• Ақпарат
  • 24 Мамыр, 2012

Үздік оқытушы анықталды

Әрбір азамат туған елдің тілін біліп, тарихына терең бойлап, рухани байлығымен сусындай алса, ол адам сол елдің нағыз патриоты болып, ажырамас бөлігіне айна­лады. Ертеңіміздің иесі – жастар, бүгінгі бүлдіршіндердің «елім» деп еміренетін тілекті, «жерім» деп толғанатын жүректі азаматтар болып өсуі үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Ал осы болашағымызды аманатқа қалдыратын жастарымыздың, сан-салалы шаруамыздың басынан табылып, үлкен істердің ұйытқысы болып жүрген мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің, басқа да кәсіп иелерінің нағыз елінің азаматы ретінде тәрбиелеуде, оларға мемлекеттік тілді оқытуда оқыту­шы­лардың алатын орны зор. Бүгінгі таңда қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету – елімізде үлкен маңызға ие болып отырғандығы өмір шын­ды­ғына айналды. Ендеше, ол үшін көп тер төгіп ең­бек етіп, тіл үйренушілердің жүрегіне жол тауып, түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып, түрлі ұлт өкілдерін туған тіліміздің нәрімен су­сындатып жүрген оқытушылар қауымы­ның арасында бәсекелестікті өрістетіп, біліктілі­гін көтеріп отыру – өмірдің өзі алға қойып отырған белестің бірі. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет­керлерге қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру, қазақ тілін оқытудың алгоритмдік әдістерін қалыптастыру мақсатында өткізген облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы біздің орталықта өзінің көздеген мақсатына жетті деуге толық негіз бар. Аталған байқаудың алғашқы кезеңіне «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» 6 оқытушысы, орталықтың Қордай, Меркі, Шу, Талас, Сарысу, Байзақ аудандарының оқытушылары, Облыстың қорғаныс істер департаменті және Қылмыстық атқару комитетінің, барлығы 13 оқытушы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес бірінші кезеңде байқаудың талабы бойынша қатысқан үміткерлер авторлық әдістемелік қоржындарын жолдады. Онда әр талапкердің авторлық бағдарламасы, көрнекілік дүниелері, әдістемелік жинақтары топтастырылған. Бұл кезең бойынша әділқазылар алқасы мен қатысқан 13 талапкердің 5-еуі іріктеліп алынды. Облыстық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығында» өткен байқаудың екін­ші кезеңінде осы үздік талапкерлер мем­лекеттік қызметшілерге арналған пано­­рамалық са­бақ үлгілерін көрсетті. Соны­­мен, екі кезең бой­ынша облыстық бай­­қаудың жеңімпазы болып «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Раушан Жұматаева танылды, ІІ орынға осы орталықтың оқытушысы Гауһар Сейсенбаева ие болды. Ал, үшінші орынды орталықтың Сарысу аудандық бөлімшесінің оқытушысы Ақнұр Дүйсенбина қанағат тұт­ты. Осы орталықтан қазақ тілін үйреніп шық­қан тыңдаушылардың да оқытушы­­лар­ға айтар алғысы шексіз. Мемлекеттік тілді білсем, үйренсем деген тіл үйренушілердің қатары күннен-күнге көбеюде. Осы орайда Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы этно­мәдени бірлестіктерімен тығыз байла­ныста жұмыс істелуде. Қазіргі таңда орталықта 1230 тыңдаушы мемлекеттік тілді меңгеруде, олардың қатарында 23 ұлттың өкілдері бар. Гүлхан Аманова, Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» ғылыми әдіскері

2662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы