• Мәдениет
  • 18 Мамыр, 2012

«Отаным – бақыт мекенім»

123Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-эконо¬ми¬калық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздегі шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ерекше назар аудару керек екендігін атап өткен болатын.

Осыған байланысты Мәдениет және ақ¬парат министрлігі «Отаным – бақыт мекенім» атты гас-трольді-концерттік шаралармен шағын қала¬лар¬ды қамту жөніндегі жоба әзірлеген болатын. Бұл жоба мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, ұлттық, әлемдік өнерді және әдебиет туындыларын на¬сихаттау, тұрғындардың мәде¬ни демалысын ұйымдастыру мақ¬сатында өткізілуде. «Отаным – бақыт мекенім» жобасы аясында «Гүлдер» ансамблі үстіміздегі жылдың 3-9 мамыр аралығында Қызылорда об¬лы¬сындағы Қазалы, Төретам, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі қалаларында өнер көрсетті. Осылайша, Арал мен қарт Қа¬ратауға дейінгі аймақты түгел ара¬лап шыққан «Гүлдер» ансамблі облыс орталығында Жеңіс күніне арнап, мерекелік концерт берді. Өзін-дік қолтаңбасы, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан «Гүлдерді» Сыр көрермендері ыстық ықыласпен қарсы алды. Ансамбльдің же¬тек¬шісі Қазақстанның Еңбек сі¬ңірген қайраткері Жеңіc Сей¬дол¬лаұлы шәкірттерінің сәт¬ті өнер көрсеткендігіне дән риза бол¬ды. Сондай-ақ шара бары¬сында елімізге танымал ақын Ұлықбек Есдәулет қатысып, Ел¬басы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдаудың басым бағыттарын, еліміздегі халықтың мүддесі үшін атқарылып жатқан игілікті істер жайлы, сондай-ақ өзінің шығармашылығы туралы салиқалы ойларын халыққа жеткізді.

Мөлдір ЕЛУБАЕВА

3307 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы