• Тіл
  • 09 Маусым, 2010

Қарапайым оқыту әдістемесі қолға алынса...

Бірінші, осы бағдарламаны сәтті іске асырамыз десек, ықшам оқулық, шағын сөздік, қарапайым әдістеме дайындауды қолға алуымыз керек. Яғни оқу құралдарын орыстілді аудиторияға лайықтап, грамматикасыз оқулық жасауға тиіспіз. Өйткені қазір мектепте орыс баласының өзі ана тілінің грамматикасын әрең меңгереді.

Оған барып қазақ тілінің грамматикасын үстемеле­ге­німізбен нәтиже шықпайды. Ал ересектерді алсақ, олар ана тілінің грамматикасына үйренген. Сондықтан грамматикасыз оқытудың әдістемесін, оқулығын дайындауымыз қажет. Мысалы, қазіргі оқулықтар 200 беттен кем болмайды. Ал сөздіктер тіпті 5000-10000 сөзді қамтиды. Тіл үйренетін адамның академиялық дең­гейде дайындалған мұндай сөздікке тісі бата бермесі анық. Сондықтан оқулық көлемі шағын болып, қажетті, зәру сөздер мен сөйлемдер ғана енгізілуі керек. Сондай-ақ сөздік әрбір кәсіпке, мамандыққа байланысты шағын ғана болуы қажет. Екінші, тіл үйретуді төрт деңгейге бөліп алу керек. Бастау деңгейі. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілікке, отбасында, көшеде, жұмыста қолданатын қарапайым сөздерді үйретуден басталады. Бұл деңгейдің сөздік қоры көп болмайды. Ары кеткенде 300 сөздің көлемінде ғана. Сондықтан тіл үйренушіге мұндай деңгейді толық игеру міндеттелуі тиіс. Кәсіби деңгей. Әр адамның кәсібіне байланысты сөздер мен сөз оралымдарын игеруі. Мұндай деңгейге жету үшін бас­тау деңгейіне көп болса 100 сөз ғана қосылады. Іскери деңгей. Қазіргі біздің бір ұтылып жүрген жеріміз – мекемедегілерге бірден қа­зақтың іскери тілін үйретеміз деп әлек боламыз. Асылы, олар жоғарыда айтқан бірінші, екін­ші деңгейден өтуі қажет. Әдеби деңгей. Бұл деңгейге жеткендер көркем шығарманы оқи білуі қажет. Мұны айтып отырған себебім, қазір біздің оқулықтарда бірден Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін, «Абай жолынан» үзінділер үйрете бас­тайды. Мұндай мәтіндер тіл үйренушілерге ауыр тиеді. Үшінші, жер-жерде тіл үйрету орталықтары жақсы жұмыс жасап жатыр. Бірақ олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан қазақ тілін жаппай үйрету мәселесін қолға алу үшін Қазақстандағы барлық баспасөз құралдары: радио, газет, телеар­налар аз болса да грамматикасыз оқытудың үлгілерін беріп отыр­са, нұр үстіне нұр болар еді. Әлмұқан Жүнісбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор

3563 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8804

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7081

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4823

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4209

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4173

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4132

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3863

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3862

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы