• Әдебиет
  • 24 Мамыр, 2012

Файзолла қари Сатыбалдыұлы

Файзолла қари Сатыбалдыұлы 1883 жылы қыркүйектің 27 жұлдызында бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Батпаққара (қазіргі Қостанай облысындағы Амангелді ауданының орталығы) ауылында дүниеге келген. «Әке көрген оқ жонар» демекші, Файзолла қаридың ата-тегі де тегін адамдар болмаған, әкесі Сатыбалды ишанның (лақап аты – Қыпшақ ишан) есімі бүкіл Алаш жұртына әулие кісі ретінде тараған. Файзолла ақын сол кездегі аты мәшһүр ілім ордасы Бұхара шәріпте мед­реседе оқып, дәріс алады. Елге келген соң медреседе 12 жыл шәкірт тәрбиелеп, елге сыйлы, құрметті дінбасыға айналады. Кеңес өкіметінің қожа-молдаларды, ишандарды жаппай жазалау саясаты кезінде тұтқынға түсіп, айдауда болады, ауыр жұмыстар істейді, көз жұмғанша көзтүрткіде болады. Қари ақынның жазған жырлары, өлеңдері, дастандары, мінәжаттары Құдайдың бірлігін ұлықтау, оның құдіретін дәріптеуге арналған. Төменде біз Файзолла қаридың «Есің болса ер жігіт Алланы сүй» атты өлеңің оқырман назарына ұсынып отырмыз. Есің болса ер жігіт Алланы сүй Жаратқан жалғыз Алла сыйынарым, Ерте-кеш мінәжат қып жалынарым. Одан басқа күштінің бәрі жалған, Жоқ оларға жалбаңдап жағынарым. Құдай берсе – кім оны ұстап тұрар, Ақылдылар – Алла ісін мақсат қылар. Жақсыға – жау жетеді ел ішінде, Бұғып тұрып тасадан тас лақтырар. Әділ жігіт – әр сөзді тергеп алар, Асықпай ақыл менен ойға салар. Халық – әділ қазы ғой, нақұрыстар, Байқамаса түбінде ұятқа қалар! Қызықпаймын бұл күнде бақ пен таққа, Жала жұқпас ешқашан көңілі аққа. Сол себептен бұл күнде таза жүріп, Сыйынамын бір Құдай, бір аруаққа! Бір Құдайдан басқаның бәрі бекер, Дүние – көзді арбаған бейне шекер. Есің болса ер жігіт Алланы сүй, Алдамшы бақ бір күні тастап кетер!

5932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8773

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7065

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4809

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4195

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4157

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4118

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3848

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3848

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы