• Тіл
  • 01 Шілде, 2011

Ана тілімізді шекарамыздай қорғауымыз керек!

Осы жолдардың авторы соңғы он жылда Астана мен Алматыда тұрып, жұмыс бабымен еліміздің барлық өңірлерінде болып, ана тіліміздің хал-жайын байқап келгендіктен, басқа аймақтармен салыстырғанда Сыр өңірінде жағдай көш ілгері екенін айта алады. Бірақ бұл біздің облыста қазақ тілінің мәселесі жоқ деген сөз емес. Әлі де орыс тіліне байланып, сіресіп тұрған мекемелер мен олардың шала қазақ басшылары тұрғанда, тіл төңірегіндегі түйткілдер шешіле қояды деп айту қиын. Кейде «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын жандандыру үшін бел шешіп кірісіп жатқан біздерге кейбіреулер: «қазақ тілімен айналысатын мемлекеттік органдар бола тұра, «Қазақ тілі» қоғамының не керегі бар?» деген сұрақты да жиі қояды. Ал енді қазағы қалың Сыр өңіріндегі бұған дейін байқағандарымды тізіп көрейін. Басқа мекемелерді айтпай-ақ, өзім қызмет істеген «Жарық Сервис» мекемесі мен Электр энергиясын тарату компаниясының ісқағаздары орыс тілінде жүргізіліп отырғанына куә болып жүрмін. Шетелдік компаниялар мен банктердің, құрылыс, өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бәрінде дерлік ісқағаздары аудармашылардың көмегімен қазақшаланып отырғаны аса құпия емес екеніне көзім жетті. Олардың шығыс құжаттарын тексерсеңіз, қазақша нұсқасы тап-тұйнақтай тігулі, ал қазақша келісімшарттары мен басқа да құжаттар орыс тілінің сүйретпесі іспеттес, қазақша мәтінін пайдалануды ұлтжандылық танытып талап етіп отырған олар жоқ, қалыптасқан әдетпен тұрғындар да қажетсінбейді. Сөйтіп, осы кезге дейін келдік, біз талап етпесек, әлі де осылай жүре беретініне күмән жоқ сияқты. Сол қалпымызбен «банкомат», «таулингтердегі» үш тілдің ішінен қазақ тілін таңдауға да мойнымыз жар бермейді. Тіпті құзырында көп тетік тұрған мемлекеттік мекеме – Әділет басқармасының қызметкерлері филиалды тіркеу кезінде БИН алу үшін барғанымда, маған Өтініш бланкасының қазақшасын тауып бере алмады. Орта және шағын кәсіпкерлерді тіркетерде оларға өз объектілеріне атау қоюда толық еркіндік берілгендіктен, көше бойындағы ғимараттардың әлем-жәлем аттарынан аяқ алып жүре алмайсыз. Сөйте тұра, олар ұжымында «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымын құрудың қажеті жоқ деп отыр. Президент сайлауы кезінде маған сайлау бөлімшесінен «Приглашение» келді. Себебін сұрастырсам, қазақша мәтіндегі шақырулар жетіспегендіктен, Орталық сайлау комиссиясындағылар облысқа «Соқыр тауыққа бәрі бидай» деп «приглашениенің» елу пайызын орыс тілінде жіберіпті. Егер де сол шақырудың қазақшасы басқа ұлт өкіліне жіберілсе, ол өзінің қазақ елінде тұрғанымен, мемлекеттік мәртебеге ие болған тілде келіп тұрғанына қарамастан өзін кемсіткен деп түсініп, биліктегілердің біразының шаңын қаққан болар еді. Ал біздің сайлау комиссиясындағы азаматтар менің ескертпемді жылы жауып қоя салды. Қазақ тілі бүгінгі таңда әлі де босағадан сығалап жүр деп ұлт патриоттары мен тіл жанашырлары айтып жүрміз. Біз мұны мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тілімізді неге өз төріне осы уақытқа дейін шығара алмай жүрміз деп өзімізді де, өзгені де қамшылау үшін айтамыз. Арнайы зерттеу жүргізбей-ақ былтыр ғана өз пәтерімді сатып алған және жылуға, жарыққа, суға, газға, телефонға, телевизорға, қоқысқа байланысты соларға тиісті мекемелермен жасасқан келісімшарт құжаттарымның, олардың қызметіне төленген ай сайынғы төлем түбіртектерімді, банктермен жасасқан келісімшарттарымның бәрі де орыс тілінде екеніне көзім жетті. Бұл аз болса, облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен телефон құруға жасасқан келісімшарттардың 7.6-бабында қазақ тілін кемсітетін: «Мемлекеттік және орыс тіліндегі редакциялар арасында үйлеспеушілік жағдайында орыс тіліндегі редакция басым күшке ие болады» деген тіркес жазылған. Біздің ол баптың күшін жою туралы жазған хатымызға жоғарғы басшыларына сілтеме жасаумен шектеліп отыр. Біз мұндай бәрі де өз-өзінен болады дейтін жұртты жайбасарлыққа шақыратын көсемсігендерге түбегейлі қарсымыз. Бір ғұламаның: «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деген ұстанымын әрбір қазақтың сәт сайын қайталап айтып, намысын жанып жүргенін қалаймыз. Енді «ауыл қазақтары тұрғанда немесе қазақ тұрғанда қазақ тілі құрымайды» деген тұжырым қаншалықты өміршең екендігіне ой жүгіртіп көрейік. Ауылдың тілі қалаға қарағанда таза күйінде екендігінде дау жоқ. Өркениетті, экономиканы, ғылыми-техникалық прогресті ауыл дамыта ма, қала дамыта ма? Жиырмасыншы ғасырда өмірімізге енген «машина», «поезд», «самолет», «зауыт», «фабрика», «самаурындар», қазіргі қолданып жүрген «компьютер», «интернет», «сканер» ауылдан шыққан жоқ қой. Осы қаладағы өндіргіш күштер өздері дамыған сайын тілімізді де дамытатыны түсінікті емес пе? Сол өркениет тетіктерін дамытатын жердің үсті мен астындағы байлықтар кімнің қолында? Ұлтжандылардың ба, шала қазақтардың ба? Сондықтан тіл жанашырларының айтатыны: тәуелсіздігі өзіндегі елдің байлықтары да өзінің, мейлі, ауылдан, мейлі, қаладан шыққан болсын, бірақ нағыз ұлтжандылардың қолында болмайынша, сөйтіп, қазақ тіліне сұранысты солар қалыптастырмайынша, ана тілі осы шұбарланған, босағадан сығалаған ауылдық деңгейде, тұрмыстық, отбасы – ошақ қасы болған күйі қала береді. Тек аты қазақ болғандардың көп болғанынан тіліміз құрымайды деп жүре беруге болмайды. Мәселенің түбірінің өзі – әлі нағыз ұлтжанды қазақ бола алмай жүргенімізде болып тұрған жоқ па? Енді «Үндеушілдікке» арнайы тоқталғым келіп тұр. Биыл 18 наурызда біздің облыстық ұйымның кеңейтілген мәжілісінде тіл жанашырларының «Үндеуін» қабылдадық. Онда жоғарыда келтірілген облыстағы ана тілімізге байланысты түйткілдерді шешу үшін: – Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, партиялар: (әсіресе, «Нұр Отанды» ерекше атадық) болып күшімізді бір бағытқа біріктіруді; – Ұлтты ұйыстырушы күш есебінде «Қазақ тілі» қоғамына қолдау көрсетіп, барлық ұжымдарда оның бастауыш ұйымдарын құруға атсалысуды; – Шетелдік компаниялар, өндіріс салалары мен банк филиалдарындағы қазақ азаматтарынан ана тілімізді қолдауды сұрап, кәсіпорын, мекеме басшыларының ықпалында қалып қоймай, өз ұстанымдарын білдіруді сұрадық. Нәтижесінде «Қазгермұнай», «Қуатам­лон­мұнай», «СNEC” компанияларындағы қазақ азаматтарының қытай басшыларына дұрыс түсіндіруінің арқасында олар демеушілік жасаса, өз еркімен ұлтжандылық көрсетіп: ҚЭТТК, Ауылшаруашылық басқармасы, «Қуат» ЖШС, «Болашақ» университеті, «Бабас» ЖШС, «Компас» баспаханасының басшылары мүмкіндіктеріне қарай көмек қолын созды. Облыс мәдениет басқармасының қолдауымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан жұмыс орнын белгілеп, осы кітапхананың, «Торғай Петролеум» АҚ, Ұлттық банкі филиалы, «Евразия Пресс» ЖШС, «Техэнергосервис» ЖШС, «ҚарақұмдриллингЛТД» ЖШС, «Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшыларының және М.Жаманбаеваның Нотариалдық кеңсесінің көмектерінің арқасында жиhазбен, компьютермен, факспен, кеңсе тауарларымен және бізге қажетті сөздіктер, кітаптар, журналдармен жабдықталдық, банкіден есеп-шот аштық, биылғы 5-6 газеттерге жазылдық. «Азаматтық альянс» қауымдастығы «Игілік» қорымен бірлесіп біздің жобамызға қолдау көрсетіп отыр. Айтайын дегенім, біздің Үндеуіміз «Үндеушілдікке» жатпайтынын дәлелдеп, оны соған жатқызып жүргендерден арашалап алғым келгені ғой. Біздер облыс халқының намысын ояту үшін әлі де талай Үндеулер қабылдауымызға тура келеді. Бұл Үндеу біреулерді қолпаштаудың, босқа даурығудың әрекеті емес, тіл жанашырларының жанайқайы деп түсіну керек. «Қазақ тілімен айналысатын мемлекеттік органдар бола тұра, «Қазақ тілі» қоғамының не керегі бар?» деген сұраққа жауап беріп көрелік. Біз демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам құрамыз десек, тек мемлекеттік органдармен шектеліп қала алмаймыз. Мемлекетті демократиялық мемлекет ететін – әртүрлі бағыттағы қоғамдық ұ

3018 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6616

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5921

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3664

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3049

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3009

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2985

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2714

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2699

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы