• Қоғам
  • 25 Шілде, 2012

Бас редакторлар клубының Қазақстан журналистер қауымдастығына ҮНДЕУІ

Құрметті әріптестер! Бүгінгі таңда сөз бостандығы Қазақстанның үздіксіз демократиялық дамуындағы басты шарттардың бірі болып табылады. Сонымен бірге мол бостандықтың берілуі журналистердің де зор жауапкершілігін арттырады. Қоғамда цензура жоқтығы жағдайы әркімнің өзіндік ішкі цензурасы болуы керектігін аңғартады. Мысалы, масс-медиа нарығына қатысушылардың бәрі сақтайтын қатаң ішкі кәсіби мораль, нақты жазылған кәсіби құндылықтар жүйесі және этикалық қағидаларға негізделген өзіндік ішкі цензура – әлемдік беделге ие британдық БАҚ-тардың идеологиялық тұрғыдан тәуелсіз болса да қоғам алдындағы жауапкершілігінің мейлінше артуына мүмкіндік туғызуда. Алайда мұндай жағдай үнемі және барлық жерде жүзеге аспай отыр. Белгілі бір топ журналистер жауапкерші­лігі төмен мол бостандыққа ие болуы керек деп есептейді. Сон­дай-ақ бүгін БАҚ-тың басты ақпараттық қызметі өзге мақсатқа бейімделетіні құпия емес: бірқатар БАҚ шын­дық­ты көрсетудің орнына, біреулердің ұйғарымымен жеке бас­тың мүддесін қоғамдық санаға өз ережелері мен өздері­­нің қалауы бойынша сіңіруде. Бұл, әсіресе, Интернетте ай­қын көрініс беріп отыр. Оның өзіндік мүмкіншіліктерін жеке бір тұлғалар «ақпараттық соғыс» жүргізу құралы ретінде пайдаланып келеді. Интернеттің ақпараттары нәтижесінде қоғамда оқыс әрі қарама-қайшылық жағдайлар туындауда. Сенсация қудалау мен біреулердің көңілін табу үшін жасалатын кейбір әрекеттер, мәселенің байыбына бармай жатып, өмірдегі жекелеген тосын жағдайларды тек қазақстандық қоғамға ғана тән заңдылық сияқты етіп көрсетуді, сөйтіп адамдар арасында үрей туғызуды мақсат етеді. Жалпы журналистиканың басты міндеті адамдардың жігерін құм қылу емес, керісінше, олардың үміт отын жандыру болып табылады. Сондықтан қандайда бір оқиғаны берген кезде журналистиканың жоғарғы рөлі мен аса жауапкершілігін есте ұстау қажет. Жүз жыл бұрын қалыптасқан «Түсініктеме еркін, бірақ фактілер қасиетті» деген тәуелсіз журналистика принциптерін тұрақты негізге алу керек. Осы ретте, Елбасының БАҚ журналистік этиканың ұлттық Кодексінің айқын стандарттары негізінде, сол сияқты тұтынушыны бұрмаланған әрі дәйектемесіз ақпараттардан қорғайтын құқықтық ережелер бойынша жұмыс істеуі керек деген ұсынысын барынша орынды және толық қолдауға лайық деп санаймыз.

2793 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы