• Ақпарат
  • 23 Наурыз, 2009

"Алашорда" фильмі түсірілді

Дүйсенбі күні Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Алашорда» деректі фильмінің тұсаукесері болды. Ш.Айманов атындағы «Казақфильм» киностудиясы түсірген бұл фильмнің сюжеті Алашорда үкіметін құрған азаматтардың қоғамдағы саяси қайраткерлігі жайында өріледі. Сонымен қатар кино туындыда көрермен назарына алғаш рет Алаш қозғалысына қатысты тарихи ғимараттар назарына ұсынылды. «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, фильм 5 ай бойы түсірілген. Осы уақытта түсіру тобы Орынбор, Петербор қалаларында болып, Алашорда тарихына қатысты тағы да тың деректер жинапты. Оған қоса Алашорда үкіметінің I, II съездері өткен ғимараттар туралы ақпараттарға қол жеткізген.

3028 рет

көрсетілді

56

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы