• Руханият
  • 02 Наурыз, 2012

Қазақ әнінің «Ақ маңдайлысы»

ҚР Ұлттық кітапханасында «Інжу-маржан» атты өнер клубы құрылды. Клубтың негізгі мақ­са­ты – қазақ өнерін насихаттау, өнер қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп, шы­ғар­машылық байланыстар орнату. Клубтың алғашқы отырысы КСРО-ның және Қазақстанның халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібай­қызы Бағланова­ның 90 жылдығына ар­налды. Оған белгілі әнші, Қазақстан­ның халық артисі Мақпал Жүнісова, ақын Шөмішбай Сариев, әнші Біржан Хасанғалиев, «Тарлан» тобы және Роза Бағланованың жақындары, отбасы мүшелері қатысты. Роза Бағланованың өнегелі өмірі, қайталанбас дауысы, мейірімді жүзі халқының жүрегінде әрдайым сақталары сөзсіз. Ол көзінің ті­рісінде сырлы да сазды әндерді нақышына келтіре орындап, тек қана әншілігімен емес, сонымен қатар ерекше адамгершілігімен, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігімен тыңдармандарының алғысына бөленген жан еді. Роза Бағланова әншілік өнердің ғажайып құ­былысына айналды. Кездесуге келген өнер қайраткерлері, әйгілі өнер иесінің қасында жүріп, қызметтес, әріптес болған іні-қарындастары өздерінің естеліктерін айтып, жезтаңдай әншінің өмірінен сыр шертті. Ақын Шөмішбай Сариев әнші туралы өз ойларын ортаға салып, «Алтын да­уыс» атты өлеңін оқыса, әнші Мақ­пал Жүнісова өзінің әнші жайлы естеліктерімен бөлісіп, Роза Бағланованың репертуарын­дағы «Сәулем-ай», «Еркем-ай» атты әндерін тамылжыта шырқады. Жас әншілер Біржан Хасанғалиев пен «Тарлан» тобының жігіттері де Роза Бағланованың орындауында халық арасында кең тараған «Әдемі-ау», «Іңкәрім-ай» ән­дерін тарту етті. Осы шараға орай «Ғасыр әншісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда танымал әншінің өмірі мен шығармашылығына ар­налған 150-ден аса әдебиеттер ұсынылған. Дәуіржан Төлебаев

3715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы