• Тіл
  • 22 Желтоқсан, 2012

Қазақ кітаптарының бағасы неге қымбат?

книги«Ана тілі» газетінің биылғы №43 санында Рая Ахметқазықызының «Қазақ әдеби тілі» сөздігінің таралымы неге аз?» деген мақаласы жарық көрді. Автордың «мұндай сөздіктер әр қазақтың шаңырағында тұрса да артық болмас еді» деген сөзімен келісе отырып, төмендегі жайтты айтқым келеді.  Орал қаласында Қазақстанда басылып шыққан кітаптарды сататын жалғыз дүкен бар (Жәңгірхан атындағы дүкен), сонда жаңағы сөздік бос тұр (таралымы аз болса да). Неге? Ол сөздіктің әрбір томы 4500 теңге тұрады. Алған кісі бір томын, не екі томын алмайды ғой, алса бәрін алу керек. Бұл сөздіктердің толық жинағы 15 томды құрайды. Сонда бағасы 67500 болып шығады. Оны кім сатып ала алады, қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім бе? Әлде жай қазақ отбасы ма? Ал Ресейде шығып, жаңағы дүкенде сатылатын орыс тілінің сөздігі (С.И.Ожеговтің) 1500 теңге тұрады. В.Дальдің үлкен форматтағы бір томдық сөздігінің бағасы 1000 теңге, бұларды кез келген зейнеткер сатып ала алады. Мысалы, жаңағы сөздіктің бір томы 1000 теңге болса, мен оларды әлдеқашан сатып алған болар едім, зейнеткер болсам да. Жалғыз сөздіктер емес, Қазақстанда шыққан кітаптардың тек таралымы ғана аз емес, сонымен бірге бағасы қымбат, жай халық сатып алып оқи алмайды, соңғы жылдары кітапқа деген ықыластың азаюының бір себебі осында. Жыл он екі айда мемлекетімізде неше түрлі тойлар, форум-конгрестер көптеп өтіп жатады. Оларға кетіп жатқан көптеген миллиондарды ойланбастан жұмсап жатыр. Ал ана тілімізге келгенде қолын жайған көшедегі тіленшіміз! Халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі туралы кітаптарды қарапайым халықтың қолы­на жететіндей таралыммен көбейтіп, бағасын арзандату керек. Оған мемлекет субсидия бөлуі керек деп есептеймін. Ж.Жонайтегі, еңбек ардагері Орал

2853 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8974

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7175

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4916

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4301

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4266

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4225

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3956

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3955

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы