• Қоғам
  • 19 Қараша, 2009

«Келін» фильмі «Оскарға» ұсынуға лайық па?»

www.anatili.kazgazeta.kz2010 жылы Қазақстан 56 елдің басын біріктірген Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Төрағалық етеді. 2011 жылы біздің ел 57 мемлекет мүше болып табылатын Ислам Конференциясы ұйымына төраға болмақ. Осы орайда сыртқы имидж мәселесіне алаңдаушылық танытып отырған «Азамат» жастар клубы «Қазақфильмнің» «Келін» туындысын «Оскарға» шет елдік фильмдер тізбесі бойынша ұсынуы сыртқы имиджге кері әсер етеді деп санайды. Әрине, режиссер атамыш фильмді қазақтар туралы емес деп айтқанымен, шетелдіктер үшін бұл маңызды емес. Себебі, америкалық көрермен қазақ елінің тарихын білмейді, сондықтан бірінші кезекте назар аударатыны өнімнің Қазақстанда жасалғандығы. Мәселен «Борат» фильмі шыққанда бұл біз туралы емес деп шырылдадық. Алайда Еуропа оны түсінді ме? Біреу үшін, әсіресе режиссер үшін «Келін» шедевр болуы мүмкін. Бірақ елді масқаралап, оны Оскарға ұсынудың қажеті жоқ. Жеке өз басым режиссердің мақсатын түсіне алмадым. Жарайды, өзінің талантты екенін дәлелдегісі келген шығар, талантты да шығар. Бірақ сол дарынын қазақ қоғамы үшін пайдалы дүние жасаса кім кедергі? Осы мәселені біздің зиялылар көтеруі керек-ақ еді. Бірақ олар үнсіз, сондықтан жастар болып бұл фильмнің «Оскар» сыйлығына Қазақстан атынан ұсынбау керек деп ойлаймыз.

Азаматтық пікір білдіру құқығын пайдаланған «Азамат» жастар клубының бұл ұсынысын бірнеше жастар ұйымдары да қолдап отыр. Аталған мәселеге байланысты Алматы қалалық прокуратурасына, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Комиссияға, Сыртқы істер министрлігіне, ҚР Парламентіне хаттар жолданған.

Руслан Желдібаев, «Азамат» жастар клубы

4277 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы