• Тіл
  • 02 Тамыз, 2012

Масылдық кеселінен арылуға болады

«Ана тілі» газетінің №29 санында «Масылдық кеселінен қалай арылуға болады?» деген мақала жарық көрді. Осы мақаладағы айтылған пікірлерді қолдау мақсатында өз ойымды ортаға салсам деп едім. Масылдық – бұл адам баласын орға жығатын жағымсыз қасиеттердің бірі деп білемін. Масылдық кеселіне шалдыққан адам одан тез арада арыла алмайтын болса, ол өзінің өмірін дұрыс ұйымдастыра алмайды. Үнемі біреуге қол созып, көмек сұраумен өтеді. Дені сау бола тұра, жұмыс істегісі келмейтін, адал еңбекке аяқ басқысы келмейтін азаматтарды аз көріп жүрген жоқпыз. Соларға қарап тұрып, кейде ойлаймын, бұлар біздің мемлекетке, қоғамға қандай пайда келтіреді деп. Менің ойымша, масылдық кеселінен арылтатын тура жол – бұл маңдай теріңді сылып тастап еткен еңбегің. Бұдан өзге жол жоқ. Өйткені еңбек қана адамды шыңдайды, тәрбиелейді. Өзіміз бала жас­тан еңбекпен өстік. Одан жаман болғамыз жоқ. Қайта еңбек бізді өмірдегі қиыншылықтарды жеңуге, еңсеруге тәрбиеледі. Белді бекем буып, әрбір іске жауапкершілікпен қарауды үйретті. Біз еңбегімізге адал болу арқылы, оның да жемісін көріп келеміз. Еңбекке төгілген тер, еңбекке қарай жасалған қадам далаға кетпейді. Ол әрбір адамның өзіне ырыс пен байлық болып қайтып келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай атамыз айтқандай, еңбек адамы ғана ешкімге көзін сүзбей, өз күнін өзі көреді. Масылдықтың туындау себептерін, сондай-ақ адамның жеке психологиясымен байланыстыруға болады. Табиғатынан еріншектікке бейім тұратын адам масылдыққа тез үйір болады. Ондай адам масылдыққа бой ұру арқылы өз бойындағы еріншектік қасиеттерді байқатпауға, жасырып қалуға тырысады. Бұл тұрғыдан алғанда масылдықты ешқандай себептермен ақтап алуға келмейді. Зада Аманбаев Шығыс Қазақстан облысы

2892 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5754

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5445

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3183

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2571

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2531

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2509

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2242

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2226

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы