• Тіл
  • 28 Шілде, 2011

Еліміздегі барша ұлт қазақ тілінің дамуына мүдделі болу керек

1. Азаттықтың таңы атқалы 20 жылдың жүзі болды. Осынау тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін біраз ауқымды істердің атқарылғаны анық. Осы уақыт аралығында тіл мәселесі төңірегінде облыста жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз. 2. Тіл мәселесін шешуде түрлі кедергілердің де кездеспеуі мүмкін емес. Соларды атап айтсаңыз. 3. Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында мемлекеттік тілдің мәртебесі аясында облыс көлемінде атқарылар бірқатар шаралардың жоспарымен бөліссеңіз. 1. Қазақстан жерін мекен еткен барлық этнос өкілдері татулығының, бірлігінің сыры – қазақ халқының кең пейілі, қонақжай табиғи болмысында, бітімгершілік жаратылысында. Сол себепті елімізде тұратын барша этнос өкілдері қазақ ұлтының дамуына мүдделі болуы керек. Оның басты белгісі ретінде қазақтың тілін үйренуі қажет. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеудің көкейкестілігі қоғамдағы тіл проблемаларын шешу жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қолдану үдерісінде мемлекеттік қолдаудың қажеттілігімен айқындалады. Ал тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың факторы болып табылады. Бағдарламаны қабылдау аталмыш факторға негізделеді. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев айтқандай: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы». Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығы мен облыс әкімдігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №125 қаулысына сәйкес облыста 2006 жылдан іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілге көшірілді. 2004 жылы құжат айналымның мемлекеттік тілдегі үлесі 24 пайыз болса, 2010 жылды 99,2 пайызбен аяқтадық. Президент Әкімшілігі Басшысының 2009 жылғы 6 мамырдағы «Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жетілдіру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық Жарлықтарына мониторинг жүргізу мәселелері туралы» № 01-30.9 бұйрығына сәйкес Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жасаған талдауының нәтижесінде облысымыздың ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейіне Қызылорда (100%), Атырау (99,5%) облыстарынан кейін Батыс Қазақстан облысы (99,2%) жетті деп, үшінші орынға лайықты баға берілді. Мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу және тіл туралы заңнама талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында 2004-2010 жылдар аралығында басқарма қызметкерлерімен облыстағы және аудандардағы мемлекеттік мекемелерде 2000-ға жуық жоспарлы тексеріс жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң талаптарының бұзылу фактілері бойынша түзету шаралары алынды. Екінші бір маңызды бағыт – ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау, мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту, тілдің мектепке дейінгі балалар мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі күллі білім беру жүйесінде оқытылуында сабақтастықты қамтамасыз ету, тілдерді оқытудың төлтума бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған лингофондық және компьютерлік тіл кабинеттерін ашу, оларды оқулықтармен, оқу материалдарымен және әдістемелік әдебиетпен жабдықтау. Біздің облысымызда республикамызда алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылып, оқытудың орталықтандырылған сатылық-деңгейлік жүйесі мен курстардың кезеңдік стандарттары жасалды. Қазақ тілін оқып-үйрену курстарының тыңдаушыларына үш лингофондық, төрт мультимедиалық кабинет, электронды жеткізгіштер жинақталған әдістемелік бөлмелер қызмет көрсетуде. 2004-2010 жылдары қазақ тілін оқыту курстарына облыстық бюджеттен 160 миллиондай қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс есебінен 6551 тыңдаушы тегін оқытылды. Олардың – 70 пайызы өзге ұлт өкілдері. 2004 жылы басқарма өз жұмысын бастағанда қаладағы орыс және аралас тілде білім беретін мектептерге әдістемелік көмек көрсету барысында тоталитарлық қоғамның салқынынан кейбір орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарының қысқартылып, олардың орнына басқа тілдердің оқытылуы, мектеп кітапханаларында қазақ тіліндегі басылымдардың болмауы сияқты фактілер анықталған болатын. Сол жылдан бастап қала мектептерінің кітапханаларын қазақ тіліндегі әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құралдармен қамту, аралас және орыстілді мектептер мен балабақшалардағы тіл ұстарту сабақтарының маңыздылығы мен нәтижелігін, ынта-жігерлерін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылды. 2004-2010 жылдар аралығында облыстағы 435 мектеп пен 233 балабақшаның кітапхана қоры 42 355 дана көркем әдебиеттермен, көмекші оқу-әдістемелік құралдармен, электронды оқулықтармен молайтылды. 2009-2010 жылдары басқармаға қарасты «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының» Жарғысына сәйкес «Ақжайық қаламгерлерінің кітапханасы» атауымен Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, А.Бақтыгереева, А.Шахин, М.Исламғалиев, С.Әбдуғалиев, А.Святинин, М.Шүйіншалиева сынды жергілікті авторлармен дайындалған 25 мың дана оқу-әдістемелік құралдар, жинақтар мен көмекші құралдар баспадан шығарылды. Қазақ және орыс әдебиетінің поэзия мен проза жанрларына сүбелі жаңалығымен енген бұл туындылар облысымыздың 409 кітапханасының кітап қорын молайтып, мыңдаған оқырманды әдеби жаңалықпен қамтыды. «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен» айқындалған тағы бір міндет – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-бабына сәйкес баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қызметін жандандыру. Басқарма өз жұмысын бастағалы жергілікті электронды ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған және балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік тілдегі арнайы танымдық-тағылымдық, мемлекеттік тіл саясатын, ономастика, ұлттық тәрбие мәселелерін орыс тілінде насихаттайтын бағдарламалар, мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын жарнамалық-имидждік бейнероликтер жұртшылық назарына тұрақты ұсынылып келеді. 2004-2010 жылдар аралығында “Қуыр, қуыр, қуырмаш”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Айтарым бар”, «Тілім менің», «Ана тілің – арың бұл», «Прямая речь» айдарларымен жергілікті телеарналар арқылы 400-ге жуық телехабар эфирден берілді. Бұл бағдарламалар тіл саясаты саласында қордаланып қалған мәселелерді жиі көтере отырып, этнографиялық және ұлттық танымға мұрындық, қоғамда мемлекеттік тіл саясатына деген оңтайлы көзқарастың қалыптасуына негіз болды. Жергілікті мерзімді баспасөздің 65 пайызы – қазақ тіліндегі таралымдар. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» нәтижесінде қол жеткізген жетістігіміз – облысымызда тіл инспекциясының құрылуы. Тіл инспекциясы қоғамдық негізде жұмыс істейді. Қоғамдық инспекторлардың көмегімен мемлекеттік тілдің қоғамда қажеттілікке айналуына ықпал етіліп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі тіл талаптарының сақталуы реттелуде. Егеменді еліміздің ұлттық идео­логиясының қалыптасуында тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы зор. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2004-2011 жылдар аралығында 309 көше қайта аталды. Елдімекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру, айтылуы мен жазылуы бұрмаланған тіл заңдылығына сай сәйкестендіру – бүгінгі заман талабы. Осы саяси шараны жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында атқарылған игілікті шаралар – уақыт, заман талабынан туындаған ауқымды істер. Соғыс, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, елдің қаһарман ұл-қыздарының есімдерін есте қалдыру мақсатында бабалар есімдері оқу орындары мен көшелерге берілді. Облыстық ономастикалық комиссиясының тарапына атауларды өзгертуге өтінген 182 өтініш түссе, оның 48-і елдімекен, 41-і мектеп, 7-еуі мәдени мекемелер, 2-еуі оқу орнының атауларын, ал екеуі транскрипциясын өзгертуді өтінді, 46 елдімекеннің атауы өзгертілді. 2. Тіл төңірегіндегі түйткілдерді шешуде қадау-қадау шаруалар атқару керек десек, біріншіден, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы мен «Ономастика туралы» Заңын қабылдау қажеттілігі тұр. Екіншіден, мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымының тек мемлекеттік тілде болуын қатаң сақтауды жүзеге асыру керек. Сондай-ақ мемлекеттік тілдегі балабақшалар санын көбейту және олардың әдістемелерін жетілдіру; банк жүйесі мен қаржы саласын толықтай мемлекеттік тілге көшіру; Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру; қазақ әліпбиі мен орфографиясын жақсарту жөнінде шаралар қолдану; халықаралық қызметте мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселелерін одан әрі шешу; мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеу; мемлекеттік тілді оқыту, үйрету курстары үшін инновациялық технологияларды қолданысқа енгізу, электронды оқулықтар мен сөздіктер, кестелер мен анықтағыштар жинақтарын жасақтау жұмыстарын жалғастыру, деңгейлік курстар бойынша тіл білу деңгейін анықтау мен бағалаудың инфрақұрылымдық жүйесін (электрондық тест кешені) пайдалану; оралмандарға арналған тілдік бейімделу курс­тарын енгізу және курс жұмысын жүйелі түрде жүргізу қажет деп ойлаймын. 3. Мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Тіршілік басы – туған тіл» атты телебағдарлама арқылы «Тәуелсіздік – тірегім», «Біз тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?», «Бостандықтың бағасы» атты телехабарлар ұйымдастыру жоспарда бар. Жаңа туған нәрестелерге ұлттық болмысымызға сай есім беруді насихаттайтын «Есімдер әлеміне саяхат» атты және ұлты қазақ азаматтарының төлқұжат алу мәселесін ұлттық мүддеге сәйкестендіру мақсатында төлқұжат алатын жастағы мектеп оқушылары арасында «Қазақы дәстүрге сай құжат алдың ба?» атты акциялар өткізу де осы жылдың еншісінде болмақ.

4056 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6281

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5746

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3486

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2868

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2830

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2809

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2539

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2524

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы