• Білім және ғылым
  • 24 Мамыр, 2012

КОМБИНАЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

d188d0b0d185d0bcd0b0d182-e28496211d188d0b0d185d0bcd0b0d182-221 1-суретте ең алдымен қара жағы тактикалық комбинация әдісімен 3-жүрісте мат қояды. Ал 2-суретте ақ жағы күтпеген жерден тасын беру арқылы ұтады. Тактикалық комбинация жылдам өзгеріс әкелумен қызықты. Күтпеген жерден соққы операциясын жасап, өзіне лайықты шабуылға шығумен ерекшеленеді. Әйтсе де кей сәтте бірден жегіздірмей, басқа қырынан жүріс жасайды. Жалпы комбинациялық әдіс стратегиядан гөрі, тактикаға көбірек негізделгендіктен, эстетикалық көркем­ділігімен маңызды. Шах­мат тақтасында жүзеге асқан комбинация ойыншының шығар­ма­шылық қабі­леті мен қиялына да байланысты. Нұрлан ҚҰМАР, шахматтан спорт шеберлігіне үміткер Сонымен қоса нақты дәлдік аса көп рөл атқа­ра­ды. Сөз жоқ, комбинация бір жағынан математика, екінші жа­ғынан әдебиет, өнермен де ты­ғыз қарым-қатынаста болады. Олай дейтініміз тақтадағы әдемі «құрбандық» жолмен ұту шахмат әдебиетін байытады. Әдебиет сияқ­­­ты оған шығармашылық ойлау мен көркемділік аса қажет-ақ. Өнер сияқты бұған эстетикалық шеберлік ауадай қажет. Математикадағыдай дәл есептеу, ешқандай артық жүріс жасамай, нақтылық, талдау жасау міндетті. Егер комбинация болмағанда шахмат таза страте­гиялық ойынға негізделіп, бір сарындылықпен ойыншыны жалық­тырар ма, еді?! Әрі өте күрделі де түсініксіз ойынға айналары анық. Сондықтан комбинация күрделі позицияны қызықты да жылдам қырымен стратегияның өзіне қан жүгіртеді. Комбинация шеберлікті шың­дап, қиялды ұштайды. Шахмат ғы­лымының дамуына атсалысады. Енді төмендегі есептерге көз жүгіртелік.

2983 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы