• Тіл
  • 26 Тамыз, 2010

Үлкен іске үн қосу керек

Жуырда Алматы қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасының» жобасын талқылауға арналған мәжіліс өтті.

Бұл басқосу – қоғамдық ұйымдар тарапынан тіл туралы мемлекеттік бағдарламаны талқылауға арналған алғашқы жиындардың бірі. Аталмыш шараға түрлі саладағы тіл жанашырлары бас қосты. Бағдарлама жобасын талқылауда сөз алған «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы: «Бағдарламаның аты дұрыс емес. Тілді дамыту емес, қолдану аясын кеңейту деген жөн. Осы кезеңге дейін осындай онжылдыққа арналған 2 бағдарлама қабылданды. Енді тағы онжылдыққа жасап жатырмыз. Он жыл деген тым ұзақ. Шараларды бес жылға сыйғызайық», − деген ұсынысын білдірді. Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры Шәмша Беркімбаева шетелдердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, көпшілік мемлекеттерде мемлекеттік тіл туралы арнайы заңдары барлығын атап өтті. Тіпті Ресейдің өзінде «Мемлекеттік тіл туралы» заңы, «Орыс тілі» деп аталатын федеративті бағдарламасы бар екен. Ш.Беркімбаева жиналған қауымға Үкіметтен «Мемлекеттік тіл туралы» Заң қабылдауды сұрауымыз керек деп ашық пікірін жеткізді. Талқылау барысында бағдарлама жобасы туралы көптеген қадау-қадау ойлар айтылды. Жиынның соңында тіл жанашырлары жұртшылықты, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерін бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс білдіруге шақырған Үндеу қабылдады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Төралқасы кеңейтілген мәжілісінің Қоғамның қалалық, облыстық, аудандық және бастауыш бөлімшелеріне, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарға және жалпы тіл жанашырларына арнаған ҮНДЕУІ Еліміз тіл туралы мемлекеттік саясаттың шешуші кезеңіне аяқ басып отыр. Оның дәлелі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жобасының жұртшылық талқысына ұсынылуы. Әлбетте, жұртшылықтың бұл бағдарламадан алдыңғы бағдарламаларға қарағанда мазмұны жағынан да, қамту ауқымы жағынан да, іске асырылу тетіктері жағынан да елеулі айырмашылықтар күтетіні заңды. Бұл – өмір шындығы мен заман қажеттігінен туындап отырған орынды талап. Өйткені елде мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының үлес салмағы ресми мәліметтер бойынша 63 пайыздан асты. Соңғы жылдар әлетінде жүргізілген халық санағында бірқатар азаматтарымыздың қамтылмай қалғанын және қазақ тілінде сөйлеушілер қатарына түркі халықтары өкілдері де кіретінін ескерсек, бұл санның әлдеқайда қомақты болып шығатыны түсінікті. Сонымен бірге орта мектептерде қазақ тілінде білім алатын оқушылардың да үлес салмағы басымдыққа ие болып отырғаны және бұл үрдістің ары қарай қарқынды жалғаса беретіні сөзсіз. Сондықтан аталған жайттар елдегі тіл саясатына түбегейлі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Жұртшылық талқысына ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасында қоғамда қалыптасып отырған тілдік ахуал және оны оңалтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі біршама қамтылған. Десек те, оны жетілдіретін, кеңейтетін, нақтылайтын тұстары баршылық. Еліміздің заң шығармашылығы саласында орнығып, әлі күнге көбесі сөгілмей келе жатқан теріс әдет бұл бағдарламаны да айналып өтпепті. Осынау жағымсыз үрдістің етек алуына тосқауыл қоюы тиіс бұл құжатта мұндай олқылықтың орын алмағаны жөн деп санаймыз. Мемлекеттік бағдарламада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының он жылдан бері айтылып келе жатқан көптеген ұсыныстары мен пікірлері негізінен ескерілген. Дегенмен бағдарламаның ұзақ жылдарға бағытталғанын ескере отырып, әлі де ойланатын, жетілдіретін жақтары бар екенін жадымыздан шығармағанымыз жөн. Осыған орай мемлекеттің тағдырына бейжай қарамайтын тіл жанашырларын, еліміздің болашағы – жастар ұйымдарын, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік бағдарламамен мұқият танысып, өз пікірлері мен нақты ұсыныстарын беруге шақырамыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жергілікті ұйымдары осы мәселені талқылауға арнап жиын өткізіп, өз ұсыныстары мен ойларын Қоғамның және тиісті мекеменің электронды почталарына жібергендері жөн. Өйткені мемлекеттік бағдарламаның талқылау мерзімі шектеулі. Сондықтан берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланудан қапы қалмайық, ағайын! Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқасы

2713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы