• Тіл
  • 14 Маусым, 2012

Назардан тыс қалған емес

Еліміз еркіндік алып, Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданып, онда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп бекітіліп, қазақ тіліне басымдық берілді. Оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылды. Үкімет Заңды жүзеге асыру үшін көптеген қаулылар қабылдады. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасады.

«Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ» деген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақ қазақпен қазақ­ша сөйлессін!» деп атап көрсетті. Алайда еліміз еркіндік алғалы бері 20 жылдан астам уақыт өтсе де, осындай оң өзгерістермен қатар қазақ тілі қоғамның көптеген салаларында әлі аударма тіл дәрежесінен аса алмай келеді. Тіл өзінің мемлекеттік деңгейіне көтеріле алмай тұр. Бұған бір жағынан сан жылдар бойымызға мысқылдап енген ана тілімізді ұмыттырудағы кеңестік саясаттың кері әсері болса, екінші жағынан осы күнгі мемлекеттік тілді дамыту үшін жасалып жатқан іс-шаралардың мардымсыздығы болса керек. «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…» деп Сәкен Сейфуллин атап көрсеткендей, ісқағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі қазіргі таңда жолға қойылған. Бірақ жасыратыны жоқ, бұл көп мекемелерде аудармашының көмегімен іске асып отыр. Яғни құжат алдымен орыс тілінде дайындалып, тек содан кейін мемлекеттік тілге аударылады. Тіпті ұлты қазақ қыз­меткерлердің өзі бір-бірімен орыс тілінде сөйлесіп, мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытпайды, үйренуге ұмтылмайды. Мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып отырған қан­дастарымыз ең алдымен өз арасында қазақ тілінде сөйлессе, басқа ұлт өкілдеріне үлгі болар еді. Ғалым, академик Рахманқұл Бердібай атап өткендей, «Өз халқының тілін білмейтін, сондықтан оны жат санайтын, іңгәлап дүниеге келгеннен ержеткенге дейін басқа түсінік, пиғылда тәрбиеленген, өз елінің асыл қасиеттерінің бірде-бірі дарымаған, тіпті, жаратылысынан ақыл-есі бүтін болып туғанмен, өз елінің перзенті болып жарытпайтын, ана тілін білмегендіктен, халқының көңіліндегі мұңды, көкейкесті арманды сезбейтін; елімізге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнемдер – көз­қамандардың» көбейіп кетуінің алдын алуымыз парыз. Ол үшін, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жөніндегі маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамның кез келген саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілген қазақ тілінің өз деңгейінде қол­данылуын басты назарда ұстау шарт. Тек сол кезде ғана ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған ғажайып тілін сақтап қала аламыз. Осы мақсатта, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында өзім қызмет атқарып отырған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бас прокурор аппараты Тіл саясаты басқармасының қолдауымен комитеттегі күнделікті құжат айналымының мемлекеттік тілде орындалуы басты назарда ұсталады. Қызметкерлерге құжаттарды мемлекеттік тілде өздеріне дайындату талабы қойылып, оларға мемлекеттік тілді тереңдетіп меңгерту мақсатында қазақ тілі сабақтарын оқыту курс­тары жүргізіледі, сонымен қатар электрондық оқу құралдары, орыс-қазақ тілдерінің сөздіктері алынып, қызметкерлерге тегін таратылды. Осындай шаралардың арқасында көпшілік қызметкерлер мемлекеттік тілде еркін құжат дайындайтын дәрежеге жетті. Сәбина Жұманбаева, Ерментай Білісов, Маржан Мақсұтова сынды комитет қызметкерлері қазақ тілінде құжат дайындауда басқаларға үлгі болуда. Сондай-ақ бөлім прокурорлары Андрей Люгай, Владислав Ким құжаттарды мемлекеттік тілге өздігінен аударуда өнеге көрсетіп жүр. Қызметкерлердің қазақ тілін үй­ренуге деген қызығушылығын арт­тыру мақсатында түрлі сайыс түрін­дегі іс-шаралар ұйым­дас­тырылып тұрады. Комитеттің баспасөз қызметінің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту­дегі үлесін ерекше атап өтуге болады. Баспасөз қызметінің қадағалауымен комитеттің сайты мемлекеттік тілде жұмыс істей­ді, көптеген қызметкерлердің мақалалары бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде жарыққа шықты. Қазақстанның әр азаматы қазақ тілін білуді азаматтық парызым деп санап, күнделікті өмірінде қолданған кезде ғана мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтай түспек.

Арай ҚУАНОВА, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкері

2799 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6733

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5980

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3719

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3109

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3064

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3041

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2770

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2755

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы