• Мәдениет
  • 23 Ақпан, 2009

«Жан жүрегім – Астана» жарыққа шықты

Астананың 10 жылдық мерейтойы бейнеленген «Жан жүрегім – Астана» фотоальбомы жарыққа шықты. Дүйсенбі күні Елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов аталған кітаптің тұсауын кесті. Альбомда 2008 жылы маусымның 30-ы мен шілденің 6-сы аралығында Астанада өткен мерекелік іс-шаралардың суреттері топтастырылды. Енді Астананың мерейтойы туралы осы сырлы суреттер сөйлетін болды. Кітапта «ресми іс-шаралар», «жаңа объектілердің ашылу салтанаты», «концерттік және театрлық алаңдар», «әлеуметтік жобалар», «спорттық шаралар», «жаңа саябақтардың, ескерткіштердің ашылуы» бөлімдері бар. «Жан жүрегім – Астанада» елорданың он жылдығын тойлау кезіндегі қаланың айшықты көріністеріне ерекше мән берілген. Тарихи құжат болып саналатын кітап қаланың барлық мектептеріне таратылады. Бүгінде фотоальбом 3 мың таралыммен ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді. Сонымен қатар Елордамыздың мерейтойына ерекше тағы бір тарту – «Астана» энциклопедиясының жарыққа шығуы. Бұл еңбекте қазақтың бас қаласының табиғатынан бастап бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы да мәліметтер енгізілген. Көз жауын алатын әдемі мұқабамен қапталып, мазмұнды мәтінмен өріліп оқырманға ұсынылып отырған басылымның қазақ тарихында қосар үлесі де мол.

3414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы