• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2023

Қазақ ренессансын қалыптастырған қайраткер

Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында Темірбек Жүргеновтың 125жылдық мерейтойына арналған «Темірқазық» концерті өтті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын Мәдениет және спорт министрі А.Оралов оқып берді.
Биыл қайраткердің мерейтойы ТҮРКСОЙ аясында өтеді.Т.Жүргенов Халық ағарту комиссары болған жылдары еліміздің ең іргелі ЖОО, өнер мекемелері мен кәсіптік техникумдары, мыңдаған мектептер құрылды. Ол кеңестік тәжік, өзбек елдерінде қызмет атқарған жылдары да өзге түркі тектес елдердің мәдениетін дамытуға ұйытқы болды.
«Темір нарком» атанған Т.Жүргенов те сталиндік репрессия құр­баны болып жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің бірі.
Мерейтойлық іс-шарада қайраткер өміріне арналған арнайы кітап көрмесі өтіп, жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабы таныс-тырылды. Т.Жүргенов ғұмырынан сыр шертетін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сондай-ақ ТҮРКСОЙ  ұйымының қатысуымен түркі елдерінің шығарма­шылық Жоғары оқу орындары ассосациясын құру туралы Меморандумға қол қойылды.
Мақсаты – түркі мемлекеттерінің арасындағы жоғары білім беруді интернационалдандыру және ака­демиялық ұтқырлықты дамыту. Білім беру, ғылыми-зерттеу және өзге де қызмет саласындағы ынты­мақ­тастықты жүзеге асыру. Жиынға Темірбек Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Қырғыз мем­лекеттік Б.Бейшеналиев атындағы мә­дениет және өнер университетінің ректоры Тумонбай Колдошов, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының ректоры Эльдор Шерманов, Әзербайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Джейран Махмудова, Анкараның Музыка және бейнелеу өнері университеті тарапынан Эркан Өзден катысты. 
Меморандум бойынша болашақта Түркі тілдес мемлекеттердің шы­ғар­машы­лық жоғары оқу орындарының қауым­дастығы деп аталатын ұйым құру көз­делген. Қауымдастық құрудың негізгі мақсаты - түркі елдерінің шығармашылық ЖОО кластері арасында академиялық білім беру, ғылыми зерттеулер және интер­националдан­дыру саласындағы ынтымақтастықты тең құқықты негізде және ортақ мүдделерде нығайту және дамыту.
Қауымдастық мүшелері: жоғары білім беруде сапалы оқытуды қам­тамасыз ету, көпжақты ғылыми зерттеулерді іске асыру, жаһандану үдерістері аясында азаматтар өмірінің әлеуметтік аспектілерін жақсарту, сындарлы диалог шеңберінде қолайлы халықаралық перспектива құру салаларында қоғамдық даму үшін әрекет ететін түркі елдерінің шығармашылық жоғары оқу орындарын біріктіруді көздейді.
Халықаралық ТҮРКСОЙ  ұйымы мәдениетпен қатар білім беру, ғылым академиялық сала бойынша да жұмыс істейді және осы мақсатта жергілікті басқару органдарымен және саладағы тиісті мекемелер және ұйымдармен тығыз қарым-қатынас және әріпетестік орнатады.

Бағдат Сұлтанқызы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 
Журналистика факультетінің
3-курс студенті 

956 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы