• Ақпарат
  • 10 Ақпан, 2009

Әкімдер мультфильмде жүр

Шымкенттік аниматорлар мультфильм түсірді. Бұл мультфильмнің бас кейіпкері – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 Аталған жобаның идеясы Пекин олимпиадасына дейін  пайда болған сыңайлы. Отандық спортшыларға жанкүйер болған Елбасының даусын салатын әртісті әрең тапқан. Ол алматылық Дәркен Есембеков деген жігіт болды. Ал жобаны қаржыландырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Нұрғали Әшімов мультфильмдегі өз даусын өзі оқыған. Бүгінде 12 минуттық туынды Қытай астанасына аттанып кеткен. Елбасының өзі оң бағасын берген бұл мульфильмнің соңы аспанасты елінде қазақ елінің абыройын асқақтатқан қазақ спортшыларының жеңісімен аяқталады.

2601 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы