• Білім және ғылым
  • 05 Мамыр, 2009

Енжарлық етектен тартады

Ұлт тілі қашан да қоғамдық құбылыс әсерінен үздіксіз үдеріске айналған проблемалық сұрақтарсыз болған емес. Солардың әсері, ұлттық идеологтар мен әлеуметтанушылардың жанайқайынан туған үндеулері қазір де кеңірдекті жыртатындай, құлақтың суы мен көздің майын тауысарлықтай қаптап кеткені тағы бар. «Тілім – ділімді сақтайды, ділім – дінімді сақтайды» – деп аттанға басқанымызбен ауыз толтырып айтарлықтай қазақ тілінің мәртебесі өз деңгейінде емес. Бар философия көзі – атам қазақ айтқан «Тыңдар құлақ болса, көрер көз болса, айтар сөзім бар» деп айтқан асқан ақыл тереңдігінде жатыр емес пе? Әлде «Неге қазақша сөйлемейсің!?» деп шара қолданып жатқан жоғарғы лауазым өкілін көзіміз көріп, түйсігіміз сезіп пе еді? Көптеген ұлттық тақырыптағы БАҚ-ның мың жерден өз тілімізде сайрағанымен, осынау даулы мәселе көтеріп отырғандардың кейде түсінігі қайда кеткен деп ойлайсың? Түгел халықты тоталитаризм жүйесінен өз тілінде сөйлете алмаған кеңес өкіметінің алдын орап, егемендігі жиырма жылға жете қоймаған Қазақстан өзінің 130-ға жуық өзге ұлт өкілдерін қалай ғана қазақша сайратпақ? Оның үстіне, жоғарыда отырған ағаларымыздың да жұмақтың тілін орыстың тіліндей көріп жиналыста отырған екі орыс үшін баяндамасын да, айтар сөзін де орысша сабақтағаны балық басынан шіридінің көкесін көрсетпей ме? Осындайға жол беріп отырған біз Түркия мемлекетінің тілдік моделіне неге сүйенбейміз? Аталған елдің қарамағында көптеген өзге ұлт өкілдері мекендесе де, тілдің қолдану заңдылықтары біржақты және нақты қабылданған. Ал бізде осы мүдде неге толықтай атқарылмайды? Жалпы, тіл мәселесіне келгенде енжарлықпен қарау болашағымыздың сорына айналарына ешқандай күмәнсіз сене беруге болады. Ардақ Құлтаев, студент

3541 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы