• Әдебиет
  • 31 Мамыр, 2012

АУЫЛЫН АРДАҚТАҒАН

  Бір ауылда көз алдымда өскен азаматтың туған жерге жасаған талай жақсылығын естіп-көрген едім. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Жүрсін Ерманов бастаған айтыскерлерді алғаш ауыл-аудандарға апарған – осы Нұртай Сабильянов бауырымыз еді. Аякөз қаласына әкелген. Шынғожа батыр атындағы туған ауылының жақсылықтары теледидардан көрінуі­не ұйытқы болды. Аякөз қаласында бокстан жастар арасында өткен жа­рысқа демеушілік көрсетті. Бақтияр Ар­таев пен жаттықтырушысын туған ауылына шақырып, шапан жауып, кө­лік мінгізді. Осыдан 2-3 жыл бұрын Қайрат Рысқұлбеков рухына арнап бокстан жарыс ұйымдастырып, бас демеушілік көрсетті. Қозы Көрпеш – Баян сұлудың 1500 жылдық тойында да бас демеуші болып, азаматтық танытты. Аякөз қаласының бас ме­шітін салдыруда демеушілердің ал­ды болып, істі қолға алған азамат та – осы Нұртай. Туған ауылына еңселі Мәдениет үйін қайта салдырып, оны кітаппен, музыкалық аспаптармен қамтамасыз етті. Өзін оқытқан ауыл ұстаздарын өткен жылы Астанаға алдырып, қыдыртты. Анда-санда ауылға барғанда әлгі кісілер осыларды мақ­танышпен айтып отырады. Бұндай азаматқа қандай марапат-мақтау болса да жарасады. Ол Пар­ламент депутаты ретінде де бел­сенділік көрсетіп, көп көңілінен шығып жүр. Оның әкесі Салих Сабильянов ақ­сақал қазір 93-те, Аягөз қаласында тұрады. Ұлы Отан соғысының арда­гері. Ел аманатын арқалаған ер азамат Нұртайдай-ақ болар! Жаның күйіп Желтоқсанда шыңдалдың, Бұзылмастай құрсауланған шыңды алдың. Жауға атылған жебедей ұран салып, Ақ беренім, армандаған туды алдың! Туған жерге тамып тұр-ау терің де, Қозы Көрпеш, Баян да өтті төріңде. Ақ ниетпен аруларға ас бердің, Мықты көлік бас бәйгеге бердің де. Тынбай жүріп сараладың өмірді, Төккен тердің жемісі де көрінді. Депутат боп дара шықтың бауырым, Елбасына серіктес бол сенімді. Аякөз деп ән салады аймағың, Аякөз деп жар салады жан-жағың. Туған жерді бүкіл елге танытқан Қадірлі ұл қасиетіңнен айналдым. Қалдыбай ДҮЙСЕНҒАЛИ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

2923 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы