• Тіл
  • 09 Желтоқсан, 2010

Ономастика тұғыры – ұлттық мүдде

d182d0b8d0bb3Конферен­цияға ҚР Мәде­ниет министрлігі Тіл коми­те­тінің қызметкерлері, облыстық, қалалық Тілдерді дамыту басқармаларының бастықтары, басқармалардың оно­мас­тикаға жауапты мамандары, ономастика саласын зерттеп жүрген ғалымдар, Алматы облысының аудан, қала әкімдері, ау­дандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, республикалық, об­лыстық, қа­лалық газеттердің бас редакторлары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Талдықорған қаласында Қа­зақстан Республикасы Мә­дениет минис­трлігінің Тіл ко­митеті мен Алматы облысы әкімдігі­нің ұйым­дастыруымен «Қазақ ономастикасы: басым бағыттар мен үлгілі үр­діс­тер» атты халықаралық ғылыми-теория­лық конференция болып өтті.

Конференцияда Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов құттықтау сөз сөйлеп, облыстың бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын тілге тиек етті. Әсіресе, тіл мәселесіне арнайы тоқталды. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл ко­митетінің төрағасы Бауыржан Омаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Ол тіл саясаты және ономастикадағы ұлттық мүдде жөнінде сөз қозғады. Пленарлық отырыста ҚР Парла­мен­ті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл «Ономастика тұғыры – ұлттық мүдде» тақырыбында баяндама жасады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титутының дирек­торы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құр­манбайұлы баяндамасында тілдік проблемаға, қазақ­тың аты-жөнін дұрыс жазу мәселесіне назар аударды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Зиябек Қабыл­динов «Респуб­ликамыз­да оно­мастикалық жағ­дайдағы негізгі механизмді дамыту» тақырыбында ма­ңызды мәселе қозғады. Осы университеттің жалпы тіл білі­мі ка­федрасының профессо­ры, филология ғы­лымдары­ның кандидаты Гүлнар Көл­деева ономастикадағы педа­гогикалық ерекшеліктер жө­нінде айтты. Шетелден келген қонақтар да өз пікірлерін ортаға салды. Көршілес қыр­ғыз елінен келген академик Абдылдажан Ақматалиев «Оно­мастикадағы жаңа Манас есімі» атты тақырыпта сөз сөйледі. Түркиялық Шабан Ай­доғдының «Анадолыдағы жер атаулары» атты баяндамасы да өзектілігімен ерекшеленді. Облыс орталығындағы Тіл сарайында секция жұмысының екінші кезеңі өз жалғасын тапты. Секция «Ұлттық ономастика жүйесін зерттеудің негізгі аспектілері» тақырыбында өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Шерубай Құрманбай­ұлы секцияны жүргізді. ҚР Үкіметі жа­нындағы мемлекеттік ономасти­ка комис­сиясының «Ономастикалық хабаршы» бюллетенінің бас редакторы Сабыржан Шүкірұлы «Ономас­тика және ұлттық сана тәрбиесі», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан уни­верситетінің доценті, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты Бердібек Бияров «Шығыс Қазақстан топоним жүйесін реттеу жолдары» атты тақырыптарда баян­дама жасады. ҚР Білім және ғылым министрлігі География институтының аға ғы­лы­ми қызметкері Сламқұл Әбдірах­мановтың «Қазақстан топо­ни­ми­касының мемлекеттік каталогы мен картасын әзірлеу барысындағы мәселелер» баяндамасы мазмұн­дылығы­мен құнды болды. «Ақиқат» жур­налының бас редакторы, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты Мұхит Салқынбаевтың «Жер-су атауларына ұлттық келбет керек», М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институ­ты директорының орынбасары Ақжігіт Әлібекұлының «Көне түркі жазуларындағы жер-су атаулары» деген тақырыпта жасаған баяндамалары сәтті шықты. Қырғыз Республикасы Ғылым академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты­ның аға ғылыми қызметкері Малина Қасымгелдиева және т.б. ғалымдар баян­дама жасады. Тарих ғылымдарының док­торы Зиябек Қабылдинов же­текшілік еткен екінші секцияда да баяндамалар жасалып, пікір алмасылды. Облыстық тіл басқармасының бастықтары сөз сөйледі. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров конференция жұмысын қо­ры­тындылады. Конференцияда көтерген мә­селелер бойынша қарар қабылданды (Аталған конференция жөнін­дегі материал газетіміздің келесі нөмірінде жарияланады). Нұрлан ҚҰМАР

3876 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы