• Тіл
  • 24 Қаңтар, 2013

«Сары» ма, «сар» ма?

«Ана тілі» газетінің өткендегі бір санындағы «Оқырман отауында» С.Қасымхановтың «Сары» мен «сар» сөздері хақында» деген мақаласы талқыға салынды. Мен газет оқырманы ретінде өз пікірімді білдіргім келеді. Мақала авторының сөздерінің жаны бар сияқты. Жайлау неге сары болады? Қадыр ағамыз жазғандай «жасыл жайлау» деген тіркес келісіп тұрған жоқ па? «Сар» сөзіне байланысты автордың ізденісі де құптарлық. «Сар желіс» деген сөз салт атты жолаушының ұзақ жолға шыққанда еш жерге ат шалдырмай, суыт жүрісіне байланысты айтылса керек. «Қара» сөзі «тек түс мағынасында ғана емес, сонымен бірге «үлкен» дегенді де білдіреді» деп жазады автор. Бұған да құлақ асуға болады. Мысалы, «қара домбыра» деген тіркес бар. Бұл домбыраның түсін білдірмейді. Оның мағынасы «қасиетті, киелі» дегенге саяды. «Сар» сөзі әдеби шығармаларда жиі болмаса да, кездесіп қалады. Сәуле Досжанова деген ақын қызымыздың «Сарыарқаның самалы» деген өлеңі: Сарыарқаның соғады сар самалы, Сар даланың осы ғой аңсағаны, – деп басталады. Сөзден сөз шығады. Менің әкемнің қара дәптері болушы еді. Оған кезінде репрессияға түскен ұлтжанды ақындар Мағжанның, Міржақыптың, Шәкәрімнің тыйым салынған өлеңдерін іздеп жүріп жазып алған екен. Оларды бізге өзі оқып беретін. Өйткені біз танымайтын араб қарпімен жазылған болатын. Бала кезімізден Мағжанның, Міржақыптың өлеңдерімен, Шәкә­рімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасымен, оның А.С.Пушкиннен өлеңмен аударған «Дубровскийімен» осылай танысқан едік. Сол қара дәптерде Дия қажының эпиграммалары да болатын. Қарағанды өңірінде сондай адам өмір сүрген. Оның азан шақырып қойған аты Мұхамедия екен. Дін оқуын оқыған, білімді адам болған. Түркияда оқыған, Мекке, Мәдинада болған. Қажы болғаннан кейін «Пайғамбар есімін алып жүру ауыр болады» деп, атын Дия деп өзгертіп, содан Дия қажы атанған. Кейін «халық жауы» деген жаламен атылып кеткен. Сол кісінің қысқа да өткір эпиграммаларының біріндегі «сар скупой, весьма тупой» деген сөздері есімде қалыпты. Мұны біз бала кезімізде «скупой рыцарь» деген бар ғой, соған ұқсас «скупой царь» деген сөз болар деп топшылағанбыз. Сонда әкем: «царь» болса, «тсар» деп жазылар еді. Бұл «царь» да, «сары» да емес, «нағыз» деген мағынаны білдіретін «сар» деген сөз бар дегені есімде. Енді ойлап отырсам, «сар скупой» сөзі «сараңның сараңы» деген мағына беретін сияқты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, менің пікірімше, мақала авторының тұжырымымен келіскен жөн. Бұдан былай «сары» емес, «сар» деп жазғанымыз дұрыс болатын шығар. Тілеуғазы БЕЙСЕМБЕК Астана

4123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9532

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7544

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5290

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4669

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4633

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4590

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4328

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4321

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы