• Әдебиет
  • 05 Шілде, 2012

«Үшқоңыр – Алатаудың қойнауында...»

Мен Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың кіндік қаны тамған құтты мекені – бұрынғы Шамалғанды өз көзіммен көрсем деп армандаушы едім. Ақыры сол арманыма да жеткендеймін.Алматы қаласының іргесіндегі Үшқоңыр ауылына келіп жеттім. Қазақстан Президентінің балалық шағы өткен жерді, Үшқоңырдың тауы мен тасын аралап жүріп өзімді бақытты жандай сезіндім. Бұрынғы Үшқоңыр – бүгінде үл­­кен ауыл. Жасыл желекті Үшқоңыр ауы­лы адамдарының өзіндік өмір тірші­лігі бар. Үш­қоңырдағы Қарасай орта мектебі «Бізде Елбасы оқыған» деп асқақ үн қататындай. Мектеп ішін ара­лап шыққан соң, бір кездері Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған Абай атын­дағы мектепке маңдай тіре­­­­дім. Мектеп бүгінде тарихи-өлке­тану мұра­жайына айналған. Мұра­жай алаңына неше түрлі гүлдер отыр­ғызылған. Айнала жасыл желек­ке тұнып тұр. Мұражайда Елбасының өміріне байланыс­ты құнды деректер, мағлұматтар көп екен. Елбасының партасы, қаламсабы... Сондай-ақ бозбала шағынан бүгінгі өміріне дейін сыр шертетін екі мыңға жуық суреттер ілінген. Елбасының сыныптастары, ұстаздары, отбасы мүшелері бейнеленген суреттер жүрекке жылылық құяды. Нұрсұлтан Әбішұлына алғаш қалам ұстатып, әліппенің қыр-сырын ұғынды­рып, білімге алғаш талпындырған ұс­тазы Тәкура Алғадайқызының суре­ті де көзге оттай басылады. Ол бала Нұрсұлтанды алғаш білімге жетелеген ұстаз. Қандай мақтаныш! Міне, мектеп бітірген жылы сыныптастарымен түскен сурет. Топ ішінде аққұба өңді, маңдайы кере қарыс балғын жігіт тұр. Нұрсұлтан Әбішұлының отты жанарына қарап білімге құш­тар, алдына қойған мақсатынан таймайтын, өр мінезді жігіт­тің бейнесі көз алдымда тұра қалды. Мектепте оқып жүргенде-ақ, жаңашылдыққа талпынып, сыныптастарының көшбас­шысы болған Нұрсұлтан­ның жарқын бейнесі әлі күнге дейін ауылдастарының есінде. Елбасының анасы Әлжан апаны құшақтай түскен суреті қандай тартымды. Суреттегі Әлжан апаның аққұба жүзі мен ойлы тұнық көздеріне, кең маңдайына қарап тұрып: «Неткен ұқсастық! Осындай даналық қасиеттер анасынан дарыған-ау, сірә. Әлжан апай, шынында, аналардың асылы екен ғой. Даралық та, даналық та анасының ақ сүтінен дарыған екен ғой» деп ой түйдім. Сонда менің есіме Елбасының туыс әпкесі Шара Қатубаеваның: «Әлжан жеңешеміз адамзаттың асылы еді. Сол даралық, даналық қасиет Нұрсұлтанға анасы Әлжан апайдан дарыса керек» деген сөздері түсті. Үшқоңыр десе жан дү­ниесі бөлек, елін, жерін шын жүрегімен сүйген Елбасы­ның туып-өскен жерімен қауышқаныма өзімді бақыт­ты жан сезіндім. Бүгінде Үшқоңырдан шыққан қара­пайым ауыл баласы Нұрсұлтан қазақтың басын құрап, төрткүл әлемге әйгілі Мемлекет басшысы болды. Бұл да Үшқоңырдың тұрғындары үшін үлкен мәртебе. Ке­лерімде меймандос ауыл Үшқоңыр ізет көрсетіп қарсы алса, кетерімде алыстан мұнар­тып қала берді. Жол бойы менің көз алдымнан қазақтың абыройын асқақ­та­­тып Қазақстанды асқарлы асуларға бас­таған біздің ең сүйікті Елбасымыздың жар­қын бейнесі кетпей қойды. Елбасының анасы мен әкесіне жүрегім елжіреп: «Бізге осындай парасатты ақыл-ойдың иесі Нұрсұлтандай кең маңдайлы Елбасын дүниеге әкелгендеріңіз үшін сіздерге көп рақмет. Үшқоңырдай асыл топыраққа да мың мәрте тағзым» деп іштей қайталай бердім. Бақыт Бұланбаева, мұғалім Павлодар облысы Ақсу қаласы

4935 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9293

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7366

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5108

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4490

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4454

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4413

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4150

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4142

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы