• Тіл
  • 23 Маусым, 2010

Ағылшын тіліндегі түркизмдер

Жуырда Елордамыз Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті Абдулла Гүл Түркі Академиясының ғылыми-зерттеу орталығын салтанатты түрде ашты. Бұл түркі өркениетінің рухани дүниетанымдық дамуындағы маңызы зор оқиға болды. Осыған орай ізденуші ғалым Үрила Кеңесбаеваның ағылшын тілі мен түркі тілдерінің байланысына арналған көлемді зерттеу еңбегінен үзінді беріп отырмыз.  Ағылшын тілі әлем тілдерінің үн­діеуропа тобының батыс герман тар­мағына жатады. Үндіеуропалықтар біздің жыл санауымызға дейінгі 5000 жылдары Шығыс Еуропа мен Батыс Азияны мекендеген. Олар көшіп-қонып жүріп, бірте-бірте Кавказға, солтүстік Үндістанға, Еуропаның батыс аймақтарына барып қоныс тебеді. Сондықтан ағылшын тілінен қазір бір-бірінен алшақ жатқан латын, санскрит, галл, скандинав тілдерінің табын байқауға болады. Сонымен қатар бұл тіл ежелден кірме сөздерді өзіне сіңіріп өнген. Ағылшын тілінің сөздік қорының молаюы­на әлемнің 1000-нан аса тілі үлес қосқан. АҚШ-тың «Global Language Monitor» лингвистикалық компаниясының 2006 жылдың сәуір айындағы есептеуі бойынша, ағылшын тілінде 988 968 сөз бар екен. Сол қордың 65-70 %-ын кірме сөздер құрайды. Британ аралдарына келушілер өздерімен бірге тілдерін де ала келіп, кетерде көп сөздерін қалдырып кетіп отырған. Кейде өздері де, сөздері де жергілікті халықпен біте қайнасып, сіңісіп кеткен. Төмендегі зерттеуімізде ағылшын тіліне түркі тілдерінің қосқан үлесін анықтауға тырысамыз. Жарты әлемді жаулап алған атақты Рим императоры Юлий Цезарь Британияда да төрт жүз жылдай үстемдік жүргізді. Рим империясына ІV ғасырда оңтүстіктен варварлар қауіп төндіре бастады. 383 жылы Юлий Цезарь әскері Британ аралдарын тастап, империяны варварлардан азат ету үшін көрші Франция еліне кете бастады. 407 жылға қарай римдіктер аралдан түгел кеткенде бриттерге солтүстіктен скот мен пикт тайпалары шабуылдап тыным бермеді. Жергілікті халық қорғансыздың күнін көрді. Қаскөй скоттар мен пиктерден әбден зәрезап болған брит елбасшылары Германиядан жауынгер англ, саксон және ют тайпаларын көмекке шақыруға мәжбүр болды. Елді жауыз айдаһардан азат еткен бөрі адам Беовулф туралы әйгілі «Beowulf» дастаны осы оқиғаларға байланысты пайда болған еді. Беовулф сол англсаксон тайпаларынан болатын. Саксондардың арғы тегі – малына жақсы жайылым іздеп көшіп-қонып жүріп, Батыс Еуропадағы Германия мен Cкандинавия жеріне қоныстанған сақ тайпалары. Қазақ ұлты, жалпы түркі тектес ұлыстар тарихта әр дәуірде әртүрлі (ғұн, скиф, сармат, татар, қазар, бұлғар, түркі, қырғыз-қайсақ, т.т.) аталған. Әңгіме етіп отырған кезеңде ата-бабаларымыз сақтар деген атпен белгілі еді. II дүниежүзілік соғыс кезінде және 1951-1955 жылдары Ұлыбританияның Премьер-министрі болған Уинстон С.Черчилль­дің (Sir Winston Spencer Churchill, 1874-1965) шығармашылықпен де айналысып, Нобель сыйлығын алғаны мәлім. Ол «Ағылшын халқының тарихы» деген төрт томдық еңбегінің бірінші томында сақтар туралы былай дейді: Their hard laws, the rigours they endured, were but the results of the immense pressures behind them as the hordes of avid humanity spread westward from Central Asia. Of all the tribes of the Germanic race none was more cruel than the Saxons. Their very name, which spread to the whole confederacy of Northern tribes, was supposed to be derived from the use of a weapon, the seax, a short one-handed sword. The Saxon was moreover a valley-settler. His notion of an economic holding was a meadow for hay near the stream, the lower slopes under the plough, the upper slopes kept for pasture. … [49-50- беттер. Winston S. Churchill. A History of the English-speaking Peoples. Volume I. The Birth of Britain]. Оқырмандардың бәріне бірдей түсінікті болу үшін осы еңбектің орыс тілінде «Рождение Британии» деген атпен шыққан аударма нұсқасынан да үзінді берейік: “...их суровые законы были результатом огромного давления алчных орд, катившихся на запад из Центральной Азии. Саки были самыми жестокими из всех германских племен. Само их имя, распространившееся на целую конфедерацию северных народностей, как полагают, произошло от названия короткого одноручного меча. Саксы селились прежде всего в долинах. Хозяйство в представлении сакса – это луг для сена возле реки, невысокие склоны для пашни и более высокие для выпаса скота” [72-бет]. Білекті де батыл саксондар елді пиктер мен скоттардан толық азат етті. Бірақ олар брит корольдерінің «рахмет, болды, енді өз жерлеріңе қайтыңдар» деген сөзіне құлақ аспады. Жүз елу жылдың ішінде саксондар жаңа қоныста мығым орнығып, бриттердің өздерін Уэльске, елдің солтүстігіне қарай ығыстырып жіберді. Елдің оңтүстігі мен шығысында Кент, Ессекс, Уессекс, Мерсия, Нортумбрия атты корольдіктер орнатып, жергілікті халықты билеп-төстеп, өзі өсіп-өніп Британ аралдарының негізгі ұлысына айналды. Ал 673-735 жылдар аралығында өмір сүрген жылнамашы Құрметті Беде (Тhe Venerable Bede) тарихта “Bede’s Ecclesiastical History of the English People” – “Ағылшын халқының шіркеулік тарихы“ деген атпен қалған жылнамада: From the Saxon country, that is, the district known as Old Saxony, came the East Saxons, the South Saxons, and the West Saxons….It was not long before hordes of these peoples eagerly crowded into the island and the number of foreigners began to increase to such an extent that they became a source of terror to the natives who had called them in. [51-53-беттер. Oxford. Clarendon Press, 1969]. Орысша аудармасы: «... От саксов, из области известной ныне как Старая Саксония происходят восточные саксы, южные саксы и западные саксы... ... упомянутые народы хлынули на остров, и вот уже число пришельцев возросло настолько, что они начали наводить ужас на призвавших их местных жителей» [Беда Достопочтенный. Церковная история народа англов. Пер. В.В. Эрлихмана. Спб., 2001. 21-22-беттер]. Әрине, сақтар ол жерге өз өмір сүру салтын, өз тілін ала бармауы мүмкін емес еді. Уинстон Черчилль жоғарыда аталған кітабында Рим империясының вассалы болған кезде христиан дініне бет бұрған елді сақтар әртүрлі киелерге табынатын етіп жібергенін: «It had been Christian, it was now heathen» [50-бет] (Страна была христианской, теперь стала языческой. 72-бет), латын әрпіндегі халықты руна жазуына көшіріп, жер-жерге руналық мәтінмен ақпарат тасымалданғанын айтады: «Some miserable runic scribbling were the only means by which they could convey their thoughts or wishes to one another at a distance» («Жалкие рунические каракули были единственным способом выражения мыслей и желаний, предназначенных для передачи на расстоянии» 72-бет). [Winston S. Churchill. A History of the English-speaking Peoples. Volume I. The Birth of Britain]. Ежелгі саксондардың қолөнері бұ­йым­дарындағы түркі тайпаларына тән «аң стилін» (звериный стиль), Күлтегін, Білге қаған, Тонұқұқ бабаларымыз қал­дырып кеткен Орхон-Енисей, Талас тас бітіктеріндегі руна жазуына өте ұқсас «футарк» руна жазуын, қорған тұрғызып жерлеу дәстүрін [Британ аралдарын мекендеген өзге тайпалар қайтыс болған адамның мәйітін не жерге жай қабыр қазып көмген, не өртеп, не суға ағызып жіберетін болған], шаруашылығы, тұрмысындағы көптеген ұқсастықтарды айтпағанның өзінде жо­ғарыда келтірілген мысалдардың өзі көп ойларға жетелейді. Сондықтан ағылшын тілінің этимологиялық сөздіктеріндегі «AS» (Anglo-Saxson) – «англсаксондар тілінен енген», “OHG”(Old High German) – «Германияның оңтүстігін мекендеген ежелгі герман тайпалары тілінен енген» деген белгісі бар сөздерге үңіле қарау керек. Мысалы, Британияға англосаксондар әкелген «tin» сөзі ағылшын этимологы Эр­нест Уиклидін төркіндетуі бойынша қазақ тіліндегі «тиын, ұсақ ақша» деген ұғыммен өте жақын үндесіп тұр: “tin AS tin for slang sense of money, said to have been first applied to the thin-worn silver coinage of the 18 cent. Recalled in 1817, cf. Brass...”. Мұнда Е.Уикли «tin» сөзінің ағылшын тіліне «англсаксондар тілінен енгенін, ауызекі тілде ол «ақша» деген мағына беретінін, XVIIІ ғасырда «tin» атаулы ұсақ күміс ақша болғанын айтады. «Тиын» сөзі ежелгі түркі тілдерінде «металл», «темір» мағынасында қолданылғандығын қазақ тарихшылары да растайды. Бүгінгі күні «tin» сөзі ағылшын тілінде, негізінен, «қалайы», «консервіленген тамақты сақтайтын қал­быр» деген мағынада қолданылады. Бі­рақ ауызекі сленгіде «tin» сөзі «ақша», «байлық» деген мағынада да қолданылады. «Tin Lizzy» − «арзан автомобиль», «not worth a tinker’s damn» − «құны көк тиын», «straight from the tin» – «түпнұсқа», «жап-жаңа» деген фразеологизмдер де бар. Жоғарыда аталған этимологиялық сөздікте автор aғылшын поэзиясының ақсақалы атанған ақын Джефри Чосердің (Geoffrey Chaucer, 1340-1400) «Кентербери әңгімелері» (The Canterberry Tales) атты поэмасынан үзінді келтіріп: “But ther-of sette the millere nat a tare” деген жолдағы «tare» деген сөздің төркініне үңіледі: «tare plant, a small seed. Later (1388) in the sense of kind of vetch, and used in the second Wyc» дейді. Яғни «таренің» майда дәнді дақыл екенін, оның англсаксондар тілінен енгенін, кейіні­рек, 1388 жылдардан бастап бұл сөздің бұр­шақ тұқымдас өсімдік «сиыр жоңышқа», «үйбидайық» деген мағынаға ауысқанын, «таре» туралы Тәураттың екінші Уиклифт ( «used in the second Wyc») нұсқасында да жазылғанын айтады. Осы мағлұматтар «tare» қазақтың «тары» сөзінің түп-төркіні емес пе екен деген ойға жетелейді. Ежелгі ағылшын тілінде «tare» /tar/ деп айтылған. Оның үстіне екі тілдің де ежелгі қабатында масайтатын ішімдікті «booze» – боза дейді. Ал ол, негізінен, ашытқан тарыдан жасалады. «Booze» сөзі де ағылшын тіліне ежелгі герман, яғни саксон тілінен енген. Түркі тілдеріне туыс боп келетін моңғол тілінде де «дәнді дақыл» деген ұғымды білдіретін «тариа» деген сөз бар. “Тin” де, “tare” – бағзы заманнан қолданыстағы сөздер. Бірі адамның күнделікті азығы болса, екіншісі – құрал-сайман, қару-жарақ жасаған, келе-келе тауар алмасу құралына айналған құнды заты. (Жалғасы бар) Үрила КЕҢЕСБАЕВА, зерттеуші, аудармашы

8896 рет

көрсетілді

79

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9346

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7406

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5148

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4529

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4494

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4453

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4181

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы