• Тұлға
  • 14 Маусым, 2012

«Алматым жүрегімде...»

Алматы. Бұл қаланың сұлулығын, көркемдігін жырға қоспаған ақындар кемде-кем шығар. Расында да, жер жаннаты аталатын Жетісудың қақ төрінде орын тепкен шаһар қазақтың қай баласына да ыстық. Еліміздің өзге елді мекендеріндей мұнда да қызу тіршілік бір тынбайды. Жаңалық көп. Әсіресе Алматыда биылғы жыл «Мәдениет жылы» аталғандықтан ба, мәдени-бұқаралық шаралар кең өріс алған. Қызықты кештер, концерттер, түрлі қойылымдар мен көрмелер... жұртшылықты өзіне асықтырады. Олардың қала тұрғындары мен қонақтарына берер тағылымы мол. 

Алматы – еліміздің әсем қаласы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны «Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» деп те атағаны белгілі. Биыл қала әкімі Ахметжан Есімовтің шешімімен Алматыда «Мәдениет жылы» деп жарияланды. Осыған орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Әуезовпен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Ерболат Құдіреұлы, әңгімемізді Алматыдағы Мәдениет жылынан бастасақ... – Алматы еліміздің өнері мен мәдениетіне айрықша үлес қосып келе жатқан қалалардың бірі. Биылғы 8 ақпандағы қала әкімінің кезекті есептік кездесуінде Ахметжан Смағұлұлы 2012 жылды «Мәдениет жылы»  деп аталуын қолдайтынын білдірді. Бүгінде қаланың мәдени өмірін жандандыруға байланысты көптеген ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Саябақтар мен демалыс орындары, түрлі мәдени ошақтар, тарихи ескерткіштер мен монументтер жөнделіп, фестивальдер мен концерттер ұйымдастырылуда. Өздеріңізге белгілі, қаламызда «Мәдениет жылы» аясында көптеген кешенді жұмыстар жоспарланған болатын. Олардың негізгілері инфрақұ­ры­лымдық жаңару және қаламыздың мәдени өмірін дамытуға арналып отыр. Жұмыстардың дені, жоғарыда айтып кеткенімдей, қаламыздың мәдени өмірін түрлендіруге, оның мазмұнын арттыруға бағытталып отыр. Бұл орайда қаламыздың мәдени дамуына көңіл бөлу – басты мақсатымыз. Орындалып жатқан және алда атқарылатын жұмыстар жөнінде айтатын болсам, инфрақұрылымдық жаңарту бағыты бойынша қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, мәдениет ғимараттарын қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. – Нақты қандай нысандар жөн­деліп, жаңартылмақ? – Бекітілген жоспарға сәйкес Алматы қаласында орналасқан театрлар, мұражайлар, тағы да басқа мәдениет нысандары күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады. Атап айтар болсақ, қаламыздың келбетін айшықтап тұрған 28 панфиловшылар атындағы саябақ­та­ғы Даңқ мемориалы, Қуыршақ театры, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары мұражайы қайта жөндеуден өтеді. С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының базасында қуатты заманауи технологияларды пайдалана отырып, «ХХІ ғасыр кітапханасының» негізін қалау, сонымен бірге, кітапхана негізінде Балалар арт-орталығын құру, «Юность» балалар кинотеатрын соңғы үлгідегі киноқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары да қолға алынды. «Боралдай қорғаны» атты бірегей археологиялық мәдени-тарихи кешен құру да «Мәдениет жылы» аясында жүзеге асырылмақ. – Жақында қалада «Франция інжу-маржандары» көрмесі ашылды. Бұл да Мәдениет жылы аясында өткізіліп отырған шаралардың бірі болар... – Бұл көрмеге Францияның 30 мұражайынан 400-ден астам әлемдік өнер туындылары әкелінді. Көрме Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұра­жайында ашылды. Шара мә­дениет жылына орай өткізіліп отыр. Бұған қоса, сәуір айында америка­лық атақты «Sean Curren Dance» балет труппасы Абай атындағы опера және балет театрында қайырымдылық концертін берді. Бұл да қаламыздағы өтіп жатқан ірі жобалар екенін айта кеткім келеді. Алдағы уақытта қаланың түр-сипатын өзгертіп, жаңа имидж қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Алматы – креативті қала» халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. – Қаланың мәдени өміріне қандай баға берер едіңіз? – Ізденіп, уақыт көшіне ілесе білген адам үшін Алматының мәдени өмірі жан-жақты әрі ауқымды. Мысал үшін, «Алматы – сүйікті, таза, туған қала» бағдарламасының маңызы ерекше. Мәдениет жылы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе жұмыс атқару, қала аудандарымен тығыз байланыста болу, өзге де қалалармен ықпалдастық, әріптестік байланыс­тарды нығайту да маңызды болып табылады. Мұның бәріне жай ғана кезекті жұмыс ретінде емес, жоғары сапада орындалуы тиіс жұмыстар деп қараған абзал. Осы ретте Алматы қаласы Мәдениет басқармасы қала мәдениетін дамытудағы мемлекеттік саясатты жүргізуде нақты, яғни қала тұрғындары мен шығармашы­лық кәсіп иелерінің мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатын ұстанады. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Дәуіржан Төлебаев

2559 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6914

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6062

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3802

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3193

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3149

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3123

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2851

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы