• Тіл
  • 21 Маусым, 2012

Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?

Жүйе бойынша реттiк сан есiмдерге қосымша -ыншы, -іншi (-ншы, -ншi) түрiнде жалғанады: бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi... Олай болса, жиырмасыншы емес, жиырманшы болуға тиiс қой? Ескiше уақыт есептеуде сан есiмдер тәуелдi­лiк тұлғада қолданылған: қараша жұлдызының бесi, қазан жұлдызының он алтысы, т.б. Кейiннен күндi реттiк сан есiммен (сегiзiншi маусым, бiрiншi шілде, жиырма алтыншы қазан т.б.) айту нормаға айналды. Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай, жиырмасыншы деп қолданудан да тiлдiк жүйеден тiлдiк дағдының басым түсiп жатқандығын байқаймыз. Дағды үнемi тiлдiк жүйеден басым түсе бермейдi. Тiлдiң даму барысында кейде екi түрлi (не одан да көп) жүйе қатарласа қолданыла келiп, оның iшiнде тiлдiң даму үрдісіне сәйкес келген бipeyi жалпы халықтық сипат алып, тiлдiк норма ретiнде танылады да, өзгесi тiл майданынан ығыстырыла бастайды. Тiл қолданысынан ығысқан жүйенiң кейбiр көрiнiстерi нормаға айналған жүйемен қатар дағды бойынша қолданылып та отыруы ықтимал. Бiрақ оларды белгiлi бiр мақсатсыз жұмсау – әдеби тiл нормасынан ауытқуға жатады. Қазақ тiлiнде сөздерге тәуелдiк жалғауының жалғануын еске түсiрсек, дауыстылардан соң бұл қосымша -сы, -сi (бала-сы, күлкi-сi, дала-сы т.б.), ал дауыссыздардан кейiн -ы, -i (үй-i, қыс-ы, жаз-ы, тау-ы, т.б.) түрiнде келуi – бұлжымас жүйе. Осындай жалпыға ортақ жүйенi ескермей, бipeуi, екеуi, үшеуi, төртеуi, көбi, уақыты, бәрi дегендердi бipeу-i-сi (бiреусi, екеу-i-ci) екеусi, үшеу-і-сі (үшеусі, төртеу-i-сi) төртеуci, көбi-ci, уақыт-ы-сы) уақтысы, бәрi-сi деп қолданушылық бар. Бұл жерде мұндай жөнсiз қабат­тастырудан сырттай осыған ұқсас құбылыстың парқын айыра бiлу абзал. Отағасы, қолбасы, елубасы тәрiздi бipep сөздерде тәуелдiк жалғауы айтыла келiп, сол сөздiң құрамына сiңiп кеткен. Ондай сөздердегi тәуелдiлiк жалғауы (отаға-сы) меншiктiлiк мағынаны бiлдiрмейтiндiктен және бiр тәуелдiлiк көрсеткiшi үстемелене жалғанады: отағасысы, қолбасысы, елубасысы, т.б. Бұл айтылғандар объективтi нормаға тән қасиет.

3398 рет

көрсетілді

63

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7259

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6230

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3971

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3361

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3320

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3289

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3017

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3005

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы