• Ақпарат
  • 10 Ақпан, 2009

Жастарға түзу жол сілтейік

Менің жасым 60-та. «Ана тілін» көптен жаздыртып оқимын. Газетте ұлт мүддесіне қатысты маңызды мәселелер көтеріліп жүр. Тіл, дін, салт-дәстүр хақында мазмұнды мақалалар жарық көреді. Сол үшін де газет ұжымына ризашылығымды білдіремін.

Бұл газет ел ішінде көптеп таралуы тиіс. Осыған намысты қазақтар атсалысайық. Осы бағытта газет бәйге жарияласа да артық болмас еді. Оның қортындысы жыл басында шығарылып тұрса.

Ел ертеңі – жастар. Газет жас ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударса нұр үстіне нұр. Маған бүгінгі жастар ана тілінен, ұлтымыздың озық салт-дәстүрінен, әдет-ғұрыптарынан алшақтап бара жатқандай көрінеді. Бұл жақсы емес. Соларға бағыт-бағдар беру, жөн сілтеу «Ана тілінің» қолынан келеді. Осыны қолға алсаңыздар екен.

 

Аманкелді Ақбердіұлы

 

АТЫРАУ

2682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы