• Қоғам
  • 14 Шілде, 2021

ВАКЦИНАЛАНҒАН ЭЛИТА

ЭЛИТА  ДЕГЕНІМІЗ КІМ?

Наурыз айында елімізде коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар пайда болған кезде, үй ішінде менің 90 жастағы әкеме вакцина алу қажеттілігі мәселесі туындады. Қарт адамға, одан бөлек созылмалы аурулары бар кісіге вакцина алу оңайға соқпас. Сондықтан біз оған вакцина салмау туралы шешім қабылдадық, бірақ оның айналасындағыларға вакцина алуды өтіндік. Бұған оның жақын көмекшілері, қызметкерлер – ғалымдар, оқытушылар, лаборанттар,  ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеп келе жатқандар еш ескертусіз барған болатын. Олар әкеме келгенде масканы әрқашан дұрыс тағып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға тырысады. Бұл деген олардың менің әкеме деген құрметінің көрінісі. Менің мұндай қамқорлық үшін оларға алғысым шексіз. Мен үшін олар нағыз элита – білімді, ізгі адамдар. Мен осылайша адамдардың, өздерінің егде жастағы ата-аналарына және белгілі бір себептермен өздерін вакцинаның көмегімен қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдарға осылай қара­ғанын қалаймын.

Жақында супермаркетті аралап жүргенімде бір жайтқа куә болдым: күзетшілер Ashyq қосымшасынан қызыл белгі көрсеткен адамға кіруге жол бермей тұр. Әлгі адам дүкенге кіруге тырысқанымен, күзетшілер оның басқа адамдарға және мекеменің қыз­меткерлеріне ауруды жұқтыруы мүмкін екенін түсіндіріп, өз де­гендерінде тұрып алды. Мен күзет­шілерден осы инфекцияны әлгі тасымалдаушыдан жұқтырып аламын ба деп қорықпайсыз ба деп сұрағанымда, олар вакцина салдырғандарын мақтанышпен айтты. Бұл батыл, әлеуметтік жауапкершілік қағидат­тарын мүлтіксіз орындайтын элита.

Өткен жылдың соңында Ресей алғаш рет Sputnik-V-ді мақұлдаған кезде, байланысы бар адамдар осы тиімді екпені алу үшін Мәскеуге барды. Қазақстанда осы екпе пайда болған кезде, менің көптеген достарым мен таныстарым асыға күткен вакцинаны тезірек алуға көмек сұрады. Олардың кейбіреулері Форбстың тізіміне енген өте дәулетті және ықпалды бизнесмендер. Олар өз ниеттерін ковидті жұқтырудан қорқатындықтарымен және  мұн­дай жағдайдың қайталануын қаламайтындығымен түсіндірді. Иә, сеніңіз, вакцинаны алу үшін Bentley, Porche, жеке ұшақтардың иелері кезекте тұр. Оларды да элитаға жатқызуға болады.

Менің көптеген әріптестерім мен туыстарым – дәрігерлер мен мұғалімдер, кәсіпкерлер мен үй шаруасындағы әйелдер, заңгерлер, зейнеткерлер мен студенттер табыс деңгейіне қарамастан, вакцина алып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтайды. Әрине, барлығы емес, бірақ осы ойды ұстанатындар өз денсаулығы мен қоршаған ортаның әл-ауқаты үшін саналы түрде таңдау жасайды. Вакцина салдыруды шешіп, олар алдын-ала ескертулер іздеуге тырыспайды, өйткені олар екпесіз өздерін және басқаларды қауіпті салдары бар ковидпен жұқтыру қаупіне ұшырататынын түсінеді. Мен үшін бұл адамдар нағыз парасатты ойлайтын – элита.

ҚАЙШЫЛЫҚТАР

Күні кеше, мен бизнес-орталықта лифтпен көте­рілгенде, иегіне тор бетперде таққан ханыммен кездестім. Мен мұндай «маска» ковидтен қорғай ма деп сұрағанымда, ол торды мұрнына тартып алды да, екі минуттың ішінде маған қастандық, чиптер, адам құқықтары және т.б. т­уралы естігендерінің бәрін анықтап айтып берді және сонымен бірге оған осындай немқұрайды сұрақ қойғаны үшін мені айыптауға тырысты. Оған жауап қайтарып, түсініктеме берудің қажеті жоқ: бұл категориядағы адамдар маған жақсы таныс.

Көктемде, қаладан тыс жерде, жанып тұрған баллондардың сасық улы иісі ауаға жайылды. Сөйтсе, көршіміз моншаны осылай жаққан болып шықты. Оған барып, мұндай монша оның денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян тигізеді деп сендіруге тырыстым, өйткені жанған баллондарда улы заттардың мөлшері көп. Содан кейін, мен одан вакцина жайлы сұрадым. Ол вакцина салдырмайтынын айтты, өйткені оның сөзінше денесінің тазалығын бұзатын қауіпті токсиндер вакцинада көп екен. Осындай кісіні жай адасқан деп жіктеуім екіталай.

 

КҮМӘНДАНЫҢЫЗ

Көптеген адамдар вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін жақсы түсінуге тырысатындықтан, олар күмәнданатынын білемін. Күмәнділік, әсіресе денсаулығыңызға келген кезде қажет. Сізге антибиотиктер немесе басқа дәрі-дәрмектер тағайындаған кезде, салынған парақшаларды мұқият оқып шығуыңыз керек. Көптеген дәрі-дәрмектердің қарсы көрсеткіштері бар. Сондай-ақ «қарапайым» желілік сатушылар «итермелейтін» тағамдық қоспаларда да бар. Жылыту маусымы кезінде, сіз газдалған қаланың көшелерімен жүргіңіз келетіндігіне де күмәнданыңыз – мұндай серуендеудің бес минутында сіз, мөлшері дәрі-дәрмектердегі, вакцинадағы, тағамдарыңыздағы, тағамдық қоспалардағыдан бірнеше есе көп болатын көптеген улы заттармен тыныс аласыз.

Алайда, егер сіз қаладан тыс жерлерде серуендеуге шықсаңыз және тағамдық қоспаларсыз, көптеген дәрі-дәрмектерсіз толық өмір сүре алсаңыз, пандемияны саны жеткілікті адамдар вакцина салдырмаса  жеңе алмаймыз. Біздің планетамыз COVID-19 пандемиясымен ауыратын ауыр науқас деп елестетіп көрейік. Сонымен қатар ғалымдар оған қарсы тиімді дәрі ­тапты, оның аты екпе, дәлірек айтсақ, бұл бірнеше түрлі вакциналар. Планетаны сауықтыру үшін осындай вакцинаны қажетті мөлшерде алу керек, атап айтқанда, адамдардың үштен екі бөлігінен астамы вакцина алуы тиіс. Бұл толықтай шешілетін міндет, оның шешімі тек өзімізге байланысты.

Сіз әлі де күмәндана бересіз бе және сізде әлі де жауапсыз сұрақ  бар ма? Коронавирус, әсіресе Үнді штаммы және түрлі вакциналар туралы менің алдыңғы жазбаларыммен танысыңыз. Мен 40 жыл бойы ғылыммен айналысып келемін және өз дәлелдерімде тек ғылыми негізделген дереккөздерге, сондай-ақ әлемнің жетекші академиялық орталықтарында жұмыс істейтін ғалымдардың пікірлеріне сүйе­немін. Мен бұл ақпаратты қол­же­тімді және түсінікті түрде жеткізуге тырысамын.

Вакцинацияға қарсы адамдардың негізсіз қауесеттеріне және болжамдарына сенбеңіз. Ғылыми шындыққа ғана сеніңіз. Вакцинация – барлығымыз бірге осы қорқынышты пандемияны жеңудің, еркін болудың, сөйлесу, жұмыс істеудің, саяхаттаудың жалғыз шешімі. Осындай жағдайда ғана біз балаларымы бен немерелерімізге қайтадан мектепке баруға мүмкіндік береміз және ковидтің кесірінен ата-анамыздан, бауырларымыздан, апаларымыздан және жақындарымыздан айрыламыз деп қорықпайтын боламыз.

Вакцина салдырыңыз. Жаңа, білімді, парасатты ойлайтын, әлеу­меттік жауапкершілікті ұстанатын – элита болыңыз. Өзіңізге және жақын­дарыңызға қамқорлық танытыңыз.

Алмаз ШАРМАН,

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі

1619 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы