• Ақпарат
  • 24 Мамыр, 2012

«Ақ жол» тілге жанашырлық танытты

«Ақ жол» фракциясы ұсынған мемлекеттік тілді пай­далану аясын кеңейту жөніндегі заң жобасы – өзекті әрі ғылыми негізделген жоба. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Баймахановтың басшылығымен өткен ғалымдар тобының ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысында айтылды. Топтың құрамында заң білгірлері, профессорлар Р.Нұртаев, Т.Каудыров, заң ғылымдарының кандидаттары Ж.Құлжабаева, А.Иржанов, Ф.Рахмитовтар бар. Ғалымдар заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне сәйкес келеді деген қорытынды шығарды. Заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалаған сарапшылардың пікірінше, заң жобасын қолданысқа енгізу келесі оң құқықтық, әлеуметтік және экономикалық салдар мен факторлардың іске асырылуына жағдай жасайды: – қазақстандық азаматтықты алғысы келетін адамдардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін басым жағдайларды жасайды; – өз лауазымды міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуге міндетті мемлекеттік қызметшілердің тізбесін белгілеуге мүмкіндік береді; – жаңа терминдерді мемлекеттік тілге енгізуді реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мүмкіндігін береді; – мемлекеттік емес салада мемлекеттік тілдің дамуына, экономика салалары үшін, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді білетін мамандарды даярлауға көмектеседі. Нәтижесінде мемлекеттік тілдің сапалы дамуы, мемлекеттік тілдің тиімді ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үшін жағдай жасалмақ. Қорытындыда, сонымен қатар, талдаумен жалпы­құ­қықтық қағидаттар бойынша қарама-қайшылық немесе қандай да бір тұрғындардың жекелеген топтарының мүдделерін қамтамасыз ету пейілі айқындалмағаны көр­сетілді. Ғылыми құқықтық сараптама нәтижесінде заңгер ғалымдар мынадай қорытынды жасады: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып, әрі қарай қарауға енгізілуі мүмкін. Асылбек Қараров

2597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы