• Тіл
  • 21 Маусым, 2012

Шекер сөзі қайдан шыққан?

Қыздарменен шай келді, Шырын, шекер, бал келді («Алпамыс»). Алдымен бұл сөз борық қамыстың аты ретінде Үндіқытайда пайда болған, кейін ол индиялықтарға ауысып, санскрит тілінде чаркара, сакхара түрінде айтылған және «құм ұсақталған кесек, құмшекер» деген мағынаны білдірген. Кейін парсы тілінде шакар, араб тілінде суккар түрінде ауысқан. Ертеде Еуропа елдері қант, шекерді білмеген, олар көбінесе балды білген. Кейін ХI-XIII ғғ. крест жорықтары кезінде грек саудагерлері шекерді Индиядан Еуропаға әкелген, содан бастап бұл тәтті тағамның аты Еуропа елдерінің көбіне ауысқан, гректерде сахарос, латында саккарум, немісте zucker, ағылшында sugar, французда sucre, орыс­тарда сахар болып қолданылады. Бұл сөз араб-парсы тілдері арқылы түркі және моңғол, алтай тілдеріне енген. Мысалы, қазақша шекер, түрікше кеker, татарша шикар, ұйғырша шекәр, бурятша шихір, т.б. түрінде жұмсалады. Әдебиет: «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі». Алматы, 1968 ж.

11653 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7291

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6242

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3984

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3375

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3332

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3302

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3030

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3017

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы