• Қоғам
  • 19 Қараша, 2009

Қаһарман өтті өмірден

Қазақ өнері ауыр қазаға ұшырады. Арда өнердің жанашыры, тағлымы мол ұстаз, талантты режиссер, Әзербайжан Мәмбетов өмірден озды. Ол 1932 жылы 1-қүркүйекте Ресей Федерациясының Волгоград облысының Савенко селосында туған. 1952 -1957 жылдары Мәскеу қаласындағы Луначарский атындағы ГИТИС институтының режиссер факултетін біттірген. 1957 жылдан 1980 жылға дейін М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында режиссер болды. 1980 жылдан бастап аталған театрдың бас режиссеры және директор қызметін қоса атқарды. Сол жылдары ұзақ жемісті еңбегінің нәтижесінде 200-ден астам қойылымдарды сахнаға шығарды. 1974 жылы Ә. Нұрпейісовтың « Қан мен тер» қойылымы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатты атағына ие болды. 1976 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді. 1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына қызметке шақырды. Осы театрдың өне бойына қан жүгіртіп, бірнеше қойылымды сахнаға шығарды. 2000 жылы «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын алды. 2001 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. Амал не, 77 жасында аяулы азаматты ажал әкетті. Алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш болсын, ардақты аға!

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің ұжымы

2829 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы