• Қоғам
  • 25 Шілде, 2012

Еңбек нарығына – білікті маман

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жуықта баспасөзде жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында халық денсаулығын сақтау, медициналық қызметтің сапасын жақсартып, халықаралық деңгейге көтеру керектігін атап көрсетті. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда және ұстаз мәртебесін көтеруде өз үлесін қосып келе жатқан республикамызға танымал, 76 жылдық тарихы бар байырғы оқу орындарының бірі – Жамбыл медициналық колледжінің ұжымы қазіргі заман талабына сай білімді, рухани дүниесі бай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда, қоғамның белсенді азаматын тәрбиелеуде лайықты жұмыс атқаруда. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев білім беру жүйесін жақсарту және қаржыландыру бағытына көп көңіл бөліп отыр. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы да орта буынды медицина қызметкерлерін дайындауда өз тарапынан жағдай жасап, оқу базаларының заман талабына сай жабдықталуын, колледждің емдеу орындарымен тығыз байланысын үнемі назарда ұстайды. Облыстық бюджет тарапынан колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің лингафон кабинеттері, компьютер кластары ұйымдастырылды, ноутбуктер, техникалық оқу құралдары, интерактивты тақталар алынды. Колледж 76 жыл ішінде 17 мыңға жуық орта буын медицина мамандарын даярлады, олардың ішінде колледж ұжымы мақтан тұтатын есімдер аз емес: қан тамырлы хирургиясының негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы Тұрар Кукеев, республикалық онкология институтының бұрынғы директоры, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Әбдіқалиев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Айсұлу Каркабаева, Сызғанов атындағы хирургия орталығының бас дәрігері Бауыржан Наржанов, Онкология және радиология ҒЗИ-ның бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ағзат Бейсебаев, медицина ғылымдарының кандидаты Далихан Амировтарды айтуға болады. Болашақ мамандығына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында және диплом алды тәжірибеге дайындық ретінде колледжде жылда дәстүрлі «Үздік фельдшер», «Үздік акушер», «Үздік мейірбике» және «Үздік фармацевт» байқаулары жоғары деңгейде өткізіледі. Колледж білімгерлері облыс, қала көлемінде өткізілетін мәдени іс-шараларға да белсене қатысуда, тәрбие жұмыстарына байланысты тақырыптық тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтеді. Оқытушылар өзара озық тәжірибе алмасуға, біліктіліктерін арттыруға көп көңіл бөледі. Республика көлемінде Алматы, Шымкент, Қарағанды медицина колледждерінде өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға және байқауларға белсене қатысуда. Елбасымыз атап көрсеткендей, елімізге қажет мамандарды сапалы дайындау үшін Жамбыл медициналық колледж ұжымы жаңа педагогикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізе отырып, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, еңбек нарығына сәйкес бәсекеге қабілетті орта буын медицина мамандарын даярлауға үлесін қоса бермек.

С.Қоңырова, Жамбыл медициналық колледжінің директоры

3209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы