• Әдебиет
  • 05 Шілде, 2012

Мемлекеттік тіл түйткілдері

Маусым айында Парламентке қос министр – Б.Жұмағұлов пен Қ.Қасымов келіп, баяндама жасады. Олар көтерген мәселелер қоғамдық пікірталасқа өзек болды. Тілімізге қатысты көп көзінен таса қалған кейбір түйткілді жайттардың астарына үңіле отырып, бірқатар сұрақты көлденеңінен қоюға тура келеді. Ал оларды талдап, таразылау һәм уәкілетті орындарға нақты сұрау салу Сіз бен біздің міндетіміз.1. «Ономастика туралы» Заң қабылдана ма?

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның жобасы талқыланғанынан хабардармыз. Әйтсе де, «болашақ айналысқа енетін құжаттардың бетіне не жазылады, қысқа да нұсқа ақпарат қай тілде және неше тілде болады?» деген сұрақ туындайды. Өйткені «Қазақ есімдерінің анықтамалығы» (Алматы, 2009) және «Жер-су атауларының анықтамалығы» (Алматы, 2009) атты сөздіктерді құрастырғанда ондаған сұрақ алдымыздан андыздап шыққан болатын. Әсіресе мемлекеттік тілде төлқұжат толтыруда қатып-піскен ресми қағидат бар, жобаға келетін бір жүйе жасалды деу шындыққа қиянат болар еді. Ал 20 жыл бойы иеленіп келе жатқан көгілдір паспортымыздың ағылшынша (мүмкін латынша) рәсімделуі туралы бір бет арнайы құжат, ресми бекітілген Ереже, не болмаса Нұсқаулық жоқ дегеніне сенесіз бе?! Жер-су атаулары мен кісі есімдері мемлекеттің ұлттық келбет-имиджін білдіріп тұратындықтан оның жөн-жобасы ресми бекітілуі шарт. Сол себептен де алдымен Парламентіміз «Ономастика туралы» Заң қабылдағаны жөн болар еді. Сол Заңнан туындайтын ведомстволық актілер мен ережелерде аталған түйткілді мәселелер бір жүйеге келуі мүм­кін. Әйтпесе «атам айтқан, апам айт­қан»-дардан құтыла қою қиын. 2. «Шығыс» неліктен «оңтүстікті» басып озды? Мемлекеттік тілдің абыройын ойлап шырылдаушылар көп. Айтудан кенде емеспіз, ал нәтиже қандай? Аталған Заң жобасының аясында автокөліктердің нөмірлері де өзгеретіні мәлімденді. «Жас қазақ» газеті тіптен су жаңа нө­мірлердің суретін басып, «07 – Шығыс Қазақстан облысы; 16 – Оңтүстік Қазақстан облысы» деп тізімдеп те қойыпты. Жүрегіміз зырқ ете қалды. Өйткені анау Кеңес заманынан қанға сіңген әдет, жөнделмеген жүйе бар. Еліміздің бас қаржы құжаты – мемлекеттік бюджетті қараңыз, Статагенттік шығарған жинақтарды көріңіз – бәрінде де «Шығыс Қазақстан облысы» ылғи да «Оңтүстік Қазақстан облысынан» озып тұрады. Озбағанда қайтеді: орыс тілінің асығы алшысынан түсіп тұрса. Қазақ (мемлекеттік) тіліне не жорық; ресми тіл халықаралық ағылшын тілінің өзін шаң қаптырып кетсе – қазіргі (ескі) нөмірімізде шығыстықтар «F»-ны иеленіп, оңтүстікке «X» бұйырса... Әрине, осындайда «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген еске түсіп, пұшайман боласың. Кеңес заманы әліпбиімізге пысқырмасын, ал бүгінгіміз не?! 3.Тіл шаруасын қолға алатын құзырлы комиссия керек пе? Үкіметтің жанында Термино­ло­гиялық комиссия, сонымен қатар Мемлекеттік ономастика­лық комиссия да бар. Одан күтер үміт көп. Жалпы шаруасы шаш етектен, дағдарыспен жағаласқан Үкімет бүгінгі таңда қазақ тіліне қамқорлықты күшейтуі тиіс. Өйткені туралай қазақ тілінің шаруасына қатысты соңғы құжат өткен ғасырда қабылданған еді. 1983 жылы 25 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» атты Указ қабылдап, бүгінгі жазу-сызуы­мыздың ұлы жобасын Заңды түрде бекіткен еді. Ал қаншама жыл­дардан бері бүгінгі орфо­гра­­фиялық өзгерістерімізді ешкім (Парламент, Үкіметті былай қойғанда, Тіл комитетінің өзі) бекітіп, заңдастыра алмай отыр. Сондықтан тек мемлекеттік тілдің дамуы, жаң­ғыруы, реформасымен айналысатын құзырлы комиссия құрған орынды шығар. 4. Ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқимыз ба? Бұл сұрақ жөнінде және аяғы үлкен дауға айнала жаздаған ҰБТ туралы «Ана тілінің» келесі санында таратыңқырап айтпақпыз. Ғарифолла ӘНЕС, филология ғылымдарының докторы anes_gk@mail.ru anatili_gazeti @mail.ru aiser-1987@mail.ru

Редакциядан: Нақты сұрақтарға жауап алу үшін сауалдар құзырлы орындарға жолданады. Ал, Сіз, құрметті оқырман, осы сауалдар төңірегіндегі ой-пікірлеріңізбен бөліскіңіз келсе, жоғарыда көрсетілген электронды поштаға хат жолдаңыздар.

2751 рет

көрсетілді

37

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9284

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7361

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5104

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4486

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4450

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4408

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4146

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4138

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы