар
atar (авест.) – от 
аша (авест.) – шындық, ашып айту – шындықты айту
аша бахишта (авест.) – шынайы дұға, бағыштау (қаз.) – дұға бағыштау
aēšmā-, аешма (авест.) – «ашу,  зұлымдық». Ашу (қаз.) – ыза, кек, қаһар.
a=masa (авест.) –өлмейтін, өлмес (қаз.) – өлімсіздік, өшпес
a-yru (авест.) –тұрмыс құрмаған, ару (қаз.) – сұлу

Б
Bag (авест.) – тағдыр, бағын сынау (қаз.) – тағдырын сынау
baiy (авест.) –ауа, ауа (қаз.) 
bawri, авест., бобр, бабр (огуз), құндыз. Бұл (Ырғыз)  өзеннің орманында юдалар бабр деп атайтын жануар бар, ол жануардың терісі әдемі» (Әл-Идриси. «Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі»).
bk’l пехл., бақыл, паз. Ьакэуг, Тұранның билеушісі Афрасиаб бекінісіндеорналасқан таудың атауы. Бекініс – күзет бекеті ретінде. Бақылау, аңду, қадағалау.
Buz пехл, авест. Bũza - ешкі, buza-he – жабайы, бұзақы,тау ешкілері туралы айтылған болуы мүмкін.
Ваэсака, авест., Висе, фарси, Бай сак, Байзак – сақ, тұран руларының көсемдерінің бірі, әскери қолбасшы, «Шахнамеде» Ваэсак – Висе, Пешенгтің ағасы және Пиранның әкесі, Тұран әскерінің басшыларының бірі.
Г
Gyān(авест.) – жан, адам, жан(қаз.)
Gāhān пехл., авест. gāSā. Жаса.Авестилік gāθā – ежелгі үндімен байланысты gāyati «ән айту», gātha- «ән салу, ән шырқау». Гаттар жатталып, ғасырлар бойы ауызша тарап келді. «Гат» және «жад – есте сақтау» сөздерінің үндестігі және олардың семантикалық жақындығы назар аудартады. Жад, жаттау-жатталынған. Ақселеу Сейдімбек түркі тілдерінде «шежіре» деген анықтама бар екенін атап өтті, оны жыраулар (абыздар) ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Тува тілінде «шээжилээр», «жаттап алу», «жатқа білу» дегенді білдіреді. Моңғол тілінде «цээжээр» –   «жатқа білу», «жаттап алу», башқұр тілінде «шэжэрэ» - «жатқа айту» деген мағына береді.

Д
dāĩ паз., dahyav, dahyu, авест., – мемлекет.Дахи, Каспий теңізінің шығысындағы жерлерді мекендейтін көшпенді тайпалар. Дахестан, дахи-парндар Парфяндық империяның негізін қалаушылар. Қазақтар мен түркмендер құрамындағы адайлар, дайлар.
dastwar Пехл., от авест. dąstvā-, f. «діни ілімдер». Дәстүр, абыз – діни ілімнің білгірі, теолог, сенім, дәстүр, оттың негізгі ғибадатханаларының қызметшісі. Дәстүр, әдет-ғұрып.
dēw, авест. daēva-, m – дию. «Авестада» диюлар алдымен адамдармен байланысқа түседі, содан кейін олар соғысып, олармен шайқаста өледі. Дэвтар (дию) – жындар – жынды – алмасты – албасты – сорлы. Мүмкін, Орталық Азияның неандертальдары, Мазендерана (мазани диюлары) туралы айтылып отыр.
dunman (авест.) – тұман, тұман (қаз.)
Ден. пехл. dēn, авест. daēnā – маздаясниялық сенім, зороастриялықтар каноны. Дін, сенім, діни сенім, дін. Дені  – қалыпты, толыққанды, деңгейлесу. 
Дин дабире, ден дибирих, ден, дін дабыры, ден(авест.), дін дүбірі (қаз.) – діннің үнді дыбысы.

З
zardušt пехл., авест. zaraθuštra-, m. Зардушт, Порушасптың баласы (Беріш аспа) Спитам (Спатай) тегінен, Дауданның (Даудай) анасы, Ранха (Волги) өзенінің жағалауында дүниеге келген, солтүстік-батыс Тұранда,  зороастризм дінінің негізін салушы, пайғамбар, б.з.д. VII–VI ғғ. өмір сүруі мүмкін. Заратуштра, Зердешт (Фирдоуси). Зерделі (қаз.) – ақылды.
zrvan авест., пехл. zurwān, зурван – «уақыт». Зурван ақырана – шексіз уақыт. Заман (қаз.) – уақыт. Зар заман – сағыныш пен қайғы заманы, Ахыр заман – соңғы уақыт, жыларман заман,апаттар уақыты.
sūzan паз., авест. sūkā –ине, жұқа (қаз.) – жіңішке, ине – жіңішке ине.
jya (авест.) – адырна, жай тарту (қаз.) – адырнаны тарту
jafnay (авест.) – алқап, алқап(қаз.)

И
ит а – ит, «Авестада» дөрекі сөз: итэ-ита-ятна – ахмай. Қазақ тіліндегі дөрекі сөз: ит, итсің ғой, ит ай. 
Й
yöista авест. «Құрбандық шалды оған, Фриянның ұлы, тур Йошта да
  Байтақ Ранха өзенінің Ағысындағы аралда».
Йошта – «жасырақ, ең жасы» (А.Амбарцумян), (йошты, жашты, жасты),  жас (қаз.) – кішкентай, балғын, жастық, 13-тен 15-ке дейінгі жас – жасөспірім, йаш (М.Кашгари, с.743) – жасыл, балғын, яшь – татарша– жас, тәжірибесіз.

К
Kapastay (авест.) – індет, соғыс кезіндегі шабуыл уақыты, қапас (каз.) – ауыр, жағымсыз жағдай, ауыр жағдай
Karana(авест.) – көлбеу, қыр (қаз.) – таудың қыры, шеті.
kargās пехл., kahrkāsa авест. – құс, айрық, қарға (қаз.), қарғау
karsvar авест. Каршвар – көрші, қарсы. «Авестада» жеті каршвар, жеті көрші мемлекет: Ишката, Парута, Бахди, Моуру, Нисайа, Согдиана, Хорезм, бойында орналасқан (Амударьи) Харадан, Хукарья (Памира, Гиндукуша) Воурукаша теңізіне дейін орналасқан (Арал теңізі).  
kisvar (пехлеви) – кишвар.Каршварлармен бірдей мағынадағы сөз, бірақ киш сөзіне мән көбірек бөлінген – қыстау сияқты (киш, кыс). Салыс­тыру үшін кишлак. Бундахишна бойынша жеті кишвар: шығыс Кишвар савах деп аталады, батысы – Арзах, екі оңтүстігі – Фрададафш және Видадафш,екі солтүстігі – Ворубаршт пен Ворузаршт  және орталығы – Хванирас, өзгелерменалты шекарасы тең.Жеті кишвардың адамдары қой мен сиыр сүтімен қоректенеді. (О.Чунакова, Пехлевийлік сөздік. 135-бет). Хванирас, Хванирата, мүмкіндігі жоғары кишвар, Ферғандық мекенде орналасқан. Хван – қуан, қуаныш мекені. 
Жеті кишвар алдымен Бундахиш­надағыдай, кейіннен «Авестадағыдай»  аталған сияқты көрінеді. Бундахишнада: «Тиштар жерге жаңбырды төккен кезде, «аймақ жартылай суға толып, жеті бөлікке бөлінген» және «олар кишвар деп аталған».
Katar (авест.) – екеуінің қайсысы, қатар (қаз.) – жанында.
kwlwšk (kurušk) пехл. Құйыршық, аңыз қойы. Қара құйрық, джейран
kэrэwan – күзетуші (Соколова, 330 - бет), қарау (қаз.) – аңду, қарауыл

М
Mazdah (ahura- mazdāh) авест. О.Чунакова Ахура-Маздаға келесідей мінездеме береді «Зардушт оның басын, қолын, аяғын, шашын, жүзін және тілін» көрген және оның «киімі адамдардікіндей», бірақ ол «жеңілмейтін рух» және «оның қолынан ұстау» мүмкін емес. Басқа мәтінге сай, әділ Вираз «жарықты көрген және оның дауысын естіген, бірақ оның денесін көрмеген». Біздің ойымызша, Ахура (Ахыра)-мазда жерге ақыра түскен жалынды астероидті-метеоридті апат. Осы жойқын от массасынан жылқылар мен сиырларды өртемей шұңқырлармен сайларда тек күйген қаңқаларын қалдырған жалынды атап өтсек болады. Күйген жануарларды тағам ретінде қалдырған бұл қолайлы процесс қазақтардан маздау, маздап жану сияқты жеке атау алды(А.Қыраубай, С.Оспанов). Лаулап жану, маздану. «Үй ортасында маздап жанған түтінсіз от бар» (М.Әуезов). Алма Қыраубаева қазақтың «оттың маздап жануының» Ахура Мазда ұрпағының дәл осындай отымен байланысты деп пайымдайды. «Авеста» мәтіндері аудармасын парсы тіліне аударғанда «Ахура мазда», «Ормазд» ретінде көрсетілуі, авторлардың қиял санаттарына әкеліп, оның мағынасын бұрмалайды және шатастырады. 
māh пехл., авест. māh – ай, ай (қаз.).
mōwbad пехл. – мобед, абыз– от ғибадатханасының қызметшісі. Мүмкін, моубед – мәмбет.
Mēzd пехл., авест. myazda –жемістер мен басқаларының атауы (алғашында қатты түрі),  мейіз (қаз.) –кептірілген жүзім.
Mouru авест., Моуру, жеті кашвардың бірі, Мерв, Мары

Н
Naeza (авест.) – үшкір,үшкір найза (қаз.)
nask пехл., авест. *naska-, naskō.frasa-, Adj. «наск зерттеушісі». Авеста мәтіндеріндегі 21 кітаптың әрқай­сысының атауы. Насктардың мазмұнын есте сақтау – абыздардың міндеті. Наскті абыздар дінге сенуші адамның төсегінде жеті күн және жеті түн оқыды. Назарлау (қаз.)назар аудару, насихат (қаз.) – адамгершілік, білім.
Нэрэман, авест., Нариман – Тұран әскерінің басшыларының бірі

П
паити зайнти (пазенд) – түсінікке сай. «Паити-пайымдау, түсіну, зайнти – зейін» сөздерінің қызықты үндестігі,  назар аудару. Сонда зейінмен пайымдау-зейін салып түсіну немесе пайымдау зейінмен-зейін қойып түсіну.
Pil – піл, піл (қаз.).
pēšānsēh (pyš’nds) (pyš’nsh,) пехл. – Пешенасех. «Дамавенд тауы жанында» жазықтағы «жусаннан жасыл» атауы.  Печенегтерге қарай сызық сызу мүмкіндігі бар. Печенегтер Орталық Азиядағы печенег тілінде сөйлейтін, оғыздар тобына жататын түркі этностық тобы болған. Фирдауси, «Шахнама»: 
«(Афрасяб) патшаны (Пешеннің әкесі) сөгіп былай дейді:
«Әміршім, ескі соғыстың қайта жандануы сенің кінәң емес пе?» (340-бет).
Пешене (қаз.) – тағдыр. Печенегтер (пешене) этностық тобы өздерінің тарихи Отаны Сырдария жағасы, Тұранда өз тағдырларын, шығу тегін әйгілі Афрасиабтың әкесі, Тұран патшасы Пешенемен байланыстырып, өздерінің тұмары ретінде өзіндік атау «пешенелерді» алған болуы керек. Дала халқы, жусан даласында өмір сүретін  пехлевийліктердің өз атауларын жусанмен байланыстыруы табиғи.

Р
Ranha (авест.) – Ранха, Еділ.Клавдий Птолемей, Аммиан Марцеллин, Геродот -  сақтарда Волга – Ра деп аталған, лат. Rha. А.Кляшторный, Т.Султанов: 
«Ранха, Волганың көне атауы екені айдан анық. Авестадағы Заратуштрада: «Егер Ахура берген жерге, Ранханың кең суына және өзімнің үйіме аман жетсем». «Фриянның ұлы Тур Йошта, Стремниндегі аралда, кең Ранха өзенінде, жүзжылқы мен мың сиырды және мириад қойларын оған құрбандыққа шалды». Ранхада (Еділ) құрбандық шалатын арал біреу ғана, ол – Сарпиндік арал (сарп – құрбан).
Rasman (авест.) – жауынгерлік тәртіп, рәсім (қаз.), ереже
Ratav (авест.) – «сот», сот шешімі, ratar – қорғаушы, реттеу (қаз.),  реттеуші.

С
Srvar, Sarvar, авест. Сарвар, Cарбар, Сарыбауыр жылан (қаз.), мүйізді жылан –  Оралда сарыбауыр үлкен көлемді жыландар болды. 
čašm - көзім - пехл., Cašman авест, көз, көзім (қаз.).
Suγda;  авест. согд. Soɣd, Sogdoi – Соғдиана. «Авестада» - Gāum yim suγδō.šaiianəm, «Соғдылардың мекендейтін отырықшы қонысы» су маңындағы соғдылардың қоныстарын, бұл жағдайда Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығын көрсетеді. Кейіннен Сугуд, Согдиана болып өзгерді.
Suy(авест.) – су, өзен

Т
Tisi, tizi, авест. – тіс, тіс (қаз.).
tūra авест. -, tūr паз., пехл. twc, саяхат, тұрандық, Тұран
У
Yim (авест.) - қоныс, мекен, үй (қаз.)
vak авест., wāz пехл.- «сөз». Уақ, Уағ, Уөз, Сөз, Уағыз, нұсқау, ілім, уағыз. «Баж (уаж) алу» - кез-келген іс-әрекетке (тамақ, ұйқы, діни рәсімді орындау және т.б.) дейін белгілі бір авесталық сөздерді немесе дұғаларды айтуды талап ететін маздаяниялық сенімнің нұсқауларының бірі (О. Чунакова).

V
vaya авест.– жел, пехл. way, авест. vayav-, vaya, ауа (қаз.).
vouru. kaša- авест., пехл. warkaš, Воуру (Бауру) каш, Варкаш, тасқын кездерінде жиі асып төгілетін теңіз. Қашу (қаз.), бауырлап. Бауралап қашу–Арал теңізі.

Ф
fŕāsyāg пехл.; авест. fraŋrasyan-, т.; жаңа перс. afrāsyāb. Фрайсияг, Франхрасиян, Афрасиаб – Тұран патшасы, сапар жетекшісі. Фрасиак (Фирдоуси) – мүмкінПір сақ.

Х
хапта (авест.) – жеті күн, апта (қаз.), аптадағы жеті күн.
harata (авест.) – аңду, қарау (қаз.) күзету;  haratar – күзетші
xwarrah пехлеви, авест. «x arenah» хварно, фарра – Даңқ, жарқырау, ұлылық, жоғарғы билік (О.Чунакова, 228-бет). Аренах мағынасы бойынша қазақтың «аруақ» сөзіне жақын, ол жоғарғы күш, қасиетті рухтармен үндесуге байланысты.
xros – x(o)ros(авест.) – әтеш, қораз
Han – билеуші, хан. Хусрав билеуші (В.С. Соколова, 83-бет)
hōm пехл., авест. haoma-, m. «сығылған», хаома, ашытқы. Эфедрадан, мүмкін аршадан сығылған. Сүтпен (haomavati), қымыз бен және ашытқымен араласқан коктейльдің бір түрі.
x v ārazm паз., авест. x v āirizam - Хорезм

Р.А. Алшанов, 
Тұран университетінің 
ректоры, профессор

1852 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы