• Руханият
  • 07 Қыркүйек, 2023

Құнды қолжазбаның көшірмесі

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Қасым ханның әйелі Айша ханымның Франциядан табылған қолжазба көшірмесін басып шығарды.

Орталық мамандарының айтуынша, құнды ғылыми жәдігер түркі тіліндегі (қыпшақ диалектісі) мұсылман теологиясы бойынша жазылған.
– Қолжазба 7 тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған. XV ғасыр соңында өзбек-қазақ сұлтаны Қасым Жаһангирге (Қасым хан) тұрмысқа шыққан Айша сұлтан ханым-бегім тимуридтердің билеушісі Сұлтан Хусейн Мырзаның қызы ретінде де белгілі. Қолжазба Айша сұлтан ханым-бегімнің жеке кітапханасында сақталған. Кітап шайбанидтер Мауереннахрға келгеннен кейін Орта Азиядан қашқан тимуридтер арқылы Үндістанға жеткен. Қолжазбаны XIX ғасырда Францияның Ұлттық кітапханасы сатып алған. Қасым сұлтан мен Хусейн Байқара арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас белгісі, – деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
Орталық қызметкерлерікітапты түптеу жұмыстары 2 аптаға созылғанын айтады. Көшірменің жекелеген беттері біріктіріліп, бүтін блокпен мақта жібін қолдану арқылы тігілген. Сондай-ақ мұқабасына арнайы батист матасы қапталып, картон қағазы мен қанық жасыл түсті табиғи былғары қолданылған.
Қолжазбаның түпнұсқасы Париж Ұлттық кітапханасында сақталған. Қолжазба шамамен 1501-1515 жылдары жазылған. Тарихи мұраның толық нұсқасы сақталмаған. Өйткені басы мен соңғы беттері жоқ. 

Е. Нақтыбай

13827 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы