• Ақпарат
  • 11 Сәуір, 2024

Құмар ойынның қатері

«Тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады. Құзырлы органдар былтыр интернет-казиноның белгісі бар 4 мыңнан аса сайтты бұғаттады», – деген еді Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Құмар ойынның дерті мен дерегін психологтермен анықтап көрсек деп едік…

Маржан Талғатқызы, психолог:
 

– Құмар ойынға деген тәуелділікті түзету оңайға соқпас. Әрине, осы мәселемен күресу үшін арнайы орталықтар керек-ақ. Оңалту барысында тек қана тәуелді адамдармен ғана емес, олардың отбасымен де жұмыс істеу аса маңызды. Қазір осы мәселелерге қатысты мемлекет тарапынан сан түрлі шектеулер қойылып жатыр. Десе де, бұл шектеулер психологиялық тұрғыдан көмектеспейді. 
Себебі адекватты іс-әрекеті бар адам бұл құмарлықты басқа құмарлық түріне ауыстырады. Мысалы, ойынға деген құмарлықты алкогольге құмарлықпен алмастыруы мүмкін. Сондықтан әуелі мәселенің себеп-салдарымен күресу керек. Бұл жерде медианың да рөлі зор. Медиадан қайта-қайта құмар ойындар мен вейбтің зияны айтыла берсе, адам санасына белгілі бір деңгейде ықпал етеді. Адамның «құмарлықтан арыламын» деген ниеті болса, нәтижеге жетеді. 
Вейб пен лудоманияға құмарлық көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Олар: жақын адамдардың жеткілікті қолдау көрсетпеуі, ата-ана, жақындары тарапынан эмоционалды тұрақсыздық, аяқасты болатын жағдайлардағы мазасыздық пен әлемге, өзіне деген сенімсіздік. 
Лудоманияны зерттей келе, 18–25 жастағы азаматтар тез арада жағдайын жақсарту үшін, 30–35 жастағылар отбасыдағы мәселелерден қашу жолында, жасы келген кісілер өмірге қанағаттанбау әсерінен құмар ойынға душар болатыны анықталған.
Теледидар, гаджеттер балаларға шынайы өмірден қашуға көмектеседі. Осылайша, балаларда алғашқы тәуелділік туындайды. Балалар бірте-бірте виртуалды әлемге ене береді. Бұл құмарлықтың соңы үлкен құмарлыққа жетелеуі бек мүмкін. 

 

Гүлбанум МУРАДДУЛАЕВА, психолог:

 

– Құмар ойынға және вейбке құмарлық неден пайда болады?
Өмірге қызығушылығы төмендегенде;
Өзін, өмірдің мәнін жоғалтқанда;
Бала жастан құндылықтары материалдық жақпен ғана шектелгенде.
Ондай адамдардың басты мақсаты ақша табудан ғана тұрады. Ақша таба алмай қалса, күйзеліске түсіп, құмар ойын ойнап, вейбті пайдалануға көшуі әбден мүмкін. Ал балада материалдық құндылықтан бөлек, рухани өсе түссе, жаман әдетке құмартпайды. Өзін, өмірін, өз уақытын бағалайтын, әр сәттің құнды екенін саналы түрде түсінетін адам виртуалды әлемнің қызылды-жасылды түстеріне алданбасы анық. Сондықтан Президенттің Ұлттық құрылтайда қозғаған құмар ойындар мен вейб мәселесі өте өзекті деп ойлаймын. 

Ақгүл Айдарбекқызы

908 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №20

23 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 10623

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5443

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5092

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4452

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4421

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 4235

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 3008

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 2962

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы