• Тіл
  • 09 Маусым, 2010

Немістер қазақ тіліне ден қоюда

Өткен аптада Германияның Юстус Либиг атындағы Гиссен университетінің ғалымдары «Қазақ газеттері» ЖШС-іне келіп, «Ана тілі» газетінің ұжымымен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге аталмыш университеттің түркітану кафедрасының профессоры, «Шығыс Еуропа» орталығының ұйымдастырушы директорының орынбасары Марк Кирхнер, «Шығыс Еуропа» орталығының ұйымдастырушы директоры, Юстус Либиг атындағы Гиссен университеті славян тіл білімі кафедрасының профессоры, PhD докторы Моника Вингендер, түркітану кафедрасының ғылыми қызметкері, PhD докторы Райхангүл Мұхамедова, түркітану кафедрасының ғылыми қызметкері Бартоломэ Рут, славян тіл білімі кафедрасының ғылыми қызметкері Оксана Браун қатысты. Кездесуді «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин жүргізді. Ұзақ жылдардан бері түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін зерттеумен айналысып келе жатқан профессор Марк Кирхнер мырза мен славян тілдерін зерт­теуші маман, профессор Моника Вингендер бұл жолы Қазақстанға тіл жайының хал-ахуа­лын бағамдап, арнайы зерттеу бағдар­лама­сын жасау үшін келіпті. Әр ғалым өз ны­сандарындағы тілдерді жақсы меңгерген. Сон­дықтан да ұлт басылымы «Ана тіліне» келіп, тіл жайында сұхбаттасуды жөн көріпті. Кездесуде негізінен қазақ тілінің қазіргі хал-ахуалы сөз болып, мемлекеттік тіл мерейінің күн санап өсіп келе жатқандығы, оның болашағы жарқын екендігі жөнінде әңгіме өрбіді. Сондай-ақ қазақ-неміс әдеби-мәдени байланыстары жайында да тың ойлар айтылды. Жақында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы да жоғарыда аталған германиялық ғалымдармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғалымдар Герма­ниядағы қазақ тілінің зерттелу жайы, Германиядағы славян тілдерінің зерттелуі, Қазақстандағы тілдік жағдаят, әлеуметтік лингвистика, т.с.с. мәселелер төңірегінде ой өрбітіп, өзара пікір алмасты. Баяндамасын қазақ тілінде жасаған профессор Марк Кирхнер мырза түркітанудың Германиядағы зерттелу барысы, Юстус Либиг атындағы Гиссен университетіндегі ғалымдардың зерттеу жұмыстарының бағыттары, мақсаты туралы баяндады. Профессор Моника Вингендер «Шығыс Еуропа» Гиссен ғылыми орталығының социология және мәдениеттану саласындағы зерттеулері, мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдерінен хабардар етіп, Қазақстанға келудегі мақсаттары – қазақ және татар тілдерінің бүгінгі жай-күйін, қолданысын зерттеуге бағытталған үш жылдық бағдарламаға сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізу екенін атап өтті. Кездесу соңында А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, болашақта «Шығыс Еуропа» орталығы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасында тығыз байланыс орнатып, бірлескен ғылыми жобалар бойынша жұмыс жүргізіп, ғылыми мамандарды даярлау, ынтымақтастықты нығайтуға байланысты ұсыныстар жасады. Германиялық әріптестер де бұл ұсынысты қолдайтындарын айтты. Қайнар Дәукен

2576 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8808

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7083

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4825

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4211

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4175

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4134

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3866

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3864

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы