• Ақпарат
  • 18 Мамыр, 2012

Тапсырмалар әртүрлі – түпкі мақсатымыз ортақ

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Әкімшілігі басшылығының бастамасымен Қазақстан заңгерлерінің республикалық съезі өз жұмысын бастады. Форумның басты ерекшелігі – тәуелсіздік жылдарында құқық саласының әртүрлі бағытында тәжірибе жинақтаған және барлық меншік құқығы ұйымдарын ұсынатын мамандар жиналады. Бұл, сөзсіз, соңғы жылдары «салалық үйірмелерге» бөлінген заң қоғамын жұмылдыруға және шоғыр-ландыруға нақты қадам болады. Сондай-ақ, бұл басқосу әрбір заңгердің кәсіби қызметіне қатысты маңызды мәселелер туралы ой бөлісуге де себеп болмақ.   Бірнеше күрделі мәселелер, мәселен, мемлекеттік материалдық мүддесін қорғау саласында жинақталды. Бұл жерде маңызды рөл мемлекеттік органдардың заң қызметіне бөлінді. Олар, негізінен, сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етеді, шындығында оны барлық жағдайда мінсіз атқармайды. Тараптардың бірі ретінде мемлекеттік органдар қатысқан соңғы екі жылғы азаматтық істерді талдау барысында ең көп заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолданумен, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы даулар жіберілетіндігін көрсетеді. Бұл қатарда талап материалдарын сапасыз дайындау, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін бұзу және сот органдарына мерзімінен кешіктіріп шағымдану тұрады. Мысалы, Павлодар облысының прокуратурасымен мемлекеттік органдардың талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін сотқа жолдаған талап арыздары негізінде талап арыздардың қанағаттандырусыз қалдыруына әкеп соқтырған фактілері анықталды. Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелерімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысу-шыларды тану туралы талап арыздарында олардан келісім-шарттармен келісілген және Азаматтық кодекспен белгіленген айыппұлдарды мемлекет пайдасына өндіру туралы талаптар қоймаған. Облыс прокуратурасы 11 фактіні анықтады. Бұдан басқа мемлекеттік органдардың талап арыздары тиісті емес жауапкерлерді көрсету салдарынан қанағаттандырусыз қалдырылатындығын атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2010 жылдың сәуір айында Алматы қаласының Алатау аудандық Салық басқармасымен Т.Доронкинаға жер салығы бойынша берешекті өндіру туралы талап арыз беріп, істі қарау барысында жауапкердің 2009 жылы дүниеден озғаны анықталды. Осы факт бойынша аудан прокурорының ұсынысы негізінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауап-кершілікке тартылды. Осындай себептермен Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен М.Диктан 1,4 млн. теңге өндіру туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының талап арызы да қанағаттандырусыз қалдырылған. Анықталғаны, аталған қаражат Қазақстан Республикасынан 2003 жылы Канадаға көшіп кетуіне байланысты барлық мемлекеттік әлеу¬меттік жәрдемақы алу құқығынан айырылған Е.Ни¬китинаның пайдасына аударылған. Осыған қарамастан, Алматы қаласының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының мамандары сот барысында жауапкерді тиісті жауапкерге ауыстыру құқығын пайдаланбаған. Заң бұзушылық тек Ме¬деу аудандық прокуратурасының прокурорлық ықпал ету актілерін қолданғаннан кейін заңға сәйкес келтірілген. Сот шешімімен Е.Никитинадан мемлекет пайдасына 1 434 756 теңге өндірілген. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың өкілдері сот үдерістеріне формалды түрде қатысу фактілеріне жол беріп, соның салдарынан мемлекет мүдделерін қорғаудың орнына кейбір істер бойынша жауапкерлер ретінде қатысып, қойылған талаптарды негізсіз мойындап, мемлекетке нұқсан келтіруде. Бұл жерде қаралған істердің ешқандай да қиындығы жоқ екендігін және мемлекет өкілдігін тиісті түрде білдірген кезде мемлекет мүдделеріне зиян келмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, Ақсу қалалық сотымен Ақсу қала¬сының Жер қатынастары бөлімінің бастығы Р.Даут-баеваның Ақсу қаласы әкіміне тәртіптік шара қолдау жөніндегі өкімін заңсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімінде тек қана талап арыздың мазмұны мен жауапкер Е.Иманслямның талап арызды мойындағаны туралы пікірі көрсетілген. Іс құжаттарына қарағанда заңсыз деп танылған тәртіптік жаза талап қоюшыға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін салынғаны, яғни талап арызды мойындау, біріншіден, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіргенін және Р.Даутбаеваны заңмен көзделген жауапкершіліктен негізсіз босатылуына себеп болғанын атап өткен жөн. А.Тлеуқабыловтың сыбайлас жемқорлыққа бай¬ланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылғанына қарамастан, оның ОҚО-ның Бәйдібек аудандық сотымен аудан әкімшілігіне бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы талап арызы да қанағаттандырылған. Бұл іс бойынша А.Тлеуқабыловпен Шаян поселкесінде жаңадан салынған 2 мектепті және Қостері поселкесінде ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары тиісті түрде аяқталды деп жалған тапсыру-қабылдау актісіне негізсіз қол қойып, нәтижесінде мемлекетке 6 млн. теңге шығын келген. Жауапкердің талап арызды мойындағандықтан, сот талап қоюшының талап арызын қанағаттандырды, алайда, іс бойынша қабылданған сот шешімі Бас прокуратураның ара¬ласуымен заңға сәйкес келтірілді. Мемлекеттік органдардың штаттарында заңгер лауазымы бола тұра, кейбір мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекет мүдделерін өкілдік етуге сенімхаттар негізінде жеке адамдарды, заң кеңселерінің заңгерлерін немесе адвокаттарды сот үдерістеріне қатыстыруда. Бұл ретте олардың қызметі мемлекет қаржысынан төленетіндігін де атап өткен жөн. Мысалы, «Конти-Строй» ЖШС ОҚО «Энер¬гетика және коммуналдық шаруашылық» басқармасының іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызы негізінде қаралған азаматтық іс бойынша мемлекет органның мүддесін адвокат Л.Тарасова қорғаған. Әл-Фараби аудандық сотымен 2011 жылғы 27 маусымда М.Кентаевтың Жер қатынастары басқармасына бұрынғы жұмысына қайта орналастыру жөніндегі талап арызы бойынша қаралған азаматтық іске жауапкердің өкілі ретінде жеке адам Т. Байдәулетова қатысқан. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жем¬қорлыққа қарсы қүрес туралы» Заңының 10-бабымен белгіленген шектеулерге қарамастан, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жеке мекемелер мен ұйымдардың мүдделерін қорғауда. Мысалы, ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Заң бөлімінің бастығы Н.Бучукина 2011 жылы сотпен қаралған азаматтық іс бойынша «Авиакомпания Скат» АҚ-ның мүддесіне өкілдік еткен. Аталған лауазымды тұлғаның үстінен тәртіптік өндіріс қозғалды. Бұдан басқа, заңсыз сот шешімдерінің заңды күшіне енуіне мемлекеттік органдар мен мекемелер өкілдерінің сот шешімдерінің жоғарғы тұрған соттарда даулау сатысында әрекетсіздігінен де орын алатындығын атап өткен жөн. Мысалы, 2010 жылы Астана қаласы бойынша «Казцинк» ЖШС-нен және республикалық бюджеттен 48 заңсыз сот шешімдерінің негізінде «ЛПК» АҚ-ның 126 жұмысшысының және «ЗСК» АҚ-ның 171 жұмысшысының пайдасына жоғалтылған еңбекақының екі еселенген мөлшерінде 2 млрд. теңге қаражат өндірілгендігі анықталды. Осының себебі Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармау салдарынан орын алған. Атап айтқанда, министрліктің лауазымды тұлғалары сот процестеріне қатыспай және «Казцинк» ЖШС-нен қаражаттар негізсіз өндірілгенін біле тұра заңсыз қабылданған сот шешімдерін даулауға немесе прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтініштерді беруге бағытталған қандай да болса әрекеттер жасамаған. Министрлік мамандарының әрекетсіздігінен және соттарда мемлекет мүддесін сапасыз өкілдік ету салдарынан мемлекетке елеулі мөлшерде ма¬териалдық зиян келтірілгендігі тек қана Бас про-куратураның араласу нәтижесінде анықталды. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қор¬ғау мақсатында Бас прокуратурамен 118 тұлғаның талап арыздарының негізінде 369 760 569 теңге өндіру туралы 13 сот актілерінің орындалуы тоқтатылып, Жоғарғы сотқа келтірілген 5 наразылық қанағаттандырылған. Астана қаласының Есіл және Алматы аудандық соттары мен прокурорларымен жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты берген арыздарының негізінде 1 022 217 649 теңге өндіру жөнінде қа-ралған 40 азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімдерінің күші жойылған. Бұдан бөлек Астана қаласының прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен көзделген қылмыс құрамы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Астана қаласының СЖЭКД-іне тергеу амалдарын жүргізуге жолданды. Кейбір мемлекеттік органдардың өкілдері сотқа формалды түрде қатысып, қабылданған сот актілерін дауламай, олардың заңды күшіне енгеннен кейін тездетіп орындауға әрекеттер жасап, жеке кәсіпкерлік мекемелердің есепшоттарына өндірілген сомаларды ке¬шіктірмей аударуға ықпал ету фактілері анықталды. Мысалы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22 желтоқсан 2010 жылғы шешімімен «Ак-Нұр-Береке» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырылып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жеке құ¬рамды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жасақталған бірнеше келісім шарттардың күшін жою туралы хабарламалары заңсыз деп танылды. Өйткені, осы іс бойынша аталған келісімшарттардың күшін жоюға 155 әскери қызметшілердің тамақтан улануы себеп болғанын біле тұра Қорғаныс министрлігі заңсыз қабылданған сот шешіміне шағым келтірмеген. Заңсыз сот шешімі Астана қаласы прокурорының апелляциялық наразылығы негізінде Астана қалалық сотының қаулысымен бұзылып, іс бойынша «Ақ-Нұр-Береке» ЖШС-нің талап арызын қа-нағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды. Осы тектес заң бұзушылықтар жеткілікті, тіпті мемлекеттік органдар жауапты тұлғаларының да ұқыпсыздығынан болатын мысалдарды шексіз келтіруге болады. Менің ойымша, басты шешім енді белгілі болды: заң қызметтерінің мемлекеттің заңды мүддесі мен көзқарасын қорғау мәселесі өте жоғары. Бірақ қазіргі кезде ол, өкінішке орай, жеткілікті дәрежеде емес. Соңғы кезге дейін нормативтік құқықтық актілердің бірде-бірі соттарға қатысып, мемлекет мүддесіне тиісті деңгейде өкілдік етпеуіне байланысты бірінші басшылардың жауапкершілігін әлі реттемеген болса, бұған не айтуға болады. Осы олқылықтар ағымдағы жылдың наурыз айында Бас прокуратураның бастамасы бойынша ҚР Мемлекеттік органдарының заң қызметі туралы Типтік ережеге заң қызметтерінің барлық сот инстанцияларында мемлекеттің заңды мүддесін қорғауды міндеттеу туралы тиісті толықтырулар енгізілгенде ғана жойылды. Тағы бір өзекті мәселе заң білімі сапасымен байланысты. Бұл жерде азаматтық қызметте болу, аттестаттау және тағайындау бойынша нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының қаржы-шаруашылық қызметі саласын реттейтін заңнамаларды да білуге қатысты міндетті норма енгізу орынды болып табылады. Мемлекет мүддесіне сапалы өкілдік ету сұрағы төңірегінде жеткілікті көкейкесті мәселелер жинақталып отыр. Бұл сұрақтар алдағы заңгерлер съезіне қатысушыларды да бейжай қалдырмас деп үміттенемін. Өйткені, біз заңгер ретінде әртүрлі сұрақтарды шешкенімен, түпкі мақсатымыз ортақ – бұл заңдылықты күшейтіп, оған қызмет ету.

2756 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы