• Ақпарат
  • 22 Ақпан, 2009

Жабайы жарнама жайлады

Жаппай интернет блогтарын ашып жатқан шенеуніктердін алдын жезөкшелер ораған сияқты. Қаладағы әр ауланың сыртында жарнамасы жазылған бұл сайттарды білмейтін жан жоқ. Осы мәселені көтерген «Литер» газетінің жазуынша, ол сайттарды жабуға ҚР ІІМ дәрменсіздік танытып отыр.Ол сайттар иесі қазір Чехияда тұратын бұрынғы Қазақстан азаматы көрінеді. Оның әрекетіне ол елдің заңында да еш қарсылық жоқ. «Аталған сайттар тәртіп сақшыларына таныс. Оларды жеңгетайлыққа да жатқыза алмаймыз. Өйткені жарнамалар ерікті түрде беріледі. Біз ол елдің билігіне осы мәселе туралы хат жібердік, жауап жоқ. Ал жезөкшелердің өздерін сотқа сүйрей алмаймыз» деген ІІМ-нің қызметкері Инна Петрищева еліміздің конституциясын алға тартады. Өткенде ғана Қытай билігінің бір аптада жүзге жуық порнографиялық сайтты жауып тастағаны белгілі. Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарай алмайтын Қытай құрлы бола алмай отырғанымыз өкінішті-ақ.

2640 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы