• Руханият
  • 15 Ақпан, 2023

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді

  Мемлекеттің орнықты дамуының тегеурінді бір тұғыры – заң саласы.Елімізде заң саласының қалыптасып, дамуына атсалысқан атпал азаматтар баршылық. Солардың бірегейі мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы Халиқов Қалимолла болатын.Қ.Халиқов еңбек жолында түрлі басшылық қызмет атқарған, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі болған.Еліміздегі сот билігі мен сот құрылымы,қылмыстық іс жүргізу  саласында мамандар даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мектебінің негізін қалап,қалыптастыруға елеулі үлес қосты.Ол құқық қорғау,сот билігі салаларының практикалық және теориялық мәселелерін зерделеді.Халиқов осы сала бойынша 280-нен астам ғылыми еңбектің,оның ішінде 10 монография,бірнеше оқулықтардың авторы.ҚР конституциясын әзірлеуге ат салысып,"Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу"(2007) жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының бір мүшесі болды.Қалимолла Халиқов 6 ғылым докторын,15 ғылым кандидатын даярлаған.Шет мемлекеттерде өткен құқық мәселелері,сот жүйесін реформалау туралы көптеген халықаралық конференцияларға қатысып,еліміздің атынан сөз сөйледі."Құрмет" орденімен,бірнеше атаулы марапаттарға ие болған.

      Жыл сайын кафедрамыздың басшылығы және оқытушылар құрамымен Халиқов оқулары өтеді.Әр жыл түрлі тақырыптар қозғалып,білім алушылар өзара пікірсайыс жасап,ой бөліседі.Жыл сайынғы дәстүрден аттамай кафедра ұжымы осы жылдың сәуір айында "Халиқов оқулары"өтетіндігін қуана хабарлайды.Еліміздің біртуар азаматтарын болашақ ұрпаққа дәріптеу,еңбек жолынан үлгі алу,ғылыми еңбектерін зертеп,оқуға насихаттау оқытушылардың тікелей міндеті деп есептейміз.

                              Берсугурова Лязиза Шалтайқызы-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры,з.ғ.д

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Мади Аида-заң факультетінің студенті

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы