• Руханият
  • 16 Ақпан, 2023

ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРІ – КЕҢЕСШІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен белгілі көсемсөзші, қазақ баспасөзінің қадірлі ардагері Қали Қошқарұлы Сәрсенбай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңес­шісі болып тағайындалды. Министр бұй­рығымен ведомоствоның баспасөз хатшысы Нұрбек Әмиша таныстырды.
Алыптар мектебін көріп әрі өзі де жеке мектеп қалыптастырған қалам қайраткері Қали Сәрсенбай – эссеистика жанрында сүрлеуін салған қаламгер, көркем өнер мен мәдениет қайраткерлерінің тұтас галереясын сөзбен сомдаған шебер, журналистикадағы бірнеше буынның білікті ұстазы. 
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, ПЕН клуб сыйлығының су жаңа иегері Қали Қошқарұлын шын жүректен құттықтай отырып, жаңа бастамаларына табыс тілейміз. 

821 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы