• Тіл
  • 06 Қаңтар, 2012

Ел тілегі – тіл мерейі

Әне-міне дегенше, өткен 2011 жылды артқа тастап, жаңа 2012 жылға қадам басып отырмыз. Расын айту керек, былтырғы жыл еліміз үшін саяси-экономикалық бағытта және мәдени-рухани-әлеуметтік даму көрсеткіші бойынша жаман болған жоқ. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын жоғарғы деңгейде атап өткен 2011 жыл ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Ендігі кезекте, еліміз үшін биылғы Ұлу жылы қандай өзгерістер мен толықтырулар әкелмек? 2012 жылда қазақ елі қай бағытта дамиды? Аз-кем осы мәселелерге тоқталсақ.«Ұлу жылы – ұлы өзгерістер болады» деп жатамыз. Расында, 2012 жыл кіргені сол-ақ екен, еліміздің эконо­микалық даму көкжиегінде бірқатар өзгерістер жүзеге асуда. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Біртұтас эконо­микалық кеңістік өз есігін айқара ашты. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері экономикалық мүдде үшін бір арна басында тоғысып, әріптестік әлеуетті арттыруды көздеп отыр. Кедендік одақ аясында қалыптасып отырған осынау интеграциялық құрылым салған жерден халқымызға түсінік­сіздеу болып отырғаны жасырын емес. Қоғамымызда «Тәуелсіздігімізге нұқсан келтіреді», «Кеңес Одағын қайта құрудың басы» дегендей түрлі алыпқашпа әңгімелер айтылуда. Бұлай айтылу да – заңдылық. Себебі кезінде Еуропалық одаққа бірігу­ді Батыс елдерінің халқы да мақұл көрмеген. Тек кейіннен «бірлесіп өмір сүру тұжырымы» әр елге өзіндік пайда әкелетіні дәлелденген соң ғана аталған алып құрылым өз жұмысын бастаған еді. Осы орайда халқымызды бекерге дүрліктірмес үшін аталған құрылымның жұмыс істеу механизмі елімізге нендей пайда әкелетіні турасында арнайы сарапшылардың пікірін алып, халықты құлағдар ету аса қажет. Мұны біз алдағы уақытта нақтылай түсеміз. 2012 жылдың қаңтар айы саяси-мәдени шараларға толы болмақ. Мәсе­лен, 12 қаңтарда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толады. Халқымыздың дара тұлғаларының бірі – Дінмұхаммед Ахметұлының осынау торқалы тойын елімізде атап өтеді. Иә, биылғы жылы бұдан бөлек өтетін мәдени-рухани шаралар баршылық. Атап айтсақ, жылдағы дәстүр бойынша болатын экономикалық және медиафорумдарды айтпағанда, елімізде жаһандық Википедиа қорының бастамасы бойынша түркітілдес Википедиалардың конференциясы өтеді. Аталған конференция қазақ тілінің халықаралық аренада беделін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Мәселен, қазақтілді 117 мың мақалаға қол жеткізген «Қазақша Википедиа» жобасы 170 мың мақаласы бар түрік энциклопедиясынан кейін екінші орында келе жатыр. Біздіңше, осы жылы Парламент Мәжілісінен орын алатын қай партия болсын «Мемлекеттік тіл» туралы арнайы заңның қабылдануына күш салуы қажет. Енді кезекті мәдени шараларға берсек. «2012 жыл Қазақ­стандағы Вьетнам мәдениеті жылы» болып жарияланды. Ұлу жылы спорт саласында да үлкен табыстарға жету жоспарда бар. 2012 жылы Қазақстанда «Медеу» мұзайдынында допты хоккейден әлем чемпионаты өтеді» деп күтілуде. Өткен жылы Ақ Азиада сынды дүбірлі доданы елімізде өткізіп қана қоймай, топты жарып бірінші орын алғанымыз көпшілікке мәлім. Сондықтан болар, биыл Ұлы­британия астанасы Лондонда өтетін жаз­ғы Олимпиада ойындарынан да спортшы­ларымыздың жеңістерін көру­ге үміттіміз. Биыл біз Азаттығымыздың үшінші онжылдығының парағын ашамыз. Жиырма жыл ішінде Қазақстан әлемде өз орнын алып, посткеңестік мемлекеттер ішінде қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің біріне айналды. Алайда арқаны кеңге салып, бейжай тұра алмаймыз. Уақыт зымырап, әлемде түрлі өзгерістер болуда. Зер салып қарасақ, Ұлу жылына артар жүгіміз аз емес екен. Ендеше, Қазақ елі үшін 2012 жыл жаңа табыстардың жылы болғай! Сұлтан Тайғарин

3530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6280

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5746

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3486

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2868

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2830

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2809

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2539

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2524

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы