• Қоғам
  • 11 Тамыз, 2021

БЕДЕУЛІК ПЕН БЕЛСІЗДІКТІҢ ЕМІН БІЛГЕН МАМАНДАР

Бедеулік – денсаулық сақтаудың жаһандық проблемасы. ДДҰ-ның 2004 жылы жүргізген демографиялық зерттеулерінің мәліметтеріне сүйенсек, дамушы елдерде репродуктивті жастағы 186 миллионнан аса, некеде тұрған немесе тұрмаған әйел бала туу проблемаларын бастан кешіп отыр, бұл шамамен 15-49 жас аралығындағы әр төртінші ерлі-зайыптыларда кездесетін мәселе деген сөз. Көптеген дамушы мемлекеттерде және өтпелі экономикалық елдерде баласыз немесе балалы бола алмайтын адамдар мен ерлі-зайыптылар қатты стигматизацияға, қорқыныш, ұят және әлеуметтік асқынуларға тап болады. Бедеулік неке мәселесіндегі маңызды мәселе, осы мәселенің оңтайлы шешімі ретінде 1978 жылы Ұлыбританияда сәтті жүргізілген in vitro  ұрықтандыру процедурасының көмегімен бедеулікпен ауыратын науқас дүниежүзінде тұңғыш рет баланы дүниеге әкелді. Луиза Браунның дүниеге келуі Репродуктивті медицинаның ­дамуына серпін берді. Британдық репродуктолог Роберт Эдвардстың жетістігіне 2010 жылы ­Нобель сыйлығын берді. Қазақстандағы алғашқы ЭКҰ зертханасы 1995 жылы Алматыдағы Адам репродукциясы қалалық орталығында ашылды, ал бір жылдан кейін алғашқы бала дүниеге келді. Ашылғаннан бастап, жалпы ауқымы 25 жыл ішінде қазақстандық репродуктология ВРТ дамуында үлкен табыстарға қол жеткізді және әлем бойынша алдыңғы шепке шықты. Нақ осы ірі ғылыми жетістіктер қазақстандық репродуктивтік медицина пионерлерінің үлкен ғылыми еңбегін 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылым мен техника саласы бойынша мемлекеттік сыйлық беруге ұсынылған және жалпы талқылау үшін алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар тізіміне енгізу үшін негіз болды.        

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор В.Н.Локшиннің жетекшілігімен ­танымал ғалымдар мен тәжірибе алушылардың ұжымдары орындаған «Экстракорпоральды ұрықтандыру – Қазақстандағы бедеулікті емдеудегі жаңа дәуір» жұмысы қосалқы репродуктивті технологиялар саласында 25 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан бірнеше клиника мен зертхана қызметкерлерінің үлкен ұжымдық еңбегі. Бедеулік салдарынан баласыз некені диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша жұмыстың әлеуметтік, ғылыми және медициналық маңыздылығын асыра бағалау қиын. Авторлар медициналық ғылым мен денсаулық сақтау, психология, генетика, молекулалық медицина, эмбриология және тіпті экономика саласындағы жаңа технологияларды ұсынды, сынақтан өткізді және сәтті енгізді, репродуктивті жүйе мен бедеулік патологиясын тиімді және қолжетімді емдеу мүмкіндігіне ғылыми баға берді. Отандық ауқымды зерттеудің авторлары Қазақстанда бедеуліктің таралу жиілігін және оның әртүрлі нысандарын анықтады, оны әртүрлі әдістермен, оның ішінде қосалқы репродуктивті технологиялардың (ВРТ) көмегімен емдеу қажеттілігін ғылыми негіздеді.   Авторлар ерлер бедеулігінің әртүрлі күрделі түрлерін емдеуде жоғары тиімділікті көрсетті.  ИКСИ технологиялары (жұмыртқаға сперматозоидты интрацитоплазмалық енгізу), жыныс безінен сперматозоидты алу (TEZE), ИМСИ әдісі (6000 үлкейту кезінде ең белсенді сперматозоидты морфологиялық таңдау) көптен күткен жүктілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық репродуктологтардың ерлер бедеулігінің түрлі формаларын емдеу бойынша жұмыстары кеңінен танымал, елімізде және шет елдерде жарияланған. Қазақстанға басқа елдерден емделуге келетін пациенттердің ішінде бедеулікпен ауыратын науқастардың үлесі ең көп болып есептеледі.  Белсіздік пен бедеулікті диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл алгоритмдерін енгізу емдеу тиімділігі мен жүргізіліп жатқан диагностиканың дәлдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары мен практиктерінің қазақстандық репродуктологияға қызығушылығы жыл сайынғы қазақстандық репродуктивтік ­медицина қауымдастығының конгрестерінде айқын байқалады, оған АҚШ, Израиль, Испания, Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Ресей, Украина, Жапония жетекші медициналық клиникаларының 15-20 елінен 600-ден аса қатысушы қатысады.

Кеңестік кезеңнен кейін кеңістікте алғашқылардың бірі болып қазақстандық клиникалар имплантация алдындағы генетикалық скринингтің түбегейлі жаңа әдістерін енгізді, бұл 5 күндік эмбрионда барлық 24 хромосома жұбын зерттеуге және жатырға тек эуплоидты эмбриондарды (хромосомалық патология­сыз) тасымалдауға мүмкіндік берді.  Мұндай тәсілдер емдеудің тиімділігін едәуір арттыруға, хромосомалық патологиясы бар балаларды әуел бастан емдеуге мүмкіндік берді. Әріптестердің жүктілік кезіндегі эндометрияның рөлін зерттеу жұмыстары үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. Кавитирленген ерітінділерді қолдану арқылы созылмалы эндометриттің заманауи емі жатырдың факторының ВРТ( жасанды қолдан ұрықтандыру) нәтижелерінің әсерін жоққа шығарып, керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  Жұмыстың авторлары репродуктивті жүйенің бұзылуын диагностикалау мен емдеудің үйлесімді, дербестендірілген жүйесін құрды, нәтижесінде жүктіліктің жиілігі соңғы 10 жылда 30-дан 44%-ға дейін өсті. Елдегі  баласыз отбасыларда 25 мыңнан аса бала дүниеге келді. Жоба авторлары клиникалар жұмысының тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ВРТ тіркеуін жасады. Біздің еліміздің клиникаларының бұл жұмыстары 2009 жылдан бастап еуропалық ВРТ тіркеуіне енгізілді, сонымен қатар жоғары импакт-факторы бар беделді халықаралық журналдарда жарияланды.

ҚР ҰҒА академигі, профессор В.Н.Локшин ұсынған жоғарыда баяндалған және ғылыми негіздеме 2010 жылдан бастап ТМККК қаражаты есебінен ЭКҰ бағдарламаларын қаржыландыруды бастауға негіз болды, ал кейін ӘМСҚ бюджетіне кірді. Квоталық бағдарламалар саны 10 жылда 10 есе өсті, ал 2020 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКҰ-ға бөлінетін квоталар санын 7000-ға дейін ұлғайтуды көздейтін «Аңсаған сәби» бағдарламасын жариялады. Бұл отбасы институтын нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту, еліміздің сенімді болашағы үшін маңызды оқиға. Дәрігерлерге мұндай сенім арту олардың әлемдік ғылым мен тәжірибе алмасудың үздік қалпына сәйкес келетін жұмысының ең жоғары сапада  көрсетілуінің нәтижесі екені сөзсіз.

Жоғарыда баяндалған мәліметтерге  сүйене отырып осы авторлар ұжымы, яғни репродуктивті медицина саласындағы әлемге танымал мамандар орындаған «Экстракорпоралдық ұрықтандыру – Қазақстандағы бедеулікті емдеудегі жаңа дәуір» жұмысы біздің еліміздегі денсаулық сақтау мен ­медицина ғылымын дамыту бағытында тәжірибелік маңызы бар екенін ерекше атап өткіміз келеді. Түйіндей келе, бұл атқарылған жұмыстар салмақты инновациялық ғылыми еңбек болып есептеледі және 2021 жылғы Ғылым мен техника саласы ­бойынша  Мемлекеттік сыйлықты алуға ешбір күдіксіз лайық деп санаймын.

М.АЛЧИНБАЕВ,

ҚР ДСМ бас урологы,

ҚР ҰҒА академигі, профессор,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

1617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы