• Ақпарат
  • 13 Сәуір, 2009

Бекзада өнердің Бекзаты

Bekzat4-сәуір Бекзат Саттархановтың туған күні. Бекзат әлемге бізді танытқанда, біз неге Бекзатты әлемге таныта алмай келміз. Құрығанда туған күнін атап өтсек етті. Жиырмасында орда бұзып, қамал алған, қысқа да мағыналы өмірі өнегеге толы, өшпес рух, өшпес жалын қалдырған, батырлықтың символына айналған Бекзат Саттархановтың отансүйгіштік ерлігін насихаттау тірілердің борышы. Аңызға айналған Бекзаттың ерлігін бұлтақтамай ашығын айтсақ, Қазақ тәуелсіз ел болғалы Қазақтан тұңғыш олимпиада биігін бағындырған, Қазақтың туын Қазақ болып биікке қадаған нағыз хас батыр. Бүкіл әлемдегі қандастарымыздан бастап Алаш жұртының жүрегі жарыла қуанғанының сыры міне осыда жатыр. Ал жастарымызды рухтандырып тастағанының себебі, Бекзат жеңісі арқылы жастарға терең ой салды. Жастарға алынбастай қамал болып көрінген биіктікті бағындыруға болатынын дәлелдеді, қазіргі жас олимпиада чемпиондарына жол салып берді. Сондықтан да сол чемпиондарымыз Бекзатты пір тұтып, Бекзатқа қарай бой түзеді. Қазақтың қала берді түркі әлемінің қасиетті Түркістан топырағынан ата-бабаларымыздың тілеуімен Құдай қабыл ғып, Бекзаттай ұлды рухымызды сілкінтуі үшін жолдауы деп түсінген абзал. Дегенмен отанды қалай сүйе білудегі үлгі болған шиеленісті жекпе-жектердегі жеңісі жастарға жігер, өшпес жалын, өшпес рух қалдырып кеткен Бекзатты 2009 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласының Конгресс холл сарайында сағат 18.00-де «Алаштың алтын ұлы» атты кеште еске алуды жоспарланып отыр екен. Кеш Астана қалалық әкімшілігінің қолдауымен «Алғыр ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіледі. Келіңіздер, Бекзатқа деген сағынышыңызды басыңыздар!

3242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы