• Тарих
  • 26 Қаңтар, 2023

БЕЙБАРЫС СҰЛТАН ҰЛЫҚТАЛАТЫН ЖЫЛ

Еске сала кетейік, сенатор Нұртөре Жүсіп осыған дейін Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнды деңгейде өткізу туралы мәселені көтерген еді. Депутат жолдаған депутаттық сауалда Еуразия даласынан шыққан тұлға, Мысырдың ұлы билеушісі Бейбарыс сұлтанның Қазақстан үшін де, Мысыр үшін де маңызы зор екенін атап өткен болатын.

«Қазақстан мен Мысырды байланыстыратын тарихи тұлғалар бар. Солардың ішінде Сұлтан Бейбарыстың есімі ерекше аталады. Бейбарыс билігі тұсында салынған тарихи ескерткіштер күні бүгінге дейін Каир қаласының сәнін келтіріп тұр. 1989 жылы түсірілген «Сұлтан Бейбарыс» телефильмін араб және ағылшын тіліне аударып, Мысыр елінде көрсетуді, Президент тапсырмасына сай әзірленіп жатқан шетелдіктерге арналған тарих оқулығына Бейбарыс бастаған қыпшақ сұлтандары туралы деректерді қосуды, Египет елінің Бейбарыс сұлтан туралы 30 сериялық киносын қазақ тіліне аударып, халыққа таныстыруды, жазушы-драматург Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» пьесасын Мысыр сахнасына қоюды, Мәмлүктер кезеңінде жазылған, қазақ тарихы үшін маңызы зор араб және қыпшақ ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аударып, кітап етіп шығаруды сұраймыз», – деген еді Нұртөре Жүсіп депутаттық сауалында.

Міне, Бейбарыс сұлтан тұлғасын ұлықтау мәселесі биылғы жылы мерейтойға орай жан-жақты қарастырылып жатыр. «Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет. Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз», – деді А.Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.

Э.ЫБЫРАЙҚЫЗЫ

1497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы