• Мәдениет
  • 18 Мамыр, 2012

Жасыл алаңда - журналистер

img_54401

Қазақ спорт журналисти¬касының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі журналистер арасында өтті. Биыл осымен 18-ші рет ұйымдастырылған бұл дүбірлі доданы ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі ұйымдастырды. Жарысқа барлығы он үш бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Командалар үш топқа бөлінді. img_5551Турнир ережесі бойынша әр тайм 15 минуттан, яғни әрбір матч 30 минутқа созылды. Әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар ширек финалға тікелей жолдама алды. Ал үш топтың ішінде 2 команда қосымша көрсеткіш (жинаған ұпай және доп айырмашылығы) бойынша келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігіне ие болды. Ширек, жартылай, үшінші орын үшін және финалдағы матч¬та командалар негізгі уақытта тең түссе, қосымша уақыт өткізбей бірден 6-метрлік пе¬нальти сериясы бой¬ынша жеңімпаз анықталуға тиіс еді. Құрамында «Ана тілі», «Экономика», «Ұйғыр авази» газеттері мен «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» журналдары бар «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлері биылғы турнирде сәтті өнер көрсетті. Мәселен, «Қазақ газеттері» ЖШС 2010 жылы С.Бердіқұлов атындағы турнирде қола жүлде, яғни үшінші орынды иеленсе, былтыр «Қазақстан-Zaman» газетінің ұйымдастыруымен өткен Дидар Төлеуіш атындағы дәстүрлі тур¬нир¬де ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені олжалады. Ал, биыл С.Бердіқұлов атындағы шағын футболдан өткен турнирде бас жүлдені еншілеп, жеңімпаз атанды. Бір сөзбен айтқанда, өсу бар. Құрамында Мұхитдин Салқынбаев («Қазақ газет¬тері» ЖШС өкілі), Сұлтан Тайғарин («Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары), Нұрлан Құмар («Ана тілі» газетінің ақпарат бөлімінің редакторы), Дәуіржан Төлебаев («Ана тілі» газеті¬нің саясат және әлеумет бөлімінің редакторы), Азамат Құсайынов («Ана тілі» газетінің фототілшісі), Шухрат Масимов («Уйғур авази» газетінің мә¬дениет бөлімінің редакторы), Саттар Ер¬назаров («Қазақ газеттері» ЖШС өкілі), Жандос Өтебаев («Қазақ газеттері» ЖШС өкілі) сынды футболшылардан құрал¬ған «Қазақ газеттерінің» журналистері бірінші орынды иеленіп, турнирдің кубогын жеңіп алды. Жеребе бойынша «С» тобында өнер көрсетудің сәті түскен «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлері «Хабар» телеарнасы, «Аламан» ұлттық спорт порталы, «СТВ-Рахат» телеарнасының тілшілерімен бір топқа түсті. Кілең мықтылар жиналған бұл топты әділ¬қазылар «өлім тобы» деп санады. Сондықтан ширек финалға кез келген команда шығуға лайықты болды. «Қазақ газеттері» ЖШС алғашқы матчта «Хабар» телеарнасымен кездесті. Қос команда да шабуылға ден қойды. Алайда, тартысқа толы өткен матчта есеп ашылмады. Осылайша қос команда 0:0 есебімен тең тарқасты. «Аламан» ұлттық спорт порталы болса «СТВ-Рахат» телеарнасы командасын 1:0 есебімен әрең дегенде жеңді. Топтағы екінші матчта «Қазақ газеттері» «Аламан» командасымен кездесті. Матч тартысты өтті. «Қазақ газеттері» 2:0 есебімен алға шықты. Алайда, екінші таймда қорғаушыларымыз қырағылық танытпады. Мачтың 19 және 26 минуттарында қос голды жіберіп алдық. Бұл матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал «Хабардың» журналистері «СТВ-Рахатты» жеңе алмады. Есеп 1:1 болып аяқталды. Үшінші шешуші матчта «Хабар» телеарнасы «Аламаннан» айласын асырып 2:0 есебімен жеңді. Ал «Қазақ газеттері» «СТВ-Рахат» командасына қарсы ойнады. Матчтың басталғанына 3-минут өткенде қақпамызға гол жіберіп алдық. Алайда, намысты қолдан бермейтін «Қазақ газеттерінің» жігіттері шабуылға көшіп, «СТВ-Рахат» телеарнасының қақпасына төрт доп тоғытты. 4:1 көрсеткішімен алға шыққанына тоқмейілсіген ыңғай танытқан сәтте «Қазақ газеттері» командасы өз қақпасына байқаусызда екі доп жіберіп алды. Осылайша өз тобында 5 ұпайдан жинаған «Хабар» мен «Қазақ газеттері» өз тобынан іркілмей өтті. Ұпай бірдей болғанымен, доп айырмашылығы бойынша «Хабар» бірінші, «Қазақ газеттері» ЖШС екінші орынды иеленді. Төрт ұпай олжалаған «Аламан» ұлттық спорт порталы да ширек финалға жолдама алды. Жалпы, «С» тобындағы командалар арасындағы ойын өте тартысты дәрежеде өткеніне жанкүйер қауым куә болды. Өйткені, бұл топта матчтардың 75 пайызы тең нәтижемен аяқталды. «А» тобында «Алматы Болашақ», «Қазақ радиосы», «Қазақстан» теле¬арнасы, «Шыңғыс хан» және «Казах¬станская Правда» газеттері бақ сынады. Өз тобында барлық қарсыластарын ірі есеппен жеңген «Шыңғыс хан» журналы өз тобында бірінші орынды иеленді. Ал, «Қазақстан» телеарнасы екінші орынды еншілеп, жарысты одан әрі жалғастыру құқығын иеленді. «Казахстанская прав¬да» газеті 7 ұпай жинап үшінші орын алғандықтан, ширек финалдық ойынға жолдама еншіледі. Екінші, яғни «В» тобында «Алматы» телеарнасы ширек финалға іркілмей өтті. Екінші орынды «Заң» газеті иеленіп, жарысты одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал үшінші орынды иеленген «Жас Алаш» газетінің командасы үшінші орын алғанына қарамастан ширек финалға өте алмады. Себебі, бұл басылым өзге топтағы үшінші орын алған командалармен салыстырғанда ең аз ұпай жинады. Бұл топта барлық қарсыластарынан ірі есеппен жеңілген «Алаш айнасы» газеті биылғы турнирде сәтсіз өнер көрсетті. Ширек финалда алдымен «Шыңғыс хан» журналы мен «Аламан» ұлттық спорт порталы кездесті. Тартысты өткен матчта 2:1 есебімен «Шыңғыс хан» командасы жеңіске жетті. Ал екінші жұпта «Алматы» телеарнасы «Казахстанская правда» газетінің журналистерін 1:0 есебімен ұтты. Үшінші жұпта «Хабар» телеарнасы «Қазақстан» телеарнасын 2:1 есебімен қапы қалдырды. Ал ширек финалдық төртінші матчта «Заң» газеті мен «Қазақ газеттері» ЖШС жолықты. Тартысты өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Алты метрлік пенальти бойынша 2:1 есебімен жеңген «Қазақ газеттері» ЖШС жартылай финалға шықты. Жартылай финалдық ойынның ал¬ғашқы жұптары болып белгіленген «Шың¬ғыс хан» журналы мен «Алматы» телеарнасы жасыл алаңда жолықты. Есеп 1:1 көрсеткішімен аяқталды. Тек пенальти сериясы бойынша 4:3 есебімен басымдық танытқан «Шыңғыс хан» командасы алғашқы болып финалға жолдама алды. Ал, 2-ші жұпта «Қазақ газеттері» мен «Хабар» телеарнасының жолдары түйісті. Нә¬тижесінде 2:0 есебімен ұтқан «Қазақ газет¬тері» ЖШС-нің мерейі үстем болды. Үшінші орын, яғни қола жүлде үшін болған ойында «Хабар» телеарнасы турнирдің қола жүлдесін олжалады. Финалда қос басылым өкілдері «Қазақ газеттері» мен «Шыңғыс хан» журналын қабылдады. Нәтижесінде 3:1 есебімен ұтып, бас жүлдені олжаладық. Осылайша ақтық сайыста айқын басым-дықпен жеңіске жеткен «Қазақ газеттері» ЖШС журналистері бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Шыңғыс хан» журналы, үшінші орынды «Хабар» телеарнасы және төртінші орынды «Алматы» телеарнасы иеленді. 1994 жылдан бері өтіп келе жатқан С.Бердіқұловтың турнирінде бұған дейін әртүрлі еңбек ұжымдарының командалары, атап айтар болсақ, «Қазақ энциклопедиясы», «Айқын» газеті, «Қазақстан» телеарнасының жігіттері биік тұғырға көтерілді. Ал биыл осымен 18-ші рет өткізілген турнирде алғаш рет «Қазақ газеттері» ЖШС командасы жеңіске жетті. – Биылғы жыл біз үшін өте табысты өтті. Жақында ғана біздің командамыз «Қазақстан-Zaman» газетінің ұйымдас¬тыруымен Дидар Төлеуіш атындағы шағын футболдан өткен турнирде екінші орын алды. Қазір де екінші орынға табан тіредік. Жасыратыны жоқ, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің командасы өте ұжымшыл екендігін дәлелдеді. Құдай бұйыртса, келесі жылы біздің командамыз да жеңімпаз атанады деп ойлаймын,–дейді «Шыңғыс хан» журналының Бас редакторы Дулат Арынов. Әділқазылар мен турнирді ұйым¬дастырушы тұлғалардың шешімімен жа¬рыста үздік қақпашы номинациясы бой¬ынша – Қанат Базылханов («Хабар» те¬леарнасы), үздік шабуылшы – Ақын Ордабайұлы («СТВ»-Рахат телеарнасы), үздік қорғаушы – Саттар Ерназаров («Қазақ газеттері» ЖШС), ал ең үздік ойыншы деген атқа Талғат Көжебаев («Алматы» телеарнасы) лайықты деп танылды. –Биылғы турнир өте қызықты өтті. Ал келесі жылы Сейдахмет Бер¬¬ді¬¬құловтың 80 жасқа толуына байланысты, кең ауқымды түрде турнир өткізуді жоспарлап отырмыз,–деді футбол турнирін жүргізген, ҚР құрметті журналисі Ғазизбек Тәшімбай. Турнирдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директор – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, Бердіқұловтың төл шәкірті, «Спорт» газетінің директоры Несіп Жүнісбай өз ойларын ортаға салды. – 2013 жылы Сейдағаңның сексен жылды¬ғы болады. Осыған орай, журналистер арасын¬да тек спорттық ойындар ғана емес, мәдени шараларды да ұйымдастыруды Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, қолға алуды жоспарлап отырмыз. Онда ша¬ғын футбол турнирінен бөлек, Сей¬дағаңның туған ауылында аламан бәйге жарысы өтіп, көкпар тартылады. Тіпті, ақындар айтысын да өткізуді де жоспарлап отырмыз, – деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық ко¬мандалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов. – Иә, С.Бердіқұлов додасында қа¬лам¬гер¬лер¬дің бір демалып қалатыны рас. Турнир құрылғалы бері жасыл алаңында талай білікті журналистер, белгілі редакторлар доп теуіп, жас балаша шаттанды. Болашақта бұл турнир халықаралық додаға айналып жатса, тіптен керемет. Ондай жоспарлар да бар, – деді қарымды қаламгердің баласы Заңғар Бердіқұлов. Биылғы дода әділетті өтті деуге толық негіз бар. Қалам ұстаған журналистер допты тәуір тебе алатындығын тағы бір дәлелдеді. Нұрлан ҚҰМАР

3477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы