• Ақпарат
  • 24 Мамыр, 2012

«Олар таңның атуын күте алмады»

Кеше «Диалог Еуразия» платформасы та­нымал түрік жазушысы, қоғам қайраткері Харун Токакпен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жазушының қазақ тіліне аударылып шығарылған «Олар таңның атуын күте алмады» әңгімелер жинағы төңірегінде сұхбаттасу. Сұхбатты «Серпер» жастар сыйлығының иегері, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев жүргізіп отырды.  Бүгінде «Диалог Еуразия» плат­фор­ма­сының тең төрағасы болып қызмет атқаратын жазушының бұған дейін шыққан кітаптары «Алда шапқан аттылар», «Жолдағылар», «Саңлақ сардарлар», «Кімге ама­нат», «Қыналы арғымақтар» деп аталады. Кітап авторы өзінің шығарма­шы­лығы туралы сыр бөлісті. «Олар таңның атуын күте алмады» кітабының жазылу жайы, әңгімелерінің негізгі желісі туралы өрбіген сұхбат Отан, ел мен жер, Түркия мен Қазақстанның мәдени байланыстары, екі ел әдебиетінің дамуы сынды өзекті мәселелерге ұласты. Харун Токак журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алмасты. Дәуіржан Төлебаев

3650 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы