• Тіл
  • 18 Тамыз, 2010

Білікті үйрете білудің белесі

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік тіл саясатының тағдыры тұғырына қонды деп нық сеніммен айта аламыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқы қазіргі кезеңде қоғамымызды біріктіру факторы, елдігіміздің нышаны − мемлекеттік тілімізді қолдау керектігіне көз жеткізді. Сондай-ақ елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың ана тілдері де мемлекет тарапынан қолдауға ие болуда. Осыған орай тіл саясаты нормативтік базаны жетілдіруді қажет етеді. Осындай игі дәстүрдің негізінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасы қабылданды. Бұл құжатта халықтың, мемлекеттік қызметшілердің тіл саясаты жөніндегі көптеген көкейтесті мәселелері қам­тылған, мемлекеттік тіліміз бен өзге де тілдерді қолдау, қолдану және дамытудың тиімді де қолайлы жолдары қарастырылған. Ендігі кезеңде тіл саясатын реттейтін өзге де нормативтік актілер өз кезегін күтуде. Аталған құжаттарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салиқалы, сабырлы іс-қимылды қажет ететін салалардың бірі – тіл саясатын ары қарай тың серпінмен жалғастыру мүмкіндігіне ие боламыз деп ойлаймын. Қай мемлекетте болмасын тіл мәселесі ыждаһаттылықты талап етеді. Әсіресе, біздің еліміздей көп ұлтты мемлекетте бұл өте маңызды. Сондықтан да Елбасымыз тіл саясатын жүргізуде сарабдалдық танытып келеді. Президент мемлекеттік тіліміз − қазақ тілін төрге оздыруды кезең-кезеңмен жүзеге асыра отырып, қолданыс аясының кеңеюін мақсат тұтып отыр. Осыған орай тілдерді дамытудың құқықтық негізі де орнықты және олардың тілдік ахуалды жақсарту бағытында біршама жемісті қызмет еткені де аян. Бүгінгі талқыланып отырған бағдарламаның алтын өзегі – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың негізгі ұйытқысы саналатын мемлекеттік тілді дамытудың тың бағыттарын қолмен қойғандай айқындаушы құжат екені даусыз. Ендігі мақсат – қазақ тілін балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-кәсіпкерлік саланың барлығында жаппай қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмір қажеттілігіне айналдыру екендігі айқын аңғарылады. Бұл орайда аталған нәтижелерге қол жеткізу 4 негізгі мақсат шеңберінде топтастырылған. Бірінші мақсат – мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы екендігін нығайту жолдары. Бағдарлама жобасында мемлекеттік тілді меңгеру мен оны оқытудың бірыңғай стандарттарын енгізу мақсатында беріліп отырған тіл меңгерудің 6 деңгейлі жүйе­сі халықаралық тәжірибе тұрғысынан сарапталған толымды дүние деген ой туындайды. Сондай-ақ осы шараны жүзеге асыратын шарттар: қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелері желісін кеңейту және қазақ тілі оқытушылары мен мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері де басты назарға алынған екен. Жобада оған қосымша сынақ, біліктілік орталықтары желісін құру да көзделген. Өйткені тіл меңгерудің басты шарты – оны білікті үйрете білу екені белгілі. Мені ұстаз ретінде осы жайт қуантты. Ал дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты атты үшінші мақсат ең алдымен терминология мен ономастика саласындағы жұмысты жақсарту арқылы қазақ тілінің лексикалық қорын одан әрі жетілдіру мен жүйеге келтіру жөніндегі шаралар жүйесін іске асыруды көздейді. Бұл орайда Мәдениет министрі атаулар беру үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет деген ұстанымға баса назар аударды. Аталған бағытта мемлекеттік терминологиялық комиссияның құрамын жаңарту, оның мәртебесін көтеру, терминологиялық сөздікті Үкімет қаулысымен бекіту, жер-су атауларын өзгертумен айналысатын ономастикалық комиссияның жұмысын реттеу және оның ашықтығын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады. Ең бастысы, ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп-өркендеуіне үлес болып қосылатын бағдарлама жобасы жасалды деп айтуға толық негіз бар сияқты. Алайда алда бір ай мерзімде осы бағдарламаны халық арасында, баспасөзде, зиялы қауым арасында, түрлі оқу орындарында жан-жақты талқылау міндеті тұр. Дегенмен бағдарламада көтерілген міндеттердің талапқа сай жүзеге асуына қазақтілді қауым ерекше мүдделі. Кезек қазақ тіліне бей-жай қарамайтын жұртшылыққа тиіп отыр. Нұрлан Толқынбаев, Қостанай заң академиясының мемлекеттік және әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі

3048 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы