• Әдебиет
  • 04 Мамыр, 2011

Суицидтің түп-тамыры – ядролық сынақта

«Ана тілі» газетінің 2011жылғы №4 санында «Өзіне-өзі қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес» деген мақала жарияланған-ды. Бұл мәселе жайлы көп жазылды. Бірақ ғасыр індетінің ғұмыры аяқталмай, біз де үнсіз қалмаймыз. Денсаулық сақтау мамандарының қорытындылауынша, суицид – қайдан шыққаны беймәлім, тылсым құбылыс. Ал Семейдегі тұрғындар бұл кесапаттың тамыры ядролық сынақ полигонында жатыр дейді. Ресми деректерге көз тіксек, кезінде Семей полигонында жасалған ядролық бомба сынақтарының саны жан түршіктіреді. 1953 жылдың 12 тамызында тұңғыш тер­моядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада әлемдегi ең алғашқы сутегi бомбасы Семей топырағында сынақтан өттi. Мамандар радиоактивті ластанудың ең жоғары деңгейi жоғарыда атап өткен қуаты 400 килотонға бара-бар жерүсті термоядролық жарылысынан соң байқалғанын айтады. Шындығында, Семей топырағының, әсіресе, сынақ алаңына таяу ор­наласқан Абыралы, Қайнар елдімекендерінің табиғатының азып-тозуы қуаты жоғары осы екі бомба сынақтан өткізілгеннен кейін басталды. Дүниежүзінде тұңғыш рет қазақ жерінде сынақтан өткен қауіптілік деңгейі тым жоғары қос бомбаның қоршаған орта мен жергілікті тұрғындар денсаулығына аса үлкен зардаптар әкелгені шындық. Семей полигоны әкелген зардап пен ауыр азапты, ауру мен қайғы-қасiреттi сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Семей полигоны халықтың жүрегiне осылай өшпес жара қалдырды. 1989 жылы 29 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны тоқтатылды. Шынында, бұл ел өмiрiндегi ғана емес, әлемдiк деңгейдегi маңызды қадамдардың бiрі болды. Қайнар ауылында осыдан екі жыл бұрын 7 қаңтар күні 33 жастағы А.Жақсылықов тапа-тал түсте өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Сосын ауылдық мәдениет үйінің әншісі Қ.Жүнісов те өз өмірімен қош айтысты. Семей суициді, әсіресе, жас балдырғандардың өмірін көктей солдыруда. Үш жыл алдында мектеп оқушысы өз қорасында мылтықпен өзін-өзі атып өлтірді. Егер суицидке шалдыққандардың тізімін жасар болсақ, қаншама адамның ғұмыр үзгенін аңғаруға болады. Жыл сайын «ажал саңырауқұлағын» көрген жұрттың саны азайып бара жатыр. Полигонның көзін жойғанмен, оның зардаптарының көзін жоя алмай келеміз. Бұл кесірдің соңы қайда апарып соғарын кім білсін?.. Олжас ҚАСЫМ

2718 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9179

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7297

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5036

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4421

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4385

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4346

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4081

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4072

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы